Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кіші жүз шежіресі (20-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 2 мин оқу

Сартайдың әкесі Байжан Бұландының бойында Тарақ деген кең қолтық жер бар екен Арал теңізінің жағасында. Сол жерде Адамтас деген тас әлі бар. Сол жер Байжан атындағы жайлау екен. Сол кезде Сартай он төрт-он бес жас шамасындағы бала екен. Әкесінің жылқысын бағып жүреді екен. Сол жылқыны бағып жүргенде бір шалқасқа тұлпар келіп, бір биесіне шауып кетеді. Сол биеден шалқасқа ат туады. Байжан атамыз Сартайға «сен адам боласың» дейді екен. «Ары болсаң, бір жүз елу жас жасайсың» дейді екен. Сартай адам болып ат мініп, қатарға келген соң бір төрелікті түзу айтпай, сонан жиырма бес жас кеміген дейді. Сонда да бір жүз жиырма бес жас жасаған адам екен. Кейін Сартайдың Шалқасқа атына серік Көкбас деген атаны болған. Ел арасына сол атанменен жүреді екен. Сартай өте ірі адам болған. Ат алып жүре алмайды. Шет елге жауға шапқанда Шалқасқа атқа мінеді екен. Қаракөл деген көлдің басында Сартай деген қорым бар. Ол Сартайдың сүйегін жуған жер. Сартай өлерде «менің сүйегімді Көкбас атанға артып жібер» дейді. Ол атан Қосымқожаның қор жағына барып тоқтайды. Сартайды сол жерге қояды. Сартайдың сүйегі Қосымқожада, Қызылдың шөлінде.

Қолыма қалам алып жаздым хатқа,
Жаздым мен Кіші жүздің батырларын.
Атағы жойылмасын қалып артқа,
Халық қорғап заманында өтті бұлар,
Жайылсын жария болып, сөз халыққа.

Бұл сөзге талаптандым етіп еңбек,
Атағын ерлеріңнің шығармаққа.
Фердоуси, Рүстемді,
Отыз жыл жазып қалдырған,
Дүние жүзіне сөзін халыққа.

Біліп ол оның еткен еңбегіне,
Түсінде көріпті мініп пыраққа.
«Алты жүз жыл жер астында қалып едім,
Қалдырдың атағымды,—деді,—артқа.

Бұл сөзді бір жыл жазып, еттім еңбек,
Менің де бұл еңбегім кетпес босқа.
Бұл сөзім білімдіге түсінікті,
Адам деп түсінбейтін ақыл қысқа.
Жазып ал жақсы сөзін жастарымның,
Жақсыдан кем болмайсың, алсаң нұсқа.

Қолыма қалам алып қараладым,
Сұрасаң атым—Қарман Сұлтанұлы,
Жасымнан ой мен қырды араладым.
Қолымнан келгенінше құрмет етіп,
Етегін жақсылардың жағаладым.
Деген бар «ел қыдырған болар сыншы»,
Айырып жақсы-жаман шамаладым.
Әуелден өлең-жырға үйір болдым,
Сөз жинап, сөз қадірін бағаладым.

Белгілі Нұртуғандай болып жүйрік,
Шайырдың қатарына саналмадым.
Тотыдай бойын толғап таранғанмен,
Сөздерін алпыс шақта таба алмадым.

Сондықтан Кіші жүзді жыр етуге,
Көңілдің көрме туын сабаладым.
Әйтеке, Сартай, Жылқайдар жыр етейін—
Кеуіліме осы болды қалағаным.
Жинақтап көптен бері сөз желісін,
Кәрия үлкендерден сұрағаным.

Артына Жылқайдардың және қостым,
Тіліне жәрдем бергей бабаларым.
Бұл сөзді естігенде таласарсың,
Ішінен аларсың бір жарағанын.
Баспаға бұл сөзімді берсем деймін,
Білмеймін не айтарын сыншылардың.
Еңбекті бағаласа тыңдағандар,
Сөзімнің пайдаға асып, жарағаны.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз