Егіншілік туралы мақал-мәтелдер
«Егіншілік» тақырыбындағы 205 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Көктемеде жерге түскен бір дән. Күзді күні мың дән болады.
- Көктен жауын жауады, Шөптен жұпар тамады.
- Көл жағалағанның, Көні кеппес.
- Көп жүрген жер – көл, Құм жүрген жер – шөл.
- Көрінген таудың алыстығы жоқ.
- Көше қаланың – Көркі. Көкорай – Даланың көркі.
- Күн сіркіресе – Көк дүркірейді.
- Күн шыққан соң суарған суды Күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды Жер жұтады.
- Күнде ертеңнің, Құдығы аршылмайды.
- Күріш азса, Күрмек болар.
- Күріш арқасында күрмек су ішер.
- Күріш, Күріш суымен ырыс.
- Күтімді егін бітімді. Бітімді егін түсімді.
- Кімнің жерін жайласаң, Соның отын оттарсың.
- Кімнің қайығына мінсең, Соның ескегін есерсің.
- Қабығы қатты жаңғақтың, Дәні тәтті.
- Қайраңы жоқ көлден без, Қайыры жоқ жерден без.
- Қайтқан күнде қайыр жоқ, Қу ағашта шайыр жоқ.
- Қайығына қарай ескегі, Қойына қарай кескегі.
- Қалың ағаштың Қисығы болмайды.
- Қар суының тасқынын, Қасқалдақ көрмес.
- Қара жерге қар жауар, Қарды көрген бір мұрат. Қара жерден қар кетер, Жерді көрген бір мұрат.
- Қарбыз, қауын – екі-үш ай сауын.
- Қатты жерге егін шықпас, Қаңғыған басқа білім жұқпас.
- Қатты күркіреген күн Тез ашылады. Қатты ашуланған адам Тез басылады.
- Қисық бұтаққа да, Қызыл жиде бітеді.
- Қолымен қоға жұлмаған, Аузымен орақ орады.
- Қос жүре түзелер.
- Қос қадірін жеккен білер, Жер қадірін еккен білер.
- Қосты жеге білмеген Тұқымды себе білмейді.
- Қу ағашқа ну ағаш – сүйеу.
- Құмнан құдық қазсаң, Шегенде. Қозым жатсын десең, Көгенде.
- Құстың жайын салған білер, Құдықтың жайын қазған білер.
- Қыс азығын жаз жина.
- Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла.
- Қыс қарлата, Дауылдата келсе, Көктем көлдете, Жауындата келеді.
- Қыста қысыл, Жазда жазыл.
- Қысына қарай көктемі, Диқанына қарай кетпені.
- Қысың қарлы болса – Жер семіз. Көктемің жаңбырлы болса – Дән егіз.
- Қысың қарлы болса, Жерің ылғалды болады. Жерің ылғалды болса, Еккенің нәрлі болады.
- Мал саусаң – сүт, Жер саусаң – құт.
- Мал семіз – Төл егіз. Жер семіз – Дән егіз.
- Малшы елдің баласы Құдық қазып ойнайды. Егінші елдің баласы Арық қазып ойнайды.
- Масақтың – дәні тәтті.
- Мезгіл жетсе, мұз ерір.
- Мұздан өтсең ағып өт Ойылғанша өтерсің. Судан өтсең сабыр ет Сарқылған соң өтерсің.
- Мың шыбық шаншып өсірсең, Халқыңа орман салғаның. Халқыңа орман салғаның Өзіңе қорған салғаның.
- Мінсіз дос болмайды, Мүлтіксіз қос болмайды.
- Нажағайдың көптігін қайтейін, Жаңбырдың жоқтығын қайтейін.
- Ойдағы үй – селдікі, Өрдегі үй – желдікі, Жазықтағы үй – елдікі.
- Орақшы – бір кісі, Комбайн мың кісі.
- Орман – Ел дәулеті, Жер сәулеті.
- Орман көп болса – олжаң көп.
- Орманды жерде отын көп, Шеңгелді жерде қотыр көп.
- Орманшы отынға жарымайды.
- От орнында күл қалады, Су орнында гүл қалады.
- Отты жаға білмеген Пықсытады. Шөпті шаба білмеген Қоқсытады.
- Отырықшы ел Егінін – ойлайды. Көшпелі ел Көлігін ойлайды.
- Өзен суға жарасқан Қамысы мен қоғасы. Кәрияға жарасқан Аузындағы тобасы.
- Өзен талымен көрікті, Өріс малымен көрікті.
- Өзен ұзақ ағады Бұлағы болса басында. Іздеген бақыт табады Жалықпаса жасында.
- Сабағы жаман дақылдың Дәні де жаман.
- Сағадағы су ішеді, Аяқтағы у ішеді.
- Сай қуалап су ағар, Жел қуалап от жанар.
- Сортаң жерге шөп шықпас, Шөп шықса да, көп шықпас.
- Соры бар жігітке, Сортаң жер кез болар, Айналасы ойпаң жер кез болар.
- Сөз сағасы – Құлақ, Су сағасы – Бұлақ.
- Су – семіз, От – арық.
- Су байлық – Алты айлық. Қар байлық – Үш айлық.
- Су бар жерде ырыс бар: Ұстап балық жейсің, Ақ бидай егіп, нанын жейсің.
- Су басынан тынады, Балық басынан шіриді.
- Су бергеннің – сауабы бар. Су төккеннің жауабы бар.
- Су жетпейін демейді, Жар жеткізбейді. Ер жігіт жетпейін демейді, Мал жеткізбейді.
- Су жүрген жер молшылық – Абат емей немене?! Жақсылардың сөздері – Қанат емей немене?!
- Су кетсе, тас қалады, Сүрме кетсе, қас қалады.
- Су ішетін арығы жоқ елдің Сүзіп алатын балығы жоқ.
- Судың терең, саязын Ағысынан білерсің. Аттың жақсы, жаманын Шабысынан білерсің.
- Сулы жер – Нулы жер, Бұлақты жер – Тұрақты жер.
- Сусыз жердің шөбі сұйық, Суайт адамның сөзі сұйық.
- Сусыз өмір жоқ, Отсыз темір жоқ.
- Суы бардың – буы бар.
- Сүмбіле туса, су суыр, Таразы туса, таң суыр.
- Таза болсаң, судай бол Бәрін жуып кетірген. Жақсы болсаң, жердей бол Бәрімізді өсірген.
- Тайпақ сай – тасқалақ, Сабырсыз жігіт – сасқалақ.
- Тамыры терең теректер Тамызда да қуармас. Тамыры көп жігітті Ешкім батып қузамас.
- Тары жеген – тарықпас.
- Тарылы Елге барсаң, Жарма жерсің, Балықты елге барсаң, Қарма жерсің.
- Тауға сүйенген, Таудай бәледен аман қалады.
- Таудың биіктігін төбе аңғартады. Маяның биіктігін көде аңғартады.
- Тәжірибелі егінші Еліменен кеңесер, Ел кеңесі аз десе, Жеріменен кеңесер.
- Теңіз кешкенге Өзен сирағынан да келмейді.
- Теңізді қасықтап төгіп Сарқа алмайсың.
- Терін төксе жеріне Жер тілеуін береді. Елін сүйген еріне Ел тілеуін береді.
- Толықсып аққан дария – Мейірбанды қария.
- Тұт ағаштың тұтын же, Тұтын жесең, күтіп же!
- Түнгі су – ну, Күндізгі су – бу.
- Тырс-тырс еткен тамшы Тасты теседі. Былш-былш еткен өсек Басты кеседі.
- Тікен гүлін қорғайды. Балқурай бүрін қорғайды.
- Ұрып саймен жүргенше Бұрып қырмен жүр.
- Шағала келмей жаз болмас, Шаңған болмай боз болмас.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ