Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (3-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

—Алма,—деп жер оған да зар жылады,
Тыңдамай бір уыс топырақ қолына алды.
—Мен сенің қарап тұрсам жылауыңа
Болмай тұр тағат етім шыдауыма.

Боламын сені аясам Хаққа ғасы,
Себеп сол айтқаныңды қылмауыма.
Ғәзірейіл топырақты алып келді,
Аллаға «әкелдім» деп хабар берді.

Бір алған Ғәзірейілдің уысынан,
Қырық аршын түсіріпті төмен жерді.
—Батырсың, Ғәзірейіл!—деді Жаббар,—
Жан алуды сенемін сен орындар.

Жәбірейіл—уахи, Мекайыл—ризық үшін,
Исрапыл Сор үруде болсын бұлар.
Ғәзірейіл бас тартады жиналудан,
Ренжіп қайтқандай-ақ салы судан.

—Көрмейді сенен түрлі ауру берем,
Иә, достым, ренжімеші,—деді Сұбхан.
—Ризамын, айтқаныңды орындаймын,—
Деп Ғәзірейіл жан алуға белді буған.

Мұнан соң деді оларға: «Құдіретім,
Орын жоқ енді тоқтап кідіретін.
Барыңдар, топырақты алып жер жүзіне»,—
Тапсырып бұлайша деп іс ретін.

Менің бұл айтқанымша орындаңдар,
«Болмайды» деп ешнәрсе қорықпаңдар.
Он екі мүше бас, аяқ, қолы болсын,
Осылай топырақты илеп, порымдаңдар.

Тииптің сахарасына барып бұлар,
Су менен топырақты илеп ұмар-жұмар.
Алланың айтуынша порымдады,
Болар деп арты нешік болды құмар.

Сол жерде ұдайымен қырық жыл жатты,
Жел есіп, күнге күйіп, әбден қатты.
Жын-пері, шайтан келіп таңырқайды,
Көрмеген бұрын мұндай мақлұқатты.

Басқасы Ғәзазілден қуанады,
Ұзамай көреміз деп Адамзатты.
Ғәзазіл әуелден-ақ болған қарсы,
Бақастық, адамға іштей болған жарысы.

Ішіне кіріп-шығып аралайды,
«Болар,—деп,—түбі қалай, істің барысы».
Болады деп азғыруға шамалады,
Бақастық күннен-күнге жамалады.

Аллаға әлін білмей қарсы болып,
Шырмалып ғапылдыққа қамалады.
Осыменен әзірінше тұра тұрсын
Кейіннен хикаясы оралады.

Алланың бір есімі—Құдірет Күшті,
Пландап отырады әрбір істі.
Өзінің рухынан жан һиба ғып,
Жәбірейілге «Адамға алып бар» деп қосты.

Жәбірейіл, Мекайылмен кетті алып,
«Кір» дейді жанды екеуі алып барып.
Аузынан қарағанда іші қуыс
Қараңғы, кірмеді жан қауіптеніп.

Екі рет басын сұғып қайта шықты,
Ешқайда кете алмады, түбі шықты.
Біле алмай не қыларын тұрған шақта,
Ғайыптан қаһарланған бір үн шықты.

Алланың бір есімі—Феккаһ Ғалым,
Әшкере, құпия, сыр—бәрі мәлім.
«Кір шапшаң, зорлықпенен кірдің ақыр,
Күшпенен шығады енді ақыр демің».

Ақыры кіреді жан қорыққаннан,
Дағдарып, барар жер жоқ, торыққаннан.
Аузынан «бисмилла» деп кіріп еді,
Көзге нұр кірді-ау жолыққаннан.

Мұнан соң мұрынына иіс кірді,
Тіл сөйлеп, ауызына күйіс кірді.
«Лә илләһә иллаһа» кәлима айтып,
Мұнан соң кеңірдекпен ішке кірді.

Жүрекке мұнан барып орналасып,
Тамыр мен тұла бойға қан жүгірді.
Ішек-қарын, ішкі құрылыс түгенделіп,
Сол кезде «иә, Алла!» деп бас көтерді.

Жебірейіл ұжмақтың кілтін ашып,
Хулла тон, түрлі киім алып келді.
Мекәйіл саханың аузын ашып,
Адамды бастан-аяқ киіндірді.

Кигізіп жібек кәфтан, хұлла тонды,
Беліне алтын кәмар буындырды.
Аяқта сақтианнан кебіс, мәсі,
Басына алтынды зер тәж кигізді.

Отырған төрт бұрышында бұлбұл сайрап,
Ғажайып зиннаттаған тақ мінгізді.
Құрметті періштеден жетпіс мың кеп
Ғаршыға осы түрмен алып жүрді.

Сайлаған Адам үшін Хақ Тағалам,
Күрсіге, Лаухы Қалам отырғызды.
Шақыртып періште мен жын-періні
Айнала қарсы алдында тік тұрғызды.

Таң қалды сұлулық пен сипатына
Көрмеген ешуақытта мұндай түрді.
«Бәрак Алла, ахсанел халикин» деп,
Мас болып жамалына бәрі тұрды.

Басында жамандап адамды олар
Хақ Жаллал соның үшін жауап сұрды.
Жаратқан сұлулықты құдауанда,
Просент тоқсан тоғыз бәрі адамда.
Біреуін және қалған жүзге бөліп,
Просенті тоқсан тоғыз Жүсіп пайғамбарда.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз