Әр түрлі мақал-мәтелдер
«Әр түрлі мақал-мәтелдер» тақырыбындағы 233 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Иттің басын алтын табаққа салсаң Шоршып түсер.
- Иттің құны – бір күшік.
- Иттің ұлығанын бөрі есітпес.
- Иттің ішіне сарымай жақпайды.
- Итін жамандасаң, Иесіне тиеді.
- Кедейшілік есіктен кірсе, Иман терезеден шыға қашады.
- Кезенген пышақ, Кез бойы ұзарып кетеді.
- Кең болсаң, кем болмассың.
- Кергіген кері кетер, Кесірі түбіне жетер.
- Көзі көрместің Көңілі сезбес.
- Көзі сынық инемен Көйлек тіге алмайсың. Көңілі сынық құрбымен, Ойнап-күле алмайсың.
- Көзің барда көргенің – Көңіліңе тергенің.
- Көкте тырна қиқуласа, Көлдегі қаз қанатын қағар.
- Көңілі қаран Жолдасынан айрылады. Көп жасаған, Құрдасынан айрылады.
- Көп жортқан ит Күшәлаға кездеседі.
- Көп шайнаған Қартаның дәмі болмас.
- Көптің аузы дуалы.
- Көптің көзі – көреген.
- Көрмеген көлде Білмеген құстың Даусы естіледі.
- Көсеумен түрткеннің кегі кетпес.
- Көсеуі ұзынның қолы күймес.
- Көштің байсал тапқаны Көкорайға қонғаны. Даудың байсал тапқаны Көлденеңге барғаны.
- Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық.
- Күнің шуақты болсын, Көлің суатты болсын, Қонысың өрісті болсын, Еккенің жемісті болсын, Еңбегің келісті болсын.
- Кірісіне қарай – шығысы.
- Кісі киімі кіршіл, Кісі көлігі тершіл.
- Кісі өлтіретін пышақты Кісі көрмейді.
- Кісіден тілегеннің Екі көзі шығады. Еңбегіне сенгеннің Екі бүйірі шығады.
- Кішкентай тастан Қауақтай бас жарылады.
- Кішіні – мақтап, Үлкенді – мін.
- Кішіпейілдік – Кішілік емес, Кісілік.
- Қажып жүрген адамға, Қарсы алдынан шыққан ит, Қасқыр болып көрінер.
- Қазан ұстаған Қазан жалайды, Сазан ұстаған Қылтанақ санайды.
- Қайғының қандай екенін Қайғырғанда білерсің. Қарындастың қандай екенін Айырылғанда білерсің.
- Қайғысы жоқ адамға Қара көже балмен тең. Қайғысы көп адамға Кең дүние жармен тең.
- Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
- Қамыс отын емес, Жалыны бар да шоғы жоқ. Өтірік сөз досым емес, Айтқан жерде өзі жоқ.
- Қанағат кеткеннен – Қасиет қашады.
- Қанағат қарын тойдырады.
- Қараусыз қалған есек – Қасқырдың олжасы.
- Қарды қылау өсіреді, Баланы сылау өсіреді.
- Қарнымның ашқанына жыламаймын, Қадірімнің қашқанына жылаймын.
- Қарыстың алыстығы бар, Сүйемнің жақындығы бар.
- Қас сұңқардың баласы Шыңнан тоят тілейді. Қас тұлпардың баласы Шапқан сайын үдейді.
- Қасапшы қалған-құтқанды жейді.
- Қасқыр қарызын терісімен төлейді.
- Қасқырда қас қылмайды жолдасына.
- Қасқырдан қорыққан Тоғайға бармас.
- Қасқырдың ауызы жесе де қан, Жемесе де қан.
- Қатты ағашта шайыр жоқ, Қатты адамда қайыр жоқ.
- Қодастың еті Қырық жылғы ауруыңды қозғайды.
- Қойға қасқыр шапса, Жарлының жалғызын жейді.
- Қойға қасқыр шапса, Ит семіреді.
- Қоқиланған қораздың Қотыр-соқыр микиендері болады.
- Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға Алыстық жоқ.
- Қолынан келген қырынан қояды.
- Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.
- Құдай бір айналдырғанды, Шыр айналдырады.
- Құлақ есіткенді көз көреді.
- Құлан қайда семірсе, Қан-жыны сонда төгілер.
- Құтырғаннан Құтылған олжа.
- Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
- Қырсыққанның иті қырын жүгіреді.
- Мергеннің Көзі де мерген, Қолы да мерген.
- Мұрыны кішкентайдың Есесі бетінде.
- Мысқал, Мысқыл түбі мүшкіл.
- Мысық жоқта тышқан кісінейді, Ит жоқта шошқа үреді.
- Не ексең соны орасың.
- Несиеге ет жесең, Сүйегі ішегіңді жыртар.
- Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
- Ойын түбі – от, Тұман түбі – жұт.
- Олай тартсаң өгіз өледі, Бұлай тартсаң арба сынады.
- Отау үй оңаша келеді, Отындары тамаша келеді.
- Оты өшкен үйдің Шаңырағынан байғыз саңғиды.
- Отыз ұлың болса да Әрқайсысының орны басқа.
- Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
- Өзім білем – өрге апармас.
- Өзім дегенге, Өзегімді суырып берем.
- Өзінің бетін аямаған, Кісінің бетін шиедей қылады.
- Өзің сүйгенді алма, Өзіңді сүйгенді ал, Өзің сүйгеннен жапа шегерсің, Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.
- Өлсең көрің кең болсын.
- Өсекші мен өтірікші – егіз.
- Өткендерін ескерген – Өскендіктің белгісі, Өткендерін жек көрген – Өшкендіктің белгісі.
- Өтірік деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады. Әділет деген аға бар, Дұшпанның қолын қағады.
- Өтірік сөз – жанға қас, Өткір пышақ – қынға қас.
- Өтірікті – шындай, Ақсақты – тыңдай.
- Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
- Пейілі жаман бәлеге жолығар.
- Сабырлы адам сақтанып сөйлер, Сабырсыз адам мақтанып сөйлер, Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.
- Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
- Садақаны сауыңда бер.
- Салақтан – олақ жаман.
- Сараңға саңыраулық қонады, Есітсе де есітпеген болады.
- Сезікті – секірер.
- Соқыр көргенін жазбас.
- Сөз ауыздан кірмейді, Құлақтан кіреді, Құлағың керең болса Қаяқтан кіреді?
- Сөз сүйектен өтер, Таяқ еттен өтер.
- Сөзі – олақ, Ойы – шолақ.
- Сүймеске асылма, Арзымасқа шашылма.
- Сыйлап берген су да тәтті.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ