Байлық туралы мақал-мәтелдер
«Байлық» тақырыбындағы 235 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Барлық не дегізбейді, Жоқтық не жегізбейді.
- Барлық-байлық не жегізбес, Жоқтық не дегізбес.
- Баршылық не дегізбейді, Жоқшылық не жегізбейді.
- Барыменен – базар, Жоқты қайдан қазар.
- Барымта алған мал емес, Қуып алған құн емес.
- Барымтаны бай алады, Бәлесі кедейге қалады.
- Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
- Бейнет көрмей, Дәулет жоқ.
- Борышын жасырған байымас.
- Бұ дүние байлығы – шашылған жем.
- Біреудің тауығын жесең, қаз байла, Біреудің малын жесең, қыз байла.
- Дәулет есіктен кіреді, Бала бесіктен кіреді.
- Дәулет келерінде тойға келген қыздай, Кетерінде қолға ұстаған мұздай.
- Дәулет көрмегенге дәулет бітпестей болады, Өзінен паланды кісіменен қас болады.
- Дәулет қонған кісіге дос жиналар, Дәулет кетсе, табалап топырақ шашар.
- Дәулет қонса қара шыбын басына, Самұрық келіп жалпылдайды қасына.
- Дәулетті ұл – ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл – атаның көрі.
- Дәулеттінің дәмінен.
- Дәулеті бардың қолы ұзын.
- Дәулетіне сәулеті сай, Сәулетіне дәулеті сай.
- Денсаулық – зор байлық.
- Денсаулық – терең байлық.
- Диқанның қазынасы – жер.
- Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
- Дүние – боқ.
- Дүние деген қолдың кіріндей.
- Дүние жиған жемейді, Бұйырған жейді.
- Дүние жинап не етерсің, Бір күн тастап кетерсің.
- Дүние жиып артыңа мүлік қалдырғанша, Адамшылық даңқ қалдыр.
- Дүние жиып не етерсің, Бір күн тастап кетерсің.
- Дүние жиып нетесің, Бір күні тастап кетесің.
- Дүние қусаң, жеткізбейді, Қашсаң, құтқармайды.
- Дүние тапқаннан емес, Ұқсатқаннан құралар.
- Дүние толмай, қолды жайғызады, Қанағат болса, көңіл тойғызады.
- Дүние үшін өзіңді отқа салма, Біреудікін күшпен тартып алма.
- Дүние-мал жомартқа жарасады.
- Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
- Дүние-малға тарықпа, Көңіл тарлығы – қайғының көзі.
- Дүние-малды атақ үшін жияды.
- Дүние, дүние де қалады, Әкең өлсе, шешеңді біреу алады.
- Дүниеден озған жанның Алды – пейіш, арты – кеніш.
- Дүниені қусаң, жеткізбейді, Қашсаң, қуады.
- Дүниенікі дүниеден қайтады.
- Дүниенің қадірін берерде білерсің, Жанның қадірін өлерде білерсің.
- Дүниенің құлы болма.
- Дүниеңді тоздырсаң да, Ақылыңды аздырма.
- Дүниесі, малы барға жағынды ел, Азат жанын құл қып беріп, бағынды ел. Малсыз ерді көрмей өтіп, елемей, Көзін жұмып, жүз үйіріп, қағынды ел.
- Дін мен дүниенің бірігуі қиын.
- Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді.
- Есепте бар да, санда жоқ.
- Есіктегі ебейді кейбір тоқал жебейді.
- Етке тойсам, сорпаға иттігім жоқ.
- Етпен қарның тоқ, Ниетпен жаның тоқ.
- Жаңа байыған, Жақынын да танымас.
- Жарлы – жомарт, Бай – нәмарт.
- Жарлы байғұс жаманар, Жаманар да қуанар.
- Жарлы болсаң Арлы болма, Қарап жүріп Сорлы болма!
- Жарлылығын жасырған жарымас.
- Жарлылық деген жақсы екен, Жатып ішер ас болса.
- Жарлымен құда болғанша, Баймен барымталас бол.
- Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды.
- Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
- Жарлының жары құдай.
- Жаяушылық тартқанда, Жүрмес есек ат болар. Қарын қатты ашқанда, Қара талқан қант болар.
- Жей берсе, түйе түгіл, тау да таусылады.
- Жерге шыққан жемістен, Жетіссең де бір аса.
- Жесең – жеген асың, Жемесең – жеңсік асың.
- Жоқ болса, тұз да қат.
- Жоқтық ұят емес, Байлық мұрат емес. Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар, Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
- Жоқшылық жомарт елдің қолын байлар.
- Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.
- Жуан созылғанша, Жіңішке үзіледі.
- Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.
- Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
- Иттен сүйек қарыздар.
- Кедей менен бай жолдас болмас, Қасқыр менен қой жолдас болмас.
- Кедей іштегі бұзауды сауда қылады.
- Кедейге ақ қалта да бір, Көк қалта да бір.
- Кедейге өлең айтқан да шығын.
- Кедейдің қоржыны толса да, көзі тоймайды.
- Көптен дәметкен, Аздан құр қалады.
- Күміс есіктінің күні ағаш есіктіге түседі.
- Күні біткен жалшы, Көнекті сырттан сұрайды.
- Күші жоқ ит те жүгірмес.
- Қазы мен қарта жедім, аузымда жоқ, Мақпал мен парша кидім, иінімде жоқ.
- Қайғың болса, ханға бар, Қарның ашса, байға бар.
- Қайырсыз пайдадан қайырлы залал артық.
- Қалтасында тиыны жоқ, түйенің тісін ашып көреді.
- Қарны ашқанға қара нан да май татыр.
- Қарыз қатынас бұзады.
- Қарыз, қарызды беру – парыз.
- Қас екеніңді қабағыңнан танимын, Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
- Қойың болмаса, байлыққа ойың болмасын.
- Қолы қысқаның жолы қысқа.
- Қысқа жіп күрмеуге келмес.
- Қыста қарызға қар бермейді.
- Малдың нарқын иесі айтпас, Базар айтар.
- Малы жоқ деп ерден түңілме, Егіні жоқ деп жерден түңілме.
- Молда арбап алады, Сәудегер алдап алады.
- Мың қайғы бір борышты өтемейді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ