Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (31-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 2 мин оқу

Сөйлесе, естіп тұрған бейне бұлбұл,
Адамның сай-сүйегін босатқандай.
Аққудай алма мойын, қызыл жүзді,
Көктегі перизатқа ұқсатқандай.
Бәрінен біреуінің кемдігі жоқ
Шүйделі, жауырыны кең, ақ маңдай.

Жиырма жыл болыс боп өтті Көбек
Торғайда Шкалов деген уез демеп.
Дос болып Шегенұлы Қазыбекпен
Болыстық кетпеуіне болды себеп.

Онан соң жоғары айтқан туыстары
Ымырамен болды болыс кезек-кезек.
Рас, мақтанғаным емес жалған,
Бапталса, тұра ала ма сөзді тежеп.

Нәсілі Ұзын Торы алты болыс,
Торғайдың оңтүстігін еткен қоныс.
Таласып штат сайын болыстыққа,
Көп болды арасында тартыс-жұлыс.
Бірінші—Қара Қоға, екінші—Аққұм,
Үшінші—Торғай, төртінші—Қараторғай,
Бесінші—Сарыторғай, алтыншы—Қайдауыл
Ең шетінде болды алыс.

Түгендеп айту қиын саңлақтарын,
Саралап, ел ұстаған таңдап бәрін.
Кейбірі—қаражүрек, парақорлар,
Кейбірі елдің ойлап намыс-арын.

Ол заман пиодалдық дәуірлері
Бай, манап, үстем болып әртүрлері.
Құбылып молда мен бай ынтасы,
Ханға да бағынбады тәуірлері.

Осымен Ұзын Торы тұра тұрсын,
Былайғы үшін қыпшаққа бетті бұрсын.
Қарабалық, Бұлтың мен Көлденнен
Азырақ білгенінше мәлімет берсін.

Қарақалықтан туылды жеті бала,
Мұны да оқушылар көзің көрсін.
Танабұға, Қарса, Қазыбай, Қарақойлы,
Бердауыл, Құба палуан, Жөке
Тағы көп қалғандарын өзі бөлсін.
Менің бұл көрсеткенім деп,
Ендігі нәсілдерін өзі бөлсін.

Көлденнен—Қарағыз, Артық, Ойта, Қарсақ,
Тоқберіш, Көккөз, Ыбылғазы,
Бұлтыңнан Жолбай, Көсілбай, Күрлеуіт,
Көп халық бұлар дағы айта берсек.
Көлденнен—Бұлтың менен Қарабалық,
Бірыңғай қатар қоныс өскен халық.
Алты болыс аймағы алты жүз шаршы келеметр,
Мекендеп Абат, Тобыл бойын алып.
Бір шеті Русияға, Сібірмен шекаралас,
Тоқтайды Троицкге жақын барып.

Бұл көрсеткен он екі болыс ел
Бұлар да қыпшақтың бір баласы,
Ұраны «Ойбас», бергі атасы—Шойыналып.
Отыз қазақ Орта жүз боламыз деп,
Айтады өздері де ауызға алып.

Қазақтан бұрын болған полума деп,
Көбісі тарихының болды ғалиб.
Ұлты—қазақ, Орта жүз болғандықтан,
Келеді жаңа сәна анықталып.

Қай елде қыпшақ болса, ұлты—қазақ,
Кеткен жоқ ешкім мұны меншік алып.
Осылай ерте кезден шежіресі
Осыған тоқтасаңдар, сөзге нанып.
Қыпшақтың шежіресін айтып бердім,
Сөйлеймін жоғарыдан қайта барып.

Қашаннан жаратылыс емес бірдей,
Дүниеге келген, қалмас көрге кірмей.
Дәуірдің адамдарын салыстырып,
Ақындар қалдыра ма жиып-термей.

Қыпшақ көп, жер бетінде толып жатыр,
Бірі—бай, бірі—кедей, бірі—батыр.
Бірсыпыра азаматы қызметте,
Бырсыпыра жастары Алматыда оқып жатыр.
Өзімнің білгенімді баяндадым,
Кемісі болып жатса, түзеп жатар.
Шежіреде осы жазып көрсеткендер—
Бір тайпа әрқайсысы рулы ел.
Кейінгі ұрпақтарын біз білмейміз,
Таратып әр атаға өздерің бөл.

Торының бір баласы Торы биден
Қалыпты Тойшыкесі шығып естен.
Күзікті, Дүзікті, Соқбан, Қараша, Күзей деген
Бес бала нәсілінен көп ел өскен.
Күзікті нәсілдері Сыр бойында,
Белгілі Досбол биді датқа дескен.

Дүзікті нәсілі Бес сары—бес ата өткендері,
Супианнан үш ата дәулеттері,
Бұлардың жері Қабырға туып, кіндік кескен.
Ал Қарашадан үш бала—Қасым, Есім, Досым,
Қасымнан—Баян, Таңат, Есімнен Қарақойлы.

Досымнан Мұрат, Мырзабек, Назарымбет,
Женет, Мәмбет бесеу болсын.
Мұраттан төрт бала—Кеншім,
Сырым, Жаубөрі, Кенжебай.

Мәмбеттен—Есен, Нукесек пен Жиеналы,
Жиенбай.
Есеннен—Сартымақ, Науетектен Қойбақ.
Жиеналыдан—Ботпай, Жиенбайдан Жетім,
Мырзабек, Назарымбет, Жантық ерің.

Тағы оқыңыз