Бірлік туралы мақал-мәтелдер
«Бірлік» тақырыбындағы 407 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Саусақ ашсаң – қылдырық, Жұмсаң – жұдырық.
- Саусақ ашылса қылдырық, Жұмылса – жұдырық.
- Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
- Сен бұтаны көтерсең, Бұта сені көтереді.
- Сенім сең бұзады.
- Серкесіз қой отары болмайды.
- Сиыр баққанда бірге едік, Жаңғақ қаққанда бөліндік.
- Судың түбін шым бөгейді, Даудың түбін қыз бөгейді.
- Сыбыр-сыбыр ойды бұзады, Құрттаған қой қойды бұзады. Көңілі бөлек өкпешіл адам, Дауласам деп тойды бұзады.
- Сыйласу екі кісіге бірдей.
- Сыңар етігі пұт жарым болып.
- «Сіз» деген – әдеп, «Біз» деген – көмек.
- «Сіз», «біз» деген жылы сөз, ағайынға жарасар.
- Тай қоссаң, ауылыңмен.
- Тамыр тартқан тарықпас.
- Тар жерде табысқан, Кең жерде келіседі.
- Тар таласып азар, Кең кеңесіп озар.
- Тарамдалған саусақтан, Жұмылған жұмырық артық.
- Татсыз түрік болмас, Түріксіз бөрік болмас.
- Тату болсаң, табақ қатынайды.
- Тату елдің тамағы таусылмайды.
- Тату үйде тақсырет болмас.
- Тату үйдің бақыты тасар, Араз үйдің ырысы қашар.
- Тату үйдің тамағы да тәтті.
- Татулық – байлық.
- Татулық – табылмайтын бақыт.
- Тау берігінде қонысың болсын, Іздеген жау таба алмайды. Ел берігінде досың болсын, Аңдыған жау ала алмайды.
- Тауға тау қосылмайды, Елге ел қосылады.
- Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан.
- Тобы бірдің Тәңірі бір.
- Тозар елдің жанжалы бітпес, Озар елдің арманы бітпес.
- Тозған елді там жияр.
- Тозған қазды Топтанған қарға алады.
- Той – тоқшылық нышаны.
- Тоқсаны жиналып, тоқты жыққан батырлар, Сексені жиналып, серке жыққан батырлар.
- Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды.
- Тоңға жатқан мал оңбас, Тобырға түскен іс оңбас.
- Топтан ажыраған торға түсер.
- Топтанып ұшқан торғайға, Тұрымтай да бата алмас.
- Төбелеске бергісіз араша бар, Ағайынға бергісіз жаңаша бар.
- Төртеу түгел болса – алар, Алтау ала болса – алдырар.
- Төртеуі түгел төрге шығар.
- Төсекте бас қосылған, Төскейде мал қосылған.
- Туған мен туған табысады, Тумағанға пәле жабысады.
- Туырлықсыз тұл үйге Ту байлаған не керек? Туысы жоқ жалғызға Жауға шабу не керек?
- Туысы бірдің уысы бір.
- Түбі бірге түнекте де табысар.
- Түйе көп болса, жүк сыймайды.
- Түйенің бәрі нар болса, Жер бетінде жүк қалмас.
- Түсініспесе, төрт түлік жат.
- Тынбаған дау жаман, Қайта шапқан жау жаман.
- Тілі бірді тілек, Тілі басқаны жүрек қосады.
- Тірлік басқа болса да, тілек бір. Бармақ басқа болса да, білек бір.
- Тірліктің күші – бірлікте.
- У ішсең – руыңмен.
- Ұғысу қиын, шығысу оңай.
- Ұйымдасқан ұтады.
- Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой, Орта жүзді қамшы беріп, дауға қой, Кіші жүзді найза беріп, жауға қой.
- Ұлыстың ұлы күні алдыңа келсе, Атаңның құнын кеш.
- Ұрыс бар жерде ырыс жоқ.
- Ұрыс ырыс қашырар.
- Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар.
- Ұрыстың арты – реніш, Татулықтың арты – кеніш.
- Ұрыстың мерейі – ерлік, Ырыстың мерейі – бірлік.
- Ұрысы күшті болса, иесін сабайды.
- Үзіксіз – үй болмас.
- Үйде кісі көп болса, далада кісі тимейді.
- Үйден тату шығып, бату қайтты.
- Үйірлі жылқы үрікпес.
- Үйірі басқаны ноқта қосады, Атасы басқаны неке қосады.
- Үйірінен айырылған малды қасқыр жейді.
- Үлкен үйдегі күлсе, Кіші үйдегі езу тартар.
- Үлкен шаңырақтың жанында отау үй көрікті.
- Үлкенді сен сыйласаң, Кіші сені сыйлайды; Кішіні сен сыйласаң, Кісі сені сыйлайды.
- Үш ағайынды жігіттің, Отарында малы бар. Екі ағайынды жігіттің, Қотанында талы бар.
- Үштің айы – күштің айы.
- Халқы жаманның биі азады, Қатыны жаманның үйі азады.
- Халық қаһары қамал бұзады.
- Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.
- Халықты дана қосады, Әйел мен ерді бала қосады.
- Хан – шаңырақ, халық – уық.
- Хан көп болса, жау көп.
- Хан қарашасыз болмас, Дау арашасыз болмас.
- Шаруа түбі – кеңес, Сауда түбі – келіс.
- Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болар.
- Ымыраны бұзбақ – жаманның ісі; Қатарды бұзбақ – шабанның ісі.
- Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш – орман.
- Ынтымақ – ырыс қазығы, Уәде – жанның азығы.
- Ынтымақ барда ырыздық бар.
- Ынтымақ болмай іс оңбас.
- Ынтымақ жүрген жерде – Ырыс жүреді.
- Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді.
- Ынтымақ түбі – бірлік.
- Ынтымақ түбі – игілік, Тірлік түбі – бірлік.
- Ынтымақ түбі – игілік, Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
- Ынтымақ түбі – игілік.
- Ынтымақ істі тындырар.
- Ынтымақсыз елді – Ұрысы билейді. Ынтымақты елді – Дұрысы билейді.
- Ынтымақсыз елді ұрысы билейді.
- Ынтымақтың арты игі.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ