Имандылық туралы мақал-мәтелдер
«Имандылық» тақырыбындағы 213 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Залымның дәулеті әулетіне бұйырмас.
- Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.
- Зорлықшыл зорлықтан қаза табады.
- Игі іс өлмейді, Ізгі ой өлмейді.
- «Илла, біллә» – арамның анты.
- Ит иесін қаппайды.
- Иттің де тәңірі бар.
- Кедейдің бақыты үкіде, үкінің кілті көкте.
- Кең болсаң, кем болмайсың.
- Кеудесі жақсылардың алтын сандық.
- Кешірерсің, кешерсің, Жетілерсің, жетерсің.
- Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
- Көңілі ашықтың қолы ашық.
- Көңілі ашықтың үні ашық.
- Куәлі істі куә табар, Куәсіз істі күмән табар, Одан болмаса, иман табар.
- Күмән иманнан айырар.
- Күш есіктен кірсе, Әділдік түндіктен шығады.
- Кінәлінің тілі қысқа.
- Кісісі буынып өлген үйде, Жіпті ауызға алмайды.
- Қадіріңді білгенге жұмса. «Ар ма?» деген – өлге қуат, «Бар бол!» деген – бәріне зият.
- Қазан қолыңды күйелейді, Жаман жүзіңді күйелейді.
- Қайғылы қаралыны жебеу ләзім.
- Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.
- Қайда барсаң да Қорқыттың көрі.
- Қайырымды жүрек қартаймайды.
- Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.
- Қайырымы жоқ байлықтан не пайда, Әділдігі жоқ бектіктен не пайда?
- Қансоқта жеген ит тоймайды, Пара алған би оңбайды.
- Қара қылды қақ жарған.
- Қарыздыда иман жоқ.
- Қасқырдың жылағаны Құдайдың құлағына жетпейді.
- Қол қолды табар, Шариғат жолды табар.
- Құдай – біреу, кезек – екеу.
- Құдай сұлу етпесе, бәрі бекер, Опа-далап бүгін жаққан ертең кетер.
- Құданы Құдай қосады.
- «Құлқуалламен» қойды құртты, «Ассалаумен» асты құртты, Енді жан-жағын қармауды шығарды.
- Құмырсқаның тасқа басқаны Аллаға аян.
- Қызыл бет ұятсыз.
- Мал сақтама, ар сақта.
- Малсыз болсаң да, арсыз болма.
- Малым – жаным садағасы, Жаным – арым садағасы.
- Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
- Менмен бай Құдайға да ауыз салады.
- Мысық тілеу.
- Нарым қымбат, Нарымнан арым қымбат.
- Нәпсі арды айыққызбайды.
- Нәпсі деген – пәле, Жанған отқа салар.
- Нәпсі тынса пейіл кеңір.
- Немене, айтып-айтпай, дүние шолақ. Адамның осы жүрген бәрі қонақ.
- Ноқталы басқа бір өлім, Ақыры бір күн келмей ме? Ажалдың соққан дауылы, Өмірдің шамы сөнбей ме?
- Нысап пен ұят – әділдіктен.
- Нысап сайын береке.
- Обал тұрған жерде сауап бар.
- Ождан – екі өмірдің азығы.
- Отыз күн оразаның бір айты бар, Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
- Отыз күн оразаның бір айты бар, Әр қылған жақсылықтың, бір қайты бар.
- Өзекті жанға бір өлім.
- Өзің әділ болмасаң, Өзгеден әділдік іздеме.
- Өлімге берер жаным бар, Пендеге берер арым жоқ.
- Өтірік ырысты байлайды.
- Пайғамбардың қасында шадияр кісі ме.
- Пасықта ұят, зұлымда опа жоқ.
- Пасықтың пиғылы лас.
- Пәк пенде пәлесіз.
- Пәле, жала жоламас, Ақ түйелі алтауға.
- Пәлеге – сабыр, қазаға – тәуба.
- Пәлегі таза қауынның, Түйнегі таза болады. Жүрегі таза адамның, Түйіні таза болады.
- Пейіл кетсе – ант атты.
- Пейілсіз берген ас кешке жетпес, Пейілді берген ас естен кетпес.
- Пейілі жаман кісіден күседі, Өз асын өзі жасырып ішеді.
- Пейіліңе қарай – пейішің.
- Пітінә адам – безбүйрек, Пәле тоқыр ішіне.
- Рух пен намыс – егіз.
- Садақаның асын сарқып іш.
- Садақаңды сауыңда бер, Ауырған соң пайда жоқ.
- Сақалыңа сенбе, Ар-ожданыңа сен.
- Сараң – саңырау.
- Сараң үйге кісің түспесін, Парақорға ісің түспесін.
- Сараңдық соңы – арамдық.
- Соқырда екі көз жоқ. Сараңда бір көз жоқ.
- Сорлының тамағын дүмшенің «Біссімілласы» тауысады.
- Судай тұнық, сүттей ақ.
- Сұлуды сүю – пайғамбардың сүннәті.
- Сұлулық жерден өніп, көктен жауады.
- Сұлулықтан да зекет алу керек.
- Сұлуынан жылуы.
- Сый сатулы, қаза қарулы.
- Сырты қара болғанмен, іші сара.
- Табиғат – тал бесік.
- Тал бесікке түскен жер бесікке де түседі.
- Тас лақтырғанға ас лақтыр.
- Таспен атқанды аспен ат.
- Тауда жүрген киіктің көзінен өзге айыбы жоқ.
- Тәкаппарды Тәңірі сүймес.
- Туғанына бұрғаны, Биді Құдай ұрғаны.
- Тумақ – парыз, өлмек – міндет.
- Тумақ болса, өлмек бар.
- Тумақ хақ, өлмек хақ.
- Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ.
- Тірі адамның наласынан, Аруақтың наласы жаман.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ