Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (13-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қашқанмен мұнан артықтары жоқ,
Бос сөзге осындай бір ұста халық.
Түсінік иә, беру жоқ, иә, алу жоқ,
Өзінің айтқан сөзін ұстап алып.

Атамыз Аннас деудің себебі бар,
Сенімді шындығына тіреуі бар.
Күмәнді беретұғын ешнәрсе жоқ,
Тағы да қолға ұстайтын біреуі бар.

Бір мың да шамасында елу бес жыл,
Құнанбай қажыға барған осыны біл.
Сол жылы Жаппас Мырқы бірге барған,
Аламыз екеуінен біз біраз жол.

Екеуі жолдас болып бірге барған,
Би болған, бай да болған топты жарған.
Санаспай қанша болса расқодын,
Ата-ана, күтушісін алып барған.

Сыйатын қанша қажы барса дағы,
Бір үйді Мәдинада оқып салған.
Ішінде не керегі бәрі дайын,
Сыйлаған шырақшысы мәңгі қалған.
Сол кезде дінсіз, түпсіз халықсың деп,
Кімнен деп түп шығысың деуші болған.
Арнаулы патшадан адам шығып:
«Таппасаң,—деген қысып,—кіріс қолдан».

Бұл жақтан ешбір әрхіп таба алмаған,
Сұрау сап іздесе де оң мен солдан.
Халыққа бұл жақтағы өкіл болып,
«Сол жақтан сұраймын» деп мойындалған.

Халықты үй салдырып, бір жыл қыстап,
Бітірді іші-сыртын үй дұрыстап.
Ғарабтың сұлтанына бір күн барды,
Тапсырған халайықтың сөзін ұстап.

Алдына сәлем беріп, тұрды барып:
«Алыстан біз мүсәпір, келген ғарып.
Түркістан уәләяты, қазақ едік,
Ертеден ислам дінін тұтқан анық.

Қарадық 1731 жыл Руссияға,
Бұлар жүр «дінсізсің» деп пәле салып.
«Тіркелген түп шежірең қайда?» дейді,
Халық едік отырмаған қала салып.

Алмады қолжазбаны ілтипатқа,
Аннас деп жүруші едік ауызға алып.
Сұлтанның мұны естіп рахымы түсті,
Қысылған дін қарындас сөзге нанып.

Шақырып бір адамды қосып берді,
Әрхіпті қараңыз деп алып барып.
Пайғамбар заманынан қойған тіркеп,
Тұраннан өсіп-өнген көп халықтан.
Аннасты Мәлікұлын тапқан сарқыт,
Бұл Аннас ертеден-ақ мәлім екен.
Оқыған, өзі діндар ғалым екен,
Тапсырып Пайғамбарға ата-анасы,
Болғаны қызметінде анық екен.

Көп хадис Пайғамбардан алған жаттап,
Хақ Расул фатиха берген еңбек ақтап.
Нәсілі сол кісінің боласыздар,
Күншығыс Азияға кеткен қаптап.

Қолына қағаз берген мөрін басып,
Не керек енді бізге мұнан асып?
Исламның мықты орны дін ұстаған,
Берді деп ойлаймыз ба өтірік қосып?

Құнанбай сол қағазды алып келген,
Көзі мен қолына ұстап әркім көрген.
Арабтың сұлтанының мөрін көріп,
Аннастан екендігін анық білген.

Сол қағаз әркім айтад анықтығын,
Сақтапты Марал ишан жарықтығың.
Хамиттен сұрап едім, «рас» деді,
Білмеймін осы күні бар ма-жоғын.

Көрсетіп сол қағазды патшаға,
Рас деп мөрін көріп берді баға.
Құтқарып крес тағып, шоқынудан,
Құнанбай еңбек еткен сұлтан аға.

Осыған Абай сенбей, болып қарсы,
Самнан деп араб һәм рухым парсы.
Ғарабтың Аннасы анық нәсілінен,
Ел солай қалдыруға болған жаршы.
Өзі де үйлестіріп тарих жазды,
Қалмақтан ақшар, ғажар, қосып парсы.
Алмады Абайдың да шежіресін
Тарихқа үйлеспейд деп мұның барысы.

Бір нұсқа жер жүзінде бар емес пе,
Мағлұм болмағанмен Лаух Ғаршы.
Анығын-ақиқатын таппасаңдар,
Бұған да көңіл бөліп, назар салшы.

Алынбай Аннас ата сонан бері,
Айтты деп қазақ ақын кемеңгері,
Ғалымдар қыр-қуадан іздеседі,
Жобаға келе алмай жүр дегендері.

Аннасты, Мәлікұлын қоссақ тағы,
Бұ дағы шартараптан бергі жері.
Білгенін қадари хал баяндады,
Бұзаубай сексен жаста—еңбек ері.

Сыналған бұрын топта жүйрік емес,
Сөкпеңдер келмеді деп сөз бедері.
Кінәмшіл, кірлеушіні кім тыйады,
Азамат алғыс айтар білгендері.

Бұл ұзақ келе алмады ажарлауға,
Аз емес бес-алты ауыз базарлауға.
Белсене не болса да түсіп кеттім,
Айқастан кем болмай тұр қалың жауға.

Тағы оқыңыз