Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дене мүшелері туралы мақал-мәтелдер

«Дене мүшелері» тақырыбындағы 207 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Аш тамағым, тыныш құлағым.
  2. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.
  3. Ашаршылықта Түйенің сіңірі де тәтті, Тоқшылықта Қозының құйрығы да қатты.
  4. Ашқарақ баланың көзі тамақта, Ақылды баланың көзі сабақта.
  5. Ашқарақ батасыз асқа қолын созады.
  6. Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес.
  7. Аштың қарны тойса да, Назары тоймас.
  8. Ашу адамның сүйегін қақтайды, Жүрегін таптайды.
  9. Ашу қысса, аузыңды жап.
  10. Ашулы басқа ақыл тұрмайды.
  11. Ашуың келсе, қолың тарт.
  12. Ашып аузын көріп, Басып арқасын көріп.
  13. Аю табанын жалап қоректенеді.
  14. Аяғыңды көрпеңе шақтап көсіл.
  15. Аяқ – азамат, қол – мүлік. Бас – сандық, тіл – кілт.
  16. Аяқ шаршаса, таяқ жарайды.
  17. Аяққа тартсаң, басқа жоқ, Басқа тартсаң, аяққа жоқ.
  18. Аямасқа аяғыңды сұқ, Айланып келіп таяғыңды сұқ.
  19. Аямасқа аяғыңды тық, Қайтып келіп, таяғыңды тық.
  20. Аяншақ көзге шөп түсер.
  21. Әдепсіз аяқ боқ басады.
  22. Әдепсіз бала – аяққа басылған шала.
  23. Әр жіліктің өз майы бар.
  24. Әркім қылса өзіне, Сүрме қояр көзіне.
  25. Әркімдікі өзіне, Ай көрінер көзіне.
  26. Әркімнің де бармағы өзіне қарап біткен.
  27. Әркімнің өз қолы – өзіне иілер.
  28. Бай бастас, Батыр құлақтас.
  29. Бай болсаң, баршаменен бетіңді сүрт, Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт.
  30. Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт, Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.
  31. Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт, Кедей болсаң, жаныңменен көтің сүрт.
  32. Бай болсаң, торғынменен бетіңді сүрт, Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт.
  33. Бақайшықты тастама, Бас бармақтай майы бар.
  34. Бақыт пен дәулетте көз жоқ.
  35. Бал татқан бармағын жалар.
  36. Бал тәтті деп бармақ жұтпа.
  37. Бал ұстаған бармағын жалайды.
  38. «Бал», «Бал» дегенмен аузы дәмді болмас.
  39. Бала – адамның бауыр еті.
  40. Бала – ананың бауыр еті.
  41. Бала – жүрек ортасы, Бала – ананың қолқасы.
  42. Бала – жүрек, бала – бал.
  43. Бала жұмсағыштың жаны тынса да, жағы тынбайды.
  44. Балаға мұрнының сіңбіргені де ас.
  45. Баласы жыламай, Шешесі емшек бермес.
  46. Баласы тәуше жесе, Анасының тісі қамасады.
  47. Балық басынан сасиды.
  48. Балық басынан шіриді.
  49. Балық берсең, байлап бер, Басын-көзін шайнап бер.
  50. Балық көті жылмағай.
  51. Балық өңешінен өткенді жейді.
  52. Балықтың басы бір болғанымен, Қабырғасы жік-жік.
  53. Балықтың басы бір, Қабыршағы жік-жік.
  54. Бар болса, баршаменен көтіңді сүрт, Жоқ болса, жаныңменен көтіңді сүрт.
  55. Барақыш та балтырдан алады.
  56. Барлығын көрген көз өзін көрмейді.
  57. Бас бергенге ас бер.
  58. Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді, Ер аман болса, тілегіне жетеді.
  59. Бас сиған жерге иық та сияды.
  60. Бас ұстаған бармағын жалайды.
  61. Басқа түскен қиындық қатып қалмайды.
  62. Басқа түскенді көз көрер (жан тартар).
  63. Баста ақыл болмаса, Көз пөстектің жыртығы.
  64. Басты берген Құдай ас та береді.
  65. Басты берген Құдай асты да береді.
  66. Басты Құдай береді, Малды қайрат береді.
  67. Басы бапан, аяғы сапан.
  68. Басы бар да, миы жоқ, Ми тұратын орны жоқ.
  69. Басына тартса, аяғына жетпейді, Аяғына тартса, басына жетпейді.
  70. Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың, Басыңды бұлт шалса, Іздеп таба алмайсың.
  71. Бауыры бүтін сынауға, Бауыры жыртық жылауға келеді.
  72. Бесіктінің белі тынар, Бесіксіздің белі сынар.
  73. Бет көрсе, жүз ұялады.
  74. Бет көрінісің – өз шежірең.
  75. Бетке айтқанның зәрі жоқ.
  76. Бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.
  77. Бетіңді түземей, айнаны сөкпе.
  78. Бие құлын тастаса, Құйрығы шолақ ту келеді. Қырсық шалған ауылға Өзінен-өзі шу келеді.
  79. Бойың қисық болса да, Ақылың түзу болсын.
  80. Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді, Ат таңылған нетеді, сүйегімен кетеді.
  81. Ботам-ботам дегенше, Бота көзім десейші.
  82. Ботаның көркі – көз, Адамның көркі – сөз.
  83. Бураның басы пысқанша, Ботаның басы арса-арса болады.
  84. Бұйырған ас тіс сындырып кіреді.
  85. Бұйырғанға тіс тиеді, Бұйырмағанға іш күйеді.
  86. Бұйырмаған ас ауыздан түседі.
  87. Бұйырмаған ауыздан кетер.
  88. Бұйырықта көз жоқ.
  89. Бұқа мойнына жияр, Айғыр жалына жияр.
  90. Бүйректен сирақ шығару.
  91. Бізге келген шеке де қу, Жамбас та қу.
  92. Білген білгенін істейді, Білмеген бармағын тістейді.
  93. Білген білгенін істер, Білмеген бармағын тістер.
  94. Білек бір болғанмен, бармақ басқа.
  95. Білек бір болса да, бармақ басқа.
  96. Білек бір, бармақ басқа.
  97. Білек жуысады, Ырыс ауысады.
  98. Білек жұғысады, Ырыс ауысады.
  99. Білек сүріндіре алмағанды, Білім сүріндіреді.
  100. Білекке қарама, жүрекке қара.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ