Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр (2-бөлім)

Қобыланды · С. Ділманов нұсқасы · 3 мин оқу

Қобыландының сол күнде жасы жиырма екіде. Құртқа мен Қарлыға дейтін екі әйелі бар еді, екеуінде де бала жоқ, екеуі ермек қылып қол тұзақ, асық ойнап отырушы еді. Қобыландының қарындасы Қарлығаш жеңгелерімен ойын ойнап, көңіл көтеріп қайтушы еді. Үшеуі отырып «қол тұзақ» деген ойын ойнап Құртқа өз қолын көп түсіріп, Қарлығаштың қолын аз түсіреді, кейде түсірмейді, оған себеп—жалғыз бала ерке болған соң сыйлайды. Қарлыға ойнатып, ол әдепсіз олақ адам Қарлығаштың қолы түссе, жібермей қалады. Асық ойнаса ұпай салып, ұпайымды бер деп мазасын да алады. Сөйтіп жүргенде Қарлығаш ашуланып, сендердің бөтен тілегің жоқ, ойыннан бөтен деп ұрысқан екен. Қарлығаштың сондағы сөзі:

Қарлығаш ашуланып қайғы басты,
Көзінен ағызады қанды жасты.
—Сен екі ит ешнәрседен хабарын жоқ,
Ойынға аударғансын ықыласты.
Келемін анда-санда көрейін деп,
Көңілімді жалын шалған болайын деп.
Жан жеңгем, Құртқа, салшы құлағыңды,
Қарашы өзің ойлап жан-жағыңды.
Кемітпен өз басыңды,
Көретін күн бар ма Жаппар Құдай,
Ойлаған перзентіз деп көз жасыңды.
Ойлаған ешнәрседен хабарың жоқ,
Не дейсің мына тұрған жолдасыңды.
Бола ма ойын бала күлгенменен,
Үміттің қызығына сендер түсіп,
Жинаған ата-анаңның мүлкіменен.
Құдайдан бала сұра, ойын бақпа,
Жастарың келіп қалды осы уақта.
Зарлайды кемпір мен шал күндіз-түні,
Бір перзент жалғызымнан көрмедім деп.
Жасы жетіп қартайғанда мейірім қанып,
Балдардан бала туып сүймедім деп.
Көкемнің жасы асты жиырма жастан,
Дұшпанның қарсыласқан көңілін басқан.
Кемпір-шалдың зарланғанын естігенде,
Көңілі басылады судай тасқан.
Қу бедеу құлындамас қосты Құдай,
Жазғасын не амал бар әуел бастан.
Осылай айтты дағы жүре берді,
Жылаумен бір кідірмей есік ашқан.
Есітіп қыздың сөзін асыл Құртқа,
Уайым қара тұман қайғы басқан.
Бұрында ойламайтын жоқ-ты жері,
Қозғалды көңілінің қайғы-шері.
Біреуі екі көздің мұндай дейді,
Сырттағы не дейді екен бөтен елі.
Жанына бұрынғыдан қатты батты,
Балаға аз емес ет бұрын шөгініп,
Әл жетіп екі көзге асыл Құртқа,
Бүркеніп алтын тақта жатты өзі.
Жылаумен күні-түні жатып Құртқа,
Ұйқыға таң алдында барды көзі.
Жатқанда тұнық ұйқы тыныш тауып,
Бір сұлу сәуелінде енді өзі.
Сүйеніп алтын таққа бас жағында,
Бір сұлу жауап қатпай тұрды өзі.
Қарады сонда Құртқа көзін ашып,
Уһ деп демін алды мауқын басып.
Сүйенген қасындағы қызды көріп,
«Налыған ғаріп екен бұ да мендей,
Жарамас енді сұрап жөнін білмей».
—Жаным, сенің өзің неткен жансың,
Көрмеген бұл маңайда мәлірмесін,
Боласың қайсы жақтан, қай рудан,
Жарқыным, жүрісіңді баяндашы.

Илияның сөзі:

—Апажан, мен айтайын жағдайымды,
Жад қылар бір Жаратқан Құдайымды.
Кез қылды он төрт жаста мені мұндай,
Табылмас жер жүзінен уайымды.
Бір адам сәуелімде болып пайда,
Кездестім бұл сықылды қайғы жайға.
Тұрағын сұрамаппын қайда екенін,
Таба алмай жер жүзінен қайғы жедім.
Зарлаймын ғашықтықтың дерті түсіп,
Екі жыл әуре болып сонша іздедім.
Табалмай сол жоғымды зарыққаннан,
Жан апа, білсең айтың, сізге келдім.
Тапсырам, сіз жасырсаң бір Құдайға,
Қайғым бар кеткен асып осы жайда.
Қызы едің сен диюдің Көктен атты,
Басыңнан өтіп еді бұл ғашықтық,
Жаныңа сол мезгілде қандай батты.
Сарғайып запырандай жүзім солды,
Ғашықтық дертіменен ішім толды.
Жан апа данасы едің адамзаттың,
Қайғысы ғашықтықтың жанға батты.
Ғаріппін жылап жүрген жөн таба алмай,
Білесіз, берің маған шын хабарды.
Қаһарлы, түсі нұрлы, көркем жігіт,
Көрген жан ол адамнан қылар үміт.
Сөйлесең сыр жасырмай текке сізде,
Қайғыға себеп болар ашсаң кілтін,
Жан ашыр жас жаным деп келіп тұрмын,
Халыққа Құртқа атың қылып үміт.
Көңілім қара тастай қалды қатып,
Қайғысы бұл ғашықтың жанға батып.
Үш рет сәуелімде кездескен жан,
Нұрына ғашық болдым ұйықтап жатып.
Ішсем ас тарамайды өз бойыма,
Түседі бір қызыл шоқ күнде ойыма,
Зарымды жаңылдырмай түзу сілте,
Арамдық кір салмай, апа, ойыңа.

Тағы оқыңыз