Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр (14-бөлім)

Қобыланды · С. Ділманов нұсқасы · 3 мин оқу

Оны ар, қор көрме, бір сапарға тілімді ал, сонда ұтасың, бармаған кінәден құтыласын. Жаман атпен жайдық астында тулақ салып жалаң аяқ жалаңбас қолыңа сабау алып ноқталап мін, өзі шабан, өзі жаман болсын, құйрығы шолақ болсын, соны көргенде ер ескеріп, мейірімі түсіп, сенің жалғыздықпен қолың тимей жүр екен деп аяушылық етіп, бар күнәңді кешер, осыменен шығайық.

Ертең ерте сіз бізбен жалғаса шығып бір тасада тұрарсыз, біз күтіп алғаннан кейін келерсіз.

Бұл қалай?—деді Құртқа. Қобылан—Құртқа, жығылыс таппайтын жерді ойла, бұл Сайымға менен кінә көп, мұнымен кінәдан құтылатын болсам болыпты. Қойшы мінетін торшолақ дейтінді мініп жүрді.

Сондағы Қарлығаға Құртқаның айтқан сөзі:

Құртқа айтты Қарлығаға:—Есіңе алың,
Тапсырған тапсырмамды орындағың.
Боз жорға көк аяқты түзу ертте,
Жүреміз ертең ерте қызға барың.
Қаз мойын қаракүрең жорғаны алың,
Үстіне ер тұрманын түгел салың.
Яқұт пен інжу маржан нақыштатқан
Құралы қолында еді жан ананың.
Бар дағы түгелінен сұрап алғын,
Сауыты сайманымен бір кілемде.
Білетін мұны тағы анам өзі,
Тегістеп түгел берсін қаруларын.
Сонымен күреңді алып сен жетелеп,
Таң ата Қарлығашқа хабар салың.
Киінсін жан көрмеген асыл киім,
Ер келсе ертең, бүгін еңсемізге
Болады бір тамаша үлкен жиын.
Тапсырып Қарлығаға осы сөзді,
Жабдықтатып жинады тағы да өзі.
Боз жорға ат алтын жалды жарқылдаған,
Үстіне киді киім асыл Құртқа
Күн көзі шағынданып жалтыраған.
Қарлыға көк аяққа мінді өзі,
Асынып жау құралын көк сауытын
Үстіне көк сауытын киді өзі.
Айбаты жаннан асқан Қарлығаның
Қалай деп күрең атты жетекке алып,
Сынатып апасына келді өзі.
Жарайды деді, жаным, осы түрің
Екеуің бір пормыда киініңдер
Ортаңда мен жүремін сосын өзім.
Қаз мойын қаракүрең жетекке алып,
Ордаға келді сұлу хабар қылып.
Атынан жабу түсіп дыбыс бермей
Есіктің тұрды алдына қарсы барып.
Екі атты төбеп тастап сәлем етті,
Атасы енесімен көзін салып.
—Көп жаса, бақытты бол, жаным балам,
Мезгілсіз нағып жүрсің қылдың алаң
Қарағым, жүрмеуші едің бұл уақытта,
Жағдайын жүрісіңнің айтшы маған.
Ақзарбап орнынан келді тұрып,
Қарлыға жауап берді анасына
Бұралып бала қаздай мойнын бұрып:
—Жан ана, батырым Сайым келе жатыр,
Алдына бару үшін келдім мұнда.
Бикешті ерте кетем өзімменен,
Ат-тұрман керек болды қарулары.
Барады апам бірге біздерменен,
Сөйлесіп айтқан жоқ па сіздерменен.
Ақзарбап сонда тұрып берді жауап
Қарлыға келініне күле қарап:
—Қарағым, анық нәрсе мұның бәрі,
Отырған бақыт ойлап біз бір кәрі,
Досы ғой жалғызымның ақыреттік.
Барыңдар, жолың болсын, нағылайын,
Айтты да осы сөзді үйге барды,
Төрдегі жүкті бұзып кілемді алды.
Салынған Қарлығаштың бар құралы
Кілемді көтере алмай тұрып қалды.
—Қарағым, өзің келіп көтеріп ал,
Құрмағы ауыр екен белім талды.
Қарлыға сәлем етіп үйге кірді,
Кілемді қолтыққа алып кетіп қалды.
Кілемді Ақзарбаппен бірге істеп,
Күреңнің еңгерулі ерін алды.
Қараңғы таңның көзі көрінбесін,
Сәулесі ер тоқымың жарқыраған.
Далада жүрген шығып маңайдағы ел
Бұл жарық не жарық деп қалтырапты.
—Жан ана, әруақты пірі едің,
Керегін өз қолыңнан берші салып.
Жүгенін жүгендеңіз өзің барып,
Сіз барда мен ерттеуге дұрыс болмас.
Терлігін сен жүгенде де өзіме бер,
Бөтеннен үлгірермін қолыма алып.
—Қарағым, болады,—деп барды Зарбап
Жүгенді жерден алып ат басына.
—Ей Алла, құтты қыл!—деп салды Зарбап,
Мақпалдан терегі бар зермен төккен,
Тұтынбай жатқан зат қой көрмей көптен
Қарағым, өзің ертте, үйге барам.
Атаңның дәрет суы соны жылытам,
Ақзарбап үйге кетті осыны айтып.
Қарлыға күрең атты ерттеді тез,
Ер тоқым сәулесінен ұялат көз.

Тағы оқыңыз