Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (41-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Шылбырына оралып,
Жалына ана айтады.
Бірақ тілін алмады,
Барамыз деп болмады.

Сегізі бірақ жөнеді,
Сағаға таман келеді.
Саға судан өтеді,
Сонда қырғыз қуады,
Бұқтырма қуып тығады.

Алдынан аңдып түсіріп,
Сегізін ұстап алады.
Сегізін бірақ бауыздап,
Жосадай қып салады.
Бәйдібек бар артынан
Топталып мұнда келеді.

—Балаларың тіл алмай,
Осы жерден жөнелді.
Балаларың мерт болды,
Қайтпайтұғын серт болды.

Барып қара өлікті
Жалған деме мұнымды.
Бәйдібек те жөнелді,
Қайта оралып келеді.

«Балалар тегіс өліпті»,—
Деп жауабын береді.
Домалақ ене бас болып,
Жегіп арба айғырға
«Өлгенге енді қайғырма»,—
Деп жұбатып, әл беріп,
Дереу жинап өлікті
Бір жерге әкеп көміпті.

Домалақтай ененің
Қасиеті көп еді.
Таңға жуық болғанда,
Жылқы келер деп еді.

Түн ортасы болғанда
Құрайт салды Домалақ.
Сары айғырдың даусынан,
Тау жаңғырып, тас құлап,
Таң сарғайып атқанда,
Жылқы келді шұрқырап.
Келді шаңы бұрқырап,
Көшіп елге жөнелді.

Сегіз күндей көшеді,
Күні-түні дамыл жоқ,
Тыным алған күні жоқ,
Кіші жүз бен Орта жүз
Маңайына қонды кеп.

Домалақ сонда толғатты,
Сырық бақан орнатты.
Бебеулетіп ананы,
Бала келді дүниеге.

Қуанды ана масайрап,
Қолына алып баланы,
Бар денесін қарады.
Еркек бала туыпты,
Бірақ басы жаралы,
Ана болды назалы.

Сары бәйбішеден болғанын,
Сонда ақылмен табады.
Кіші жүз бен Орта жүз
Бәйдібекті көшіріп,
Аламыз деп ауылға
Ат терлетіп келеді.

Кіші жүзде көпке аян
Бір оташы бар еді.
Кейде еміп, кейде ембей,
Талып жатқан баланы
Оташы кеп көреді.
«Суық қолдың орны» деп,
Көзінше айтып береді.

Жарық жерін басының
Ойып алып оташы,
Тасбақаның сүйегін
Жамап соған береді.

Бала оңалды үш айда,
«Жарық төбе болды» деп,
Жарықшақ деп ат қойды.
Жарықшақтан туды үш ұл
Бірі—Дулат, бірі—Албан,
Бірі Суан білсеңіз.

Бұрынғыдан естіген
Ата жайы ел сөзі.
Домалақтай ененің
Бізге дастан әркезі.

«Ата жайын ұқпастан,
Құр мақтанға жармасқан
Сен Дулаттың бір ері,
Кіргіздім әкеп аймаққа».

Жамбыл атам бір сөзі
Тарихты теріп жинаған.
Шыбын жанды қинаған,
Артындағы мен көзі—
Бұзаубай Жайлаубайұлы.

Бәйдібектің Кіші жүз, Орта жүзге орналасуы

Осылай Домалақтың шықты аты,
Білінген әулиелік шарапаты.
Аңыз боп ел аузына кең таралды,
Бәйдібек байдың сондай жамағаты.

Сол енем бір күн жатып түс көреді,
Ғажайып неше түрлі іс көреді.
«Бас болған Әбілқайыр, Қотан қария
Ызғындай тізбек-тізбек көш көреді.

Көш келіп қонды бір көл жағасына,
Сырдария күнбатыс жақ сағасына.
Жүк түсіп, түйелерді сап қотарлап,
Қол қойды кереге, уық ағашына.

Әйелдер керегеге таңғыш буып,
Көтерген шаңыраққа шанышты уық.
Ақ орда киіз жауып болып шықты,
Сәулесі сағымдалып көкке жуық».

Көтерді ұйқысынан енем басын,
Бір шолып алды әуелі айналасын.
Көрген түс бастан-аяқ баяндады,
Оятып жанындағы жар-жолдасын.

Жер ауып Сыр бойына барған кезіп,
Қырғыздар қырып салып бар баласын.
Жылқысын алса дағы қайтып келген,
Ененің қабыл көріп Хақ дұғасын.

—Осы түс тегін емес,—деді ене,—
Көретін кезі болды көздің жасын.
Кез болып зұлымдардың қармағына,
Ерің жоқ, талауда жүр мал мен басың.
Көк қасқа жылқы сойып, тілеу тіле,
Табылад енді мақсат жан жолдасым.
Шақырып бұл халықтың батасын ал,
Бұл берген болсын көпке қонақасың.

Бұл түсті көрсетуші Хақ Тағалам,
Нанарсың, өз көзіңмен көрсет маған.
Хан болып Әбілқайыр, таққа отырып,
Қарайды өзбек, қазақ бәрі соған.

Бақыт мәртебесі жоғарылап,
Келмейді ешбір дұшпан батып оған.
Ақ Орда, Астрахан мен Сырдария,
Арасы оңтүстіктен озар соған.

Тағы оқыңыз