Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (4-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қалғаны бір просент екеуінен
Жер жүзін мекендеген барлық жанда.
Жүсіп пен Адам ата, Зылихадан
Сұлу жоқ үшеуінен бұл жалғанда.
«Қисса ул-әнбиа» табыри алты тармақ
Тауарих суреттейді кітаптарда.

Жиналған жын мен пері—барлық халық
Адамға қарай алмай көзі ұялып.
Шағылып нұры күнмен жарқырайды,
Тұрғандар бойы балқып, естен танып.

—Көркем жан бұл секілді жаратыпсыз,
Білмедік біз әуелде, Жаббар Халық.
Ғафу ет білместікті, Ғафур Рахман,
Отырмыз қатамызды мойынға алып.

Бұлар айтқан жаратсаң нәсіп беріп,
Кісі өлтірер зина ғып нәпсіге еріп.
Біз сізге тәсбих айтып ұлықтаймыз,
Қалайша сәжде етеміз оны көріп.

Жаратсаң топырақтан надан болар,
Ғылымнан хабары жоқ адам болар.
Біз оттан жаратылдық асыл нәрсе
Қалайша артық болады бізден олар.
Біз оған сәжде қылып бас ұрмаймыз,
Ешкімді өзімізден асырмаймыз.
Етпейміз мұныңызға ризашылық,
Іштегі сырымызды жасырмаймыз.

Уағлаама адам әл-әсма кулләһа сүмма ғардахум ғала малаикати фақала әнбиуни басмааи хаулааи ин кунтүм садиқиина.

Адамға құйды Алла ғылым нұрын,
Білдірді әрбір затты бірін-бірін.
Мұнан соң періштеге сұрақ қойды,
—Айтыңдар, не нәрсе?—деп нұсқап түрін.

Көрсеткен мақалдағы түрлі затын,
Ешқайсысы бере алмайды атап атын.
—Бастағы білім қайда?—деді Жаббар
Бас тартып сәжде етуден қойған шартын.

—Бастағы біз артықпыз деген қайда,
Оларың қарсы келген бар ма ойда?
Бұлардың неге айтпайсың есімдерін
Болды ма, ойлаңдаршы, түбі пайда?

Қалу сүбханакә лә ғилма ләна иллә мәғалламтәна иннакә әнтал-ғилму әл-хаким.

Баршасы жын мен пері, періштелер,
Өзінің шатасқанын білді бұлар.
—Білуші, ғалым, хакім—сіз екенсіз
Кешір деп күнәмізді,—шулады олар.

Қала: «Йа, Адам, әнбиһүм би-әсмааиһүм фәламма-әнбаиһүм би-асмаиһүм қала әлам ақұл ләкүм инна ағламу ғаииба ассамәути уа әлғарди уа ағламу мә түбдуна уа ма күнтүм тактумүн».

Адамға мойын бұрып Алла Жаллал:
—Бұл заттар есіміне берші дәлел.
—Мынау—жер, анау—аспан, ай менен күн,
Ғалам бар бұл дүниеде он сегіз мың.
Жаратып жұпты-жұпты ризық беріп,
Өзің,—деп есімдерін айтты түгел.

Адамның ғажайыптан біліміне
Ұялып періштелер болды малил.
Бұрынға бахастықты бұлай қойып,
Десті енді «жан екен деп ақылы кәміл».

Жын-пері тегісімен періштелер:
—Қожасы жер мен көктің пәруардигар,
Барлық сыр өзіңе аян, бізге күмән,
Кешір,—деп қатамызды шуладылар.

Адамның қасиетін көзбен көрдік,
Артықша ғалым екен ізіне ердік.
Болмаймыз мұнан былай сізге ғасы,
Қайтпас ант, айнымас серт, уағда бердік.

Уа из-құлна лил-малаиикати әсжүдули лил-адама фәсажаду уа илла иблиса әба уа әстакбара уа кәна мина әл-кәфирин.

Алланың бір есімі—Рақым Жаббар:
—Олай десең, Адамға сәжде етіңдер.
Періште, жын мен пері бірі қалмай
Басқасы Ібілістен сәжде еттілер.

Ібіліс сәжде қылмай тұрған қалып,
Мойнына киіліпті лағынет қамыт.
Қап-қара түсі доңыз мисалында
Шығыпты ұясынан көзі аларып.

Шошынып Ібілістің порымынан
Халайық сәжде етті қайта барып.
Намазда екі қайта сәжде ету,
Сондықтан уәжіп болды бізге қалып.

Тәурат, Інжіл, Құран—бәрінде бар,
Білдірген Пайғамбарға Жаббар Халық.
Ғаламда ай мен күннен ғибрат алса,
Осылай жаратылыс болған анық.

Кейбіреу Құран сөзін жалған дейді,
Аударып жастық бетін, кеткен нанып.
Тексеріп Құран сөзін, ақиқаттап,
Шайтанмен салыстырып ауызға алып.

«Күллі нәфсин зайқатул мәут» деген Алла
Тамаққа келген кезде жан тақалып.
Есіне есалаңдық сонда түсіп,
Аллаға жалбарады сонда налып.
Келетін Алла деуден еш зиян жоқ
Ойламайды күн ілгері есін алып.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз