Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ел туралы мақал-мәтелдер

«Ел» тақырыбындағы 139 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Құдай күні қоңсыдан.
  2. Құдайдың бір аты – халық.
  3. Құдайдың қарғысына ұшырасаң да, Халықтың қарғысына ұшырама.
  4. Қыран бүркіт асырар ердің даңқын, Қыран жігіт асырар елдің даңқын.
  5. Менің атым Оғыз хан болар, Оны білмек баршаңызға парыз болар.
  6. Өз елімнің басшысы болмасам да, Сайының тасы болайын.
  7. Өз елін танымаған, Биге би болмас.
  8. Өз халқының қарғысын алған, Өзге халықтың алғысын алмас.
  9. Өкпеден соққан жел жаман, Елінен безген ер жаман.
  10. Өрісті жол елге жеткізер.
  11. Патша залым болса, жұрт тозады, Патша ғалым болса, жұрт озады.
  12. Рух өлмейді, көшеді.
  13. Сарттың жаманы «қазақ болам» дер, Қазақтың жаманы «сарт болам» дер.
  14. Төрелі жерге ел тоқтайды, Төбелі жерге мал тоқтайды.
  15. Төресі бар елдің, төбесі бар.
  16. Төресі мен төбесі бар ел алыстан көрінеді.
  17. Төресіз ел болмас, Төбесіз жер болмас.
  18. Тура ағаш – үйге тіреу, Тура жігіт – елге тіреу.
  19. Тірілігіміздің билігі «Арқар» ұранды төреде. Өліміміздің билігі «Алдияр» ұранды қожада.
  20. Ұзын елдің үйіріне, Қысқа елдің қиырына кетті.
  21. Үйге дәуіт кірсе, құт кіреді.
  22. Халық айныса, хан түзейді, Май айныса, тұз түзейді.
  23. Халық қартаймайды, Қара жер қартаймайды.
  24. Хан – бас, халық – кеуде.
  25. Хан – қазық, би – тоқпақ.
  26. Хан – қазық, қараша – азық.
  27. Хан – қарақшы, халық – сарапшы.
  28. Хан – халқының ұлы, Би – әділдік құлы.
  29. Хан ақымақ болса, халық күйзеледі.
  30. Хан кетсе – құт, келсе – жұт.
  31. Хан қасықтан қақса, Халық қасірет шегеді.
  32. Хан Құдай емес, Қара қурай емес.
  33. Хан табылар, қараша табыла бермес.
  34. Ханды Құдай ұрғаны – халқымен жау болғаны. Биді Құдай ұрғаны – билігі дау болғаны.
  35. Хандікі қазынада.
  36. Ханның ісі қараға түсіпті.
  37. Ханын сыйламаған ел азады.
  38. Шежіреден заман озбас, Озса да түбі тозбас.
  39. Шықсаң белге, көзің сал елге.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ