Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр (43-бөлім)

Қобыланды · С. Ділманов нұсқасы · 2 мин оқу

Уәдесі қайда деп
Атына кетіп барады.
Мінді де қашты қу алып,
Ойынан шықты қумайтын
Тобылғы меңді торымен
Соңынан қуып барады.
Құтылсаң Алып көрермін,
Айғай салды Сайымдар
Қума, батыр, қума деп,
Қателесіп қалма деп.
Ажал мен бейнет жігітті
Тартпай қоймас ізінен.
Екі көзге қан толып
Тоқтамады Қобылан.
Қуа берді жетем деп
Қашқан жауға қатын ер
Айырылып қалғанын
Намысын көріп долданып.
Жетпедің деп торыны
Қамшымен тартып жіберді
Ашуланып бір салып.
Қашты залым жөнімен
Өзінің білген жерімен.
Төте қуып тоқтатып,
Алдынан шығып тоқтатып.
Алдына шауып Қобылан
Басты жайған торынан,
Қабаттап қазған орынан
Жанына қамшы батқан соң,
Қабаттап салған ормен тұр,
Бүркемелей құлады.
Қандекке қазған жолынан
Қашқан Алып қарамай
Қаласына барады.
Орда қалып Қобылан
Сонда өкініш қылады.
Қаруы мен торы атты
Жау қолына түсер деп
Шығарып тысқа тыстады.
Жазғаны деп Алланың
Ер Қобылан саспады.
Алып келді жиналып
Ор басына анталап
Қанын ішіп қанам деп
Қуанып жүр зәнталақ.
Илия бұрын ілесіп
Батырға келіп қарады.
Қару қылмай беріл деп
Ерге ишарат қылады
«Тірі жүрсем бір амал
Табармын, батыр, саспа»,—деп,
Жайлап айтып барады.
Қобыланды берік байлап
Жеңген дұшпан алады.
Көзі жайнап жауының
Қолында кетіп барады.
Шалықтап Алып қуанып,
Халқына хабар салады,
Қалғанын жинап алады.
Бітті деп мұқтаж, арманы
Алпыс екі амалдың.
Бәрі бірдей өзімде,
Шын қорқып қашты деп
Аңқау Қырым батырын
Орға келіп салғаным.
Керегі жоқ ендігі
Қостағы кейін қалғаны.
Өлтірсем қалай кек бітер,
Шақырып едім сендерді
Осыған ақыл салғалы.

Халықпен ақылдасып:—Қалай өлтіргенде құмарым тарқап, кегім бітет,—деп үлкен кеңес ашты. Әркім әр түрлі ақыл айтып, Алыпқа бірі де ұнамады.—Қайда елші балам, соны шақыр. Елші балам не дер екен,—деп Илияны шақыртыпты.

Сонда Илияның толғауы:

—Алдияр тақсыр, ханымыз,
Ақылыңа салыңыз.
Байлауда тұрған дұшпанға
Қайтсек те келет әліміз.
Тез өлтіріп тастасаң,
Бітпес бұдан кегіңіз.
Шын сұрасаң айтайын,
Өзіңіз ойлап біліңіз.
Мылтықпен атсаң тез өлет,
Оныменен кек бітпес.
Дараға асып өлтірсең,
Созылып мойыны өледі,
Оныменен орнына
Қайсыбір кегің келеді.
Суға салып жіберсең,
Батады да кетеді,
Балық көрет қызығын.
Отқа жағып өртесең,
Көмір болып күйеді,
Халқың нені көреді.
Тілімді алсаң, Алып хан,
Сексен құлаш зынданның
Түбіне тастат апарып.
Аштан өлсін тарығып,
Ас пенен су бермейік.
Әбден өліп болған соң
Бәйтерекке ілейік.
Кешегі елді бүлдірген
Мынау Қырым демей ме,
Сөйтіп көңіл бөлейік.

Алып:

—Мақұл айтты балам деп,
Данышпан сендей табылмас,
Қысылған жерде қол бермес.
Тіліңді сенің алам деп
Зынданға сал деп бұйырды.
Көтеріп алып қырық кісі,
Зынданға алып барады.
Өз көзіңмен салғыз деп
Балаға бұйрық қылады.
Апарып тастап зынданға
Иә, Құдай, деп сиынып,
Қателікке күйініп,
Қобылан батыр жатады.

Қан-қаперсіз халық жайшылыққа салынып еш уайымсыз жата береді.

Илия әрдайым түнде соғып батырдың азығын беріп, Сайым кездесе ме деп бір қайыршының киімін киіп жүре береді. Бұған аз күнде болса батырдың орда көретін бейнеті Сайым кездесіп соқпады.

Тағы оқыңыз