Азамат, жігіт, ер туралы мақал-мәтелдер
«Азамат, жігіт, ер» тақырыбындағы 172 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жетелеген ат аңға жарамайды.
- Жетесіз батыр тез өлер.
- Жеті өліп жерге түспейді, Жерге түссе де, ерге түспейді.
- Жол үлкендікі, жүк түйенікі.
- Жолбарыста бір жігіттің жүрегі, қырық жігіттің күші бар.
- Жомарт екі айтпас, Ер айтқанынан қайтпас.
- Жүйрік – алысқа, жігіт – намысқа.
- Жүйріктің шашасына шаң жұқпайды.
- Жүк ауырын ер көтереді.
- Жүрек – ер, бас – кемеңгер.
- Жығылған күреске тоймас.
- Жығылсаң, нардан жығыл.
- Жықсаң да, жығылсаң да, Алысқаның арыстан болсын.
- Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек.
- Жігіт болсаң, шоқ бол, Шоқ болмасаң, жоқ бол.
- Жігіт жақсысын жолда таны.
- Жігіт жанған от болсын, От болмаса, жоқ болсын.
- Жігіт көркі – сақал, Базар көркі – бақал.
- Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай.
- Жігітке лайық ат туар.
- Жігітті жігерінен таны.
- Жігітті шешенсінген дауда сына, Есерді батырсынған жауда сына.
- Жігіттің ауыры – шомбал, Ағаштың ауыры – сомбал.
- Жігіттің жігіті – өз нәпсісіне ие болған.
- Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
- Жігітінде жігіт болмаған – Өмір есесінен құр қалған.
- Кемер белбеу – бел сәні, Кемел жігіт – ел сәні.
- Керуен көркі – нармен, Батыр көркі – армен.
- Көргені жақсы көш бастар.
- Күш батылдыққа ереді.
- Күштінің қолы мықты.
- Кілем түрге керек, Қылыш ерге керек.
- Қарабет болып қашқаннан Қайрат көрсетіп өлген артық.
- Қараның таққа мінгені – Біріне бірінің құда түскені.
- Қария тыңдалмаса, Жігіт шыңдалмайды.
- Қару күшті емес, Қару ұстаған күшті.
- Қорқақ – қашқан кісі, Батыр – шанышқан кісі.
- Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол.
- Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
- Қосшы болуға жараған, Басшы болуға да жарайды.
- Қыран күнге қараса да, кірпігін қақпайды.
- Қыран қазасы қияда.
- Намысы бар жігіттің нар күші бар; Намысы жоқ жігіттің қай күші бар?
- Намысы бар жігіттің, Нар күшіндей күші бар. Намысы жоқ жігіттің намыспен не ісі бар?
- Нар жолына шөгер, Ер жөніне көнер.
- Нар тәуекел – ер ісі.
- Нар ізін нарша басады.
- Не ер болып шық, Не жер болып шық.
- Отызында орда бұзбаған, Қырқында қамал бұзбас.
- Отырса от басында, Көшсе көш басында.
- Өжет адам өлімді жеңеді.
- Өжет адам өлімнен қаймықпас.
- Өзін ғана білген ұл Құлағы мен жағын жер.
- Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас.
- Өршіл рухтан өлмес батыр туады.
- Пышақ болмас жетесіз, Өзі болған жігіттің, Тегін сұрап не етесіз?
- Пірдің соңы – Бекет, Ердің соңы – Есет.
- Сары уайым – жігітке сор.
- Селтеңдеген жігіттің серкесінің соры.
- Сөзге тұру – ерлік, Сөзді жұту – қорлық.
- Тең атаның баласы теңдікке тұрса да, кемдікке көнбейді.
- Төлеңгіт, төреңді күт.
- Төре – төр иесі.
- Тұлпар желіде танылады.
- Түйе аяғы – маймақ, Төре аяғы – тайғақ.
- Түс білмейді, күш біледі.
- Тізерлеп жүріп күнелткеннен, Тік тұрып өлген артық.
- Ұлы атаның ері, Екі көзінің бірі.
- Хан ақсұңқар болса, Алтын тұғыры он болар.
- Хан ұлы – төре, Би ұлы – шора.
- Ханның қасында қалтырап жатқанша, Қарадан қалағаныммен қаңғырып өлейін.
- Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ