Халық туралы мақал-мәтелдер
«Халық» тақырыбындағы 223 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Әйел ерден кетсе де елден кетпейді.
- Әйел қарызы байында, Ел қарызы биінде.
- Әйелің жаман болса, жұрттың тыныштығынан не пайда? Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
- Әке сені ер болсын дейді, Маңайыңа ел қонсын дейді.
- Әке үміті сенде, Тапсырады сені елге.
- Әкімдерден ғадалет тайса, Елдің пейілі тарқайды.
- Әкімнің ақысы болса, Қараның қақысы бар.
- Әкімі зұлым болса, елі азады.
- Әкімің дұрыс болмаса, жұрт бұзылады, саудаң дұрыс болмаса, нарық бұзылады.
- Әлем билеу үшін зерде тірек қой, Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.
- Әншейінде бұл жұрттың бәрі мерген, Жортады қараңғыда кәрі мерген.
- Әр елдің салты басқа, Иттері қара қасқа.
- Әр елдің түлкісін өз тазысымен аула.
- Әр сөзіңнің білім болсын сағасы, Білімменен үлкейер ел ағасы.
- Әсем мінез аққуды Айдын шалқар көлде көр. Жаны сұлу аруды Жадырай қонған елде көр.
- Әуелі Тәңір жерге береді, Жерге берсе, елге береді, Елге берсе, ерге береді.
- Баға білмеген мал әлек, Бағымы кеткен ел әлек.
- Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе, Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
- Байды Құдай атайын десе, Байталын атқа сатады. Жақсыны Құдай атайын десе, Өз елін жатқа сатады.
- Байлығы тайған бек Жұртсыз күн көре алмайды.
- Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді, Ер жігіт елін сүйеді.
- Балалы үйрек көлден кетпес, Баласы жас елден кетпес.
- «Балам» деген жұрт болмаса, «Жұртым» дейтін бала қайдан шықсын.
- Баланы жеріне бер, Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.
- Баланың сегізінде тісі түседі, Сексенінде ердің елге ісі түседі.
- Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
- Балаңды жұрт мақтаса, Бәрінен де сол сүйгі.
- Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.
- Барақ жүнді батырды Екі қатынның бірі табады. Ел билейтін асылды Мың қатынның бірі табады.
- Барлық қазақтың салты бір, Табиғаты бөлек.
- Бассыз – ел жетім. Балықсыз – көл жетім.
- Бастығы парақор болса, Бағынған елі пәлеқор болады.
- Басшы халқымен ұлық.
- Басшысыз жұрт болмайды, Қолбасшысыз әскер болмайды.
- Басшысын таппаған ел азады, Жолдасын таппаған ер азады.
- Басыңа бақ қонғанда, елден асқан данасың, басыңнан бақ тайғанда, қалыбыңа барарсың.
- Басыңа бақ қонғанда, Елден асқан данасың. Басыңнан бақ тайғанда, Қалыбыңа барасың.
- Батыр – елдің сәулеті, Бал құрақ – жердің сәулеті.
- Батыр даңқы – ел даңқы, Балық даңқы – көл даңқы.
- Батыр елшіл, тұлпар жершіл.
- Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз, Шешенсінген жігітті топ ішінде көрерміз.
- Бәйтерек басын күн шалса, Көлеңкесі жердікі. Артық туған ақылды Өмір бойы елдікі.
- Беде ексең, мал семіз, Егін ексең, ел семіз.
- Бейбітшілік – өмір тынысы, Байлық – ел ырысы.
- Бек тәтті өмірді сүйсе, Елдің күні қараңғы.
- Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол бір көл, Берекесі кеткен ел – суы ашыған бетпақ көл.
- Берекелі бұлақтың – Басы иілген талы болады. Берекелі халықтың – Белі иілген шалы болады.
- Берекелі елдің баласы – Бірі қанат, бірі құйрық, Берекесіз елдің баласы – Бірі аманат, бірі күйік.
- Бетегелі жерге мал тоқтайды, Берекелі елге бақ тоқтайды.
- Бетсіз болсаң, белгісіз боларсың, Белгісіз болсаң, елсіз қаларсың.
- Би болғаннан не пайда, Халыққа көмек болмаса? Шөлдегі оттан не пайда, Халайық көшіп қонбаса?
- Би болмаған би болса, Билемеген ел қоймас. Тобыршықтан би қойсаң, Бақайшықта май қоймас.
- Би болмасаң болма, Би түсетін үй бол.
- Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес, Кісі ақылы кісіге ақыл емес. Түнде ұры халықтың малын жесе, Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
- Бисіз ел – белдеусіз үй.
- Биі әділ болса, елінде бір дау болмас, Жаман биге барған адам сау болмас.
- Биікпін деп созба мойын, Биік атақ емес мойын. Жұртыңнан асып жатса ойың, Сен шығатын дөңес дайын.
- Бозбаланың бастаған елі оңбайды, Құралай бастаған киік оңбайды.
- Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.
- Болатын елдің баласы, Бірін-бірі «батыр» дейді. Болмайтын елдің баласы, Бірін-бірі «қатын» дейді.
- Болымдының баласы Он бесінде баспын дейді. Болымсыз елдің баласы Отызында жаспын дейді.
- Бөтен елде би болғанша, Өз еліңде шопан бол.
- Бұ қу тамақ талай елге апат боп, Жер қойнына кірген олар опат боп.
- Бұлбұл гүлінде сайрайды, Адал басшы ел-жұртын ойлайды.
- Бұлт шығып, жаңбыр жаумай елді алдайды, Әйелдің ғайлакері ерді алдайды.
- Бұрын айтылмаған білімді Жұрт сөзіңнен таниды.
- Бұтты былғаған жұртты былғайды.
- Бүлінген елден бүлдіргі алма.
- Біздің елде боқ жейтін қарғалар Бөтен елге келіп жыл құсы бола қалыпты.
- Білек түр де еңбек ет, Етек түр де елге жет.
- Білмес наданнан би қойсаң, Жұртыңды дауға алдырар.
- Білсең, халықтан озасың, Білмеген жамандар, мойның неге созасың.
- Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.
- Білім ел ішінде.
- Білім қадірін ер білсе, Ер қадірін ел біледі.
- Білімді жігіт еліне – ашылып есік, иіліп бесік болар.
- Білімділер халыққа бас, ес еді, Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
- Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар, Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар.
- Бір жақсы халыққа тұлға, Мың жаман тұрмайды пұлға.
- Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.
- Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір бөлек елді бір жаман ірітеді.
- Бір іс қылса, ақысын бер тіленбей: Ішкіз, жегіз, үлестіріп шүлендей. Ел ішінде сәл нәрседен пышырап, Атың жүрер жаман сөзге ұшырап.
- Бірді сепсең, жерге, Мыңды берер, елге.
- Біреуге елден береді, Біреуге жерден береді.
- Бірліктен ел құралар.
- Бірлікті ел бұзылмас.
- Бірінші би – халық, Екінші би – тарих.
- Бітуі жаман қамысты Су ішінде өрт алар. Жүрісі жаман адамды Ел ішінде жау алар.
- Гүлсіз жер – мұңды, Күлкісіз ел – мұңды.
- Ғалым бар дүниеде «дана» аталған, Білімі халық жолын нұрға малған.
- Ғалым елден күледі, Алым әлдекімнен күледі.
- Ғалым халық үшін көзін берсе, Батыр халық үшін өзін береді.
- Ғылым мен өнер желге емес, елге.
- Ғылымдық ұстағанға діннің зоры, Сопылық бұ заманда судың соры. Сопылық Қап тауынан арман асты, Бүгінде тегіс жетті жұрттың қолы.
- Дегелек келсе, жаз болар, Бала-шаға мәз болар.
- Екі торының өзгелігі жоқ, Игі жақсының бөтендігі жоқ.
- Ел сыйлаған есікте отырмас.
- Ел іші тентексіз, Мал іші індетсіз болмас.
- Елді сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның.
- Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ