Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бала, ұрпақ туралы мақал-мәтелдер

«Бала, ұрпақ» тақырыбындағы 151 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Баласы жалқаудың қозысы маңырауық.
  2. Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінен ит қабар. — Шал ақын
  3. Баласының былдырын анасы ғана ұғады.
  4. Бәйтерек бұтағымен, Адам ұрпағымен жасайды.
  5. Бейбастақ балаға күле қарасаң бас киіміңді ала қашады.
  6. Болар бала атадан өте туады, Болмас бала кейін қарай кете туады.
  7. Болар бала боғынан.
  8. Болар ұлан боғынан.
  9. Болар ұлдың пішінінен белгілі.
  10. Боталы түйе боздауық.
  11. Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, Ұрпақ жайған адам қартаймайды.
  12. Бір бала бар, атаға жете туады, Бір бала бар, атадан кете туады, Бір бала бар, көтінен кейін қарай кете туады.
  13. Бір баласы бардың, Бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың, Екі ру елде малы бар. Үш баласы бардың, Үш ру елде малы бар. Төрт баласы бардың, Төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың, Дес бермес күші бар. Алты баласы бардың, Алладан басқа несі бар?!
  14. Біреудің баласын бағып бала қыла алмайсың.
  15. Дүниеде бал тәтті, Балдан бала тәтті.
  16. Егін өнбесе қайғы – бір жылдық, Балаң оңбаса қайғы – ғұмырлық.
  17. Ер бала ата-анасына таяу, Қыз бала – үйге жаққан бояу.
  18. Ерке баладан жынды балам жақсы.
  19. Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.
  20. Еркенің көзі кеппес, Жорғаның тері кеппес.
  21. Жақсы бала жансақ, Жаман бала малсақ.
  22. Жақсы бала ойлағыш, Жаман бала тойлағыш.
  23. Жалғыз ағашты жағу қиын, Жалғыз баланы бағу қиын.
  24. Жалғыз бала атқа шапса, Шешесі бұтын, әкесі тақымын қысады.
  25. Жаман болса да, ұрпақ қалсын, Өз орнында оты жансын.
  26. Жас ағашқа сүйеніп кәрі ағаш күнелтер.
  27. Жас бота боздаса, Жас бала қосыла боздайды.
  28. Жылауық болса да, Баланың болғаны жақсы.
  29. Жігіт – әулет жалғасы, Қыз – қырық жеті.
  30. Келіншектің баласын кезек сүй.
  31. Қазанның қайнағанын қара, Баланың ойнағанын қара.
  32. Қартайдым деп қайғырма, Жас бала бар артыңда. Жалғызбын деп қайғырма, Жақсылар бар артыңда.
  33. Құс балапаны үшін торға түседі, Ата баласы үшін азапқа түседі.
  34. Қызы бардың – көзі бар, Ұлы бардың – өзі бар.
  35. Қызың – далаң, Ұлың – панаң.
  36. Лашын құсқа әуе қадірлі, Жүйрік атқа дала қадірлі, Ата-анаға бала қадірлі.
  37. Мал – баланың шашуы.
  38. Мал балада қалады, Бай далада қалады.
  39. Немере несін береді? Етін жеп, сүйегін береді.
  40. Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді, Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.
  41. Өз балаңды өскенше, Немереңді өлгенше бағасың.
  42. Тай өссе, ат шығады, Ұл өссе, әке тынығады.
  43. Тоғыз қабат торқадан Тоңтышағымның терісі артық.
  44. Тұз десе, түйеде тағат жоқ, Төркін десе, қызда тағат жоқ.
  45. Ұл – орныңдағы ту, Қыз – ұшатын қу (аққу).
  46. Ұл туғанға күн туады.
  47. Ұл туса Күн, Қыз туса Ай туады.
  48. Ұлсыз қатын шүмекке тоймас.
  49. Ұлы – ұрымға, қызы – Қырымға.
  50. Үй арқада, бала белде.
  51. Үй иесі – ұл, төр иесі – қыз.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ