Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (39-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Аршылып ішек-қарын, қазы-қарта,
Үлгірді әйелдер де қазанға сап.
Шай ішіп, қымыз ішіп түс ауғанда,
Алдыға келіп қалды ет те жасап.
Туралып, «бісмілла» деп алды билер,
Әзалда осы малды еткен нысап.

Тазының күшігіндей тоғашылар
Жылмиып, жылмаң қақты еттен асап.
Сорпа ішіп, сулық тастап, су құйылды,
Қайтқан соң алдарынан табақ асап.

Қотан би патихаға қол көтерді,
Бәрі де «аумин» деп жайды құшақ.
Бір уақыт «Алла Акбар» бет сипады,
Күңірентіп аққуға ұсап біраз созып.

Тамақ жеп, тысқа шықты өңкей манап,
Би мен бек Тәңірім берген бақыт қалап.
Борба аяқ, жуан қарын байлар да бар
Ырсылдап, күрілдейді майлар қалап.

Отырды дәрет қылып оңашалап,
Көпшілік, сөзімізге салшы құлақ.
Басынан әңгімені түсіндіріп:
«Осындай ойымыз бар,—деп,—талап».

Екі би көпшілікке айтты сырын
Жасырмай айтылғанның бірде-бірін.
Ел болып өзбек, қазақ өз алдына
Тұралық екі хан боп дегендерін.

Қалқайып көпшіліктің құлақтары
Билері айтқанының ұнап бәрі,
Ырғалды біреуіне-бірі қарап,
Бой балқып, отыра алмай шыдап бәрі.

Аяқтап билер сөзін болған кезде,
Кезекпен сөз сөйледі түгел бәрі.
Жалт қарап көпшілікке, қол көтеріп,
Ноғайбай сөз сөйледі мұнан әрі.

—Көпшілік, тыңдаңыздар, салып құлақ,
Билердің бұл айтқаны кетті ұнап.
—Сүйегі қурап қалған Шыңғыс ханның
Әруағын біраз сақтап келдік шыдап.

Кейінгі артта қалған нәсілдері
Бейбастық, жүген көрмей, кетті ынтымақ.
Сазайын жөні келді, тарттыру жөн
Жалмауыз, жатыпішер, арамтамақ.

Құдайдың кең жеріне ие болып,
Шығармай Сыр бойына қойды қамап.
Ісіне қарағанда жауыздардың
Ордасын, обал емес, алса талап.

Саламын бар малымды осы жолда,
Егер де хандық келіп тисе қолға.
Безетіп алтынменен іші-тысын
Жәрдемсіз өз күшіммен салам орда.

Еденге қалы кілем, мақпал төсеп,
Мешіт сап, жидырамын қожа-молда.
Иншалла, айтқанымды орындаймын,
Тұрғанда баста бақыт, дәулет қолда.

Болатын отыз ұлы Ноғайбайдың
Бар елі—екі құлы осы байдың.
Қазына алтын, күміс жеткілікті,
Санына жете алмайсың жылқы, қойдың.

Қайыры тиюші еді мұсылманға
Жәрдемін аямайтын қысылғанда.
Аралап Тәшкен, Бұқар, Үргенішті
Керуені барушы еді Мысыр, Шамға.

Артқаны қалы кілем, түрлі бұйым,
Көргендер ғажаптанып қалар таңға.
Отыз ұлы отыз ауыл өз алдына
Осынша бақыт берген Құдауанда.

Береді сұм дүние кімге опа,
Кетті өтіп көрген түстей солардан да.
Тұрсақ та опасызын көзбен көріп,
Ғұмырмен санасатын біз бір пәнда.

Осымен Ноғайбайды қоя тұрып,
Барайын әулетіме бетті бұрып.
Қотан би, Әбілқайыр әңгімесін
Айтайын қал-қадари түсіндіріп.

Екі би қолға алған соң мұндай жұмыс,
Дамылсыз ел аралап болды жұмыс.
Өзбек пен қазақ жерін аралады,
Бір айдай аттан түспей, көрмей тыныс.

Ұлы жүз Бәйдібек би

Болыпты ұлы жүзде Бәйдібек бай
Алатау, Тянь-Шань мекені бай.
Басына бақыт қонып, қыдыр келіп,
Артықша дәулет берген Жаббар Құдай.

Сегіз ұл арыстандай қатар өсіп,
Қайрат-күш, өнер-білім бәрі де сай.
Қаралас қатар өскен қырғыз-қазақ
Дәулеті бақытына келеді сай.

Қисапсыз түрлі қазына, жиған мүлік,
Саны жоқ біткен малда бұл төрт түлік.
Асынып қару-жарақ сегіз ұлы,
Арғымақ мінгендері кіл сәйгүлік.

Мастанып дәулет, бақыт, абыройға,
Көршілес салып жүрді елге бүлік.
Қырғыздың аты шулы Аққошқары
Күндестік етті сырттан мұны біліп.

Болыпты осы байдың үш әйелі,
Домалақ дейтін аты кіші әйелі.
Ажарлы, түсі сұлу болмаса да
Ақылды, әруақты, ол саналы.

Әйелдің қасиетін бойда біліп,
Бағады ықыласпен іші жылып.
Үлкені Сары бәйбіше өте қатал
Жатуға шамасы жоқ ойнап-күліп.

Тағы оқыңыз