Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (40-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Сауыншы, аспазшылар болатұғын,
Қара үй бар тамақ үшін қойған тігіп.
Амалдап бәйбішенің ебін тауып,
Жүрді бай қатынасып, тізе бүгіп.
Осылай ұрлықпенен үш жыл өтті,
Бойына Домалақтың парыз бітті.
Тоғыз ай, тоғыз күні толғаннан соң,
Баланың туатұғын күні жетті.

Мамырда қой қоздайтын отырған ел,
Жайлауға көшеміз деп үйді жықты.
Орын бар бұрын барса дегендей-ақ,
Озғыншы көш алдында бай да кетті.

Үй жығып, түйе артысып жүрген еді,
Тезінен белі ауырып, бұл толғатты.
«Оралып қайтып келеміз» деп жұртқа,
Бәйбіше Домалақты тастап кетті.

Тастады серігі жоқ жалғыз өзін,
Құртпақшы Домалақтың жаудай көзін.
Амалы жоқ сегіз ұлдың шешесіне
Бай дағы білуші еді бұл мінезін.

Сегіз ұл шығыны жоқ қатар өсіп,
Семірді Сары бәйбіше сыймай есік.
Асынып қару-жарақ, жүйрік мініп,
Халайық көтермелеп батыр десіп.

Жылқы алып қырғыз елін қан қақсатып,
Үнемі дамылдатпай етті кәсіп.
Бай малын отарымен түгел қырып,
Жатпайды түнде дағы белін шешіп.

Қырғыздың атышулы Аққошқары,
Намыс қып Бәйдібекке келді бәрі.
Сайланып, қамтамасыз жүз адамды
Сайгүлік таңдап аттан мінді бәрі.
Бозала таңсәріден аттанған қол,
Тал түсте Домалаққа келді бәрі.
Қара үй тұр тас түбінде жалғыз дара
Көрмеді мұнан басқа елді бәрі.

Сезімтал, сергек батыр Аққошқарға
Білінді Домалақта әруақ бары.
Аққошқар жақын келіп амандасты,
Артығынан амандықтың жөн сұрасты.

—Бір жан жоқ сенен өзге бұл маңайда,
Үркіп жау тигендей қайда қашты?
Келіп ем Бәйдібекті шабайын деп,
Қапысын қапияда табайын деп.
Домалақ, батаңды бер, жөніңді айт,
Келген соң бос қайтпайын әдейі іздеп.

—Қашқан жоқ, көшіп кетті ел жайлауға,
Орнығып, сонда барып бие байлауға.
Батамды Аққошқар би сонда берем,
Бір тілек қабыл етіп, берсең сауға.
—Беремін тілегіңді, бер батаңды,
Оралып, ертең келіп осы маңда.

Домалақ бата берді көтеріп қол,
Мазмұнын батасында былай деді ол:
«Барасың, барасың да, аласың.
Қызығы сенікі болсын,
Қазығы менікі болсын»,—
Деді де бет сипады, айтқаны сол.

Қалың қол мұнан кейін жүріп кетті,
Кештетіп жайлаудағы елге жетті.
Аңсызда шырт ұйқыда жатқан елдің
Қалдырмай жалғыз тайын қуып кетті.
Шаңдатып, шырқыратып құлындарын
Түс ауа Домалаққа келіп жетті.

Шаң басып, қара тұман аспан-жерді,
Келгенін тасқа шығып ене көрді.
«Ал, енді қалауыңды, Домалақ» деп,
Аққошқар өзі келіп хабар берді.

Сонда ене сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Тілекті берсең, Аққошқар,
Жылқыға таман өзің бар.
Тоқсан құлын баурында
Сары айғырдың үйірі бар.

Енесінен шу асау
Жүген-құйрық кимеген,
Арқаға тоқым тимеген,
Сондай асау жануар.
Көп жылқыны алмаймын,
Олжаңа ортақ болмаймын,
Жалғыз ғана соны бер.

Сонда Аққошқар сөйледі,
—Әй, Домалақ, Домалақ,
Жүген-құйрық көрмеген,
Аспанға аяқ сермеген,
Айғырды аласың сен қалай?

Біз де бір жүрген нән талай,
Қуғыншы келсе артынан
Жау қайда деп анталай,
Қырғын соғыс болмай ма
Көздері кетсе қанталай,
Бәйдібектің баласы
Өңкей батыр зәнталақ.
Сонда ене сөйлейді:
—Әй, Аққошқар, Аққошқар,
Опа қылсаң сөзіңе
Сары айғырдың үйірін
Айдап келіп алдыма,
Бір көрсетші көзіме.
Ұстап алсам, алайын,
Алмасам, құр қалайын,
Саған риза болайын.

Бұл сөзді естіп Аққошқар,
Сары айғырдың үйірін
Айдап келді алдына
Таянып екі бүйірін.

—Құрайт, құрайт, жануар,
Құтың менде, жануар,
Қызығың менде, жануар,
Құрайт, құрайт, жануар,
Ұмыттың ба, жануар,—
Айғайлады құрайттап.

Таңға жуық болғанда
Жылқы келер мұнда деп.
Арттан қуып барсаңдар,
Мерт боласың, балалар.

Тағы оқыңыз