Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр (13-бөлім)

Қобыланды · С. Ділманов нұсқасы · 2 мин оқу

Бір-екі ауыз сөзім бар
Жадыңа батыр салайын,
Ұнаса мұны аларсың.
Қобыландыдай досыңмен
Баруға бірге құмарсың.
Тізгінін бер өзіне,
Қарсы келме сөзіне.
Бабын тауып ұстасаң,
Жолдасын жауға тастамас,
Жамандық жолға бастамас
Мұсылманның баласын,
Мінезі еді қыстамас.
Қарсысына келмесең,
Кінә сақтап ұстамас.
Билікті берер өзіңе,
Пір деп ерер ізіңе.
Жамандық күнге кез келсе,
Тастап кетіп сен жүрме,
Жолдасыңды ізіңе.
Ондай әдіс қолданба,
Лайық болмас өзіңе.
Ханның қызы Илия
Ғашық болып барады.
Сарқыттап берсе алмаңыз,
Қызды көріп қызығып
Ұятқа үлкен қалмаңыз.
Сізге де бір қыз табылар,
Сол болар, батыр, олжаңыз.
Сәуелім шайтан болмаса,
Бейнетің көп ұлың жоқ.
Қайтарсыз аман бұл жолдан,
Терлікбай жаның Кершабақ
Жас күнінен бағып ем,
Күн тигізбей аялап.
Төрт аяқты бір басты
Қала қоймас хайуаннан.
Көңілің орта болмасын,
Сапарың құтты оң болсын,
Қош енді аман сау болың,
Жолың болсын, жолдасым!
Қобылан, Құртқа Қарлыға
Бізден сәлем айтарсың,
Тілектеспін жолына.
Осыны айтып әйелі
Қала берді соңында.

Сайымның жүріс көрінісі:

«Қош болың,—деп,—жігіттер!»
Сайым бастап жөнелді,
Маңдайын түзеп жөніне.
Жиырма жігіт Ерсайым
Дәл бесінде аттанды,
Жаратқан хақты жатқа алды.
Астына мінген Кершабақ
Ойнақтап басын өнерлеп
Ешан беріп батырға
Көңілін ашып мақтанды.
Арасы айлық жер еді,
Жеті күнде жетем деп
Шарт қойып батыр жөнелді.
Көлденең жатқан Жайықтан
Сол күні жүріп күнімен,
Тағы жүріп түнімен
Сәскеде келіп кесе өтті.
Ат суарып шалдырып,
Шатырын құрып дем алып,
Түс ауа тағы жүреді.
Ымпиты мен Жымпиты
Сарайшық дөңдер саладан
Кеселеп өтіп келеді.
Бірде желіп аяңдап,
Жүрісі қатты келеді.
Ыждиқатпен түн қатып,
Амандықты Алладан
Батыр Сайым тіледі.
Теректі шалқар саладан
Қараға соқпай батырың
О да жүреді даладан.
Төрт күн жүріп құлады
Қобданың сала шетінен,
Шыбындыны баса өтіп.
Жүрісі қатты, күн ыссы
Ұйқыдан ерлер жүдеді.
Шығырлаудың қарасын
Сәскелік жерден көреді,
Бұрылып батыр маңдайлап,
Қобдаға төте жүреді.
Жүре тұрсын Ерсайым,
Жақындатты қарасын.
Азғантай кеңес қылайық
Қыдырбайдың баласын.
Ақылы дана Аққұртқа
Келе жатқанын біледі,
Халыққа хабар береді,
Соғым малын бөлгізіп,
Әзірлетті деп еді.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Еш нәрседен қауіпі жоқ
Қобылан қырда жүр еді.
Келе жатыр деп Ерсайым
Батырға хабар береді.
Енді, халқым, тыңдаңыз,
Құртқа сұлу дананың
Азғантай сөзі келеді.

Әңгіме Құртқадан

Құртқа мен Қобыландының кеңесі Сайымның алдынан шығып күтіп алған соң әзірлік жасап, Құртқаның айтқаны:

—Батыр, сізге ұнаса, келе жатқан қонақтың алдынан Қарлыға, Қарлығаш үшеуміз шығамыз, туғандық көңіл білдіріп. Сізде екі түрлі мойныңызда кінә бар: бірінші, достасқанның бер жағында арадан жеті жыл өтті сәлемге бармадың, мен де бара ғой деп айтпадым. Екінші, Сайымның еткен еңбегіне қарап, достасқасын достық көңіл білдіріп шақырып алмадың. Аюбикенің бір ауыз сөзі арада кінә болды. Бұл батыр ақ ниет, адал жүрек, кінә кек сақтамайтын кісі болу керек. Өзің болсаң бармайсың, осыны ойла, батырым, осы шыққан сапарында Аюбикенің айтқанын қылмай, ақыреттік досыма барамын деп келе жатыр сол себепті сіз мынадай пормымен шығыңыз.

Тағы оқыңыз