Мал, малшылық туралы мақал-мәтелдер
«Мал, малшылық» тақырыбындағы 140 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Есі кеткен ешкі жияр, Ешкісімен есін жияр.
- Жазғы етте жасық жоқ, Қымыз аста қасық жоқ.
- Жайлауы жақсының әр бұта түбі бір кесек ет.
- Жақсы айғыр енесіне шаппайды.
- Жақсы ат – жанға серік, Жақсы ит – малға серік.
- Жаман атқа жал бітсе, жаныңа торсық байлатпас.
- Желген желісін біледі, Жортқан жүрісін біледі.
- Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.
- Жылқы – малдың патшасы, Түйе – малдың қасқасы.
- Жылқы – малдың патшасы.
- Жылқы еті жесең, тісіңе, жемесең, түсіңе кіреді.
- Жылқы құлыннан көбейер, ақша тиыннан көбейер.
- Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.
- Жылқының сүті – шекер, еті – бал.
- Көженің кенеуі бар, Қымыздың қызуы бар.
- «Көктемде бір тойдым, Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты.
- Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе?
- Кісінеген айғырдың үйірін көр, Шіренген жігіттің үйін көр.
- Қайтқан малдың қайыры бар.
- Қой еті – құрыш, жылқы еті – бұрыш.
- Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, «Ештеңені білмейтін момыным!» деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, «Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп. Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, «Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, «Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп. Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, «Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
- Қойдың қойдан несі артық, Қол басындай еті артық. Ерден ердің несі артық, Ойлап айтқан сөзі артық.
- Қойдың сүті – қорғасын, Қойды соққан оңбасын.
- Қойлы бай – қорлы бай, Жылқылы бай – сылдыр бай.
- Қонақ қойдан жуас...
- Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең, Аты жоққа қотыр тай тұлпармен тең.
- Қымыз қызулы, айран аяулы.
- Мал – адамның бауыр еті.
- Мал жақсысы – сиыр.
- Малдың нарқын иесі емес, базар айтар.
- Саулықтың жасы үлкен, Қошқардың басы үлкен.
- Семіз қойдың өмірі қысқа.
- Семіздікті қой ғана көтереді.
- Сыйыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді.
- Тай тулап үйірінен кетпес.
- Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.
- Тұлпар болар құлын мүшесінен белгілі.
- Тұлпар түбін табады.
- Түйе – шудасын, Жылқы – жалын, Сиыр – мүйізін төсейді.
- Түйе қонаққа сойылмайды.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ