Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (34-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Біреуі жолдасының ерте тұрып,
Аттарын таңасырған от жіберіп.
Кірісті шай қайнату жабдығына
От жағып, мосы ағашқа шәйнек іліп.

Жуынды дәрет алып жолдастары,
Абыржып шырт ұйқыдан түрекеліп.
Сар қазы, ақ құйрықты алдыға әкеп,
Әртүрлі дастарқанға жеміс төкті.

Жайласып, жабырқамай ішті шайын,
Әртүрлі әзілдесіп, ойнап-күліп.
Үлкені ішіндегі базаршы қарт
Қайтарды дастарқанға патиха беріп.

Баршоқ айтты: «Жатыңдар осы жерде,
Бір адам меніменен барсын бірге.
Біздің порым бұл жерге үйлеспейді,
Жат көзіне түспейік әркімдерге.

Әуелі көрінейін ханға барып,
Сөйлейін бар мұңымды тісті жарып.
Есіркеп, арызымды қабыл алса,
Халыққа көрінелік сонсоң барып».

Баршоқ ер «иә, Алла» деп атқа мінді,
Жанына жалғыз ғана атқосшы ап.
Жаяулап атын байлап орда барды.
Кіруге қараушыдан рұқсат алды.
Есіктен қол қусырып сәлем беріп,
Патшаның тақта отырған қолын алды.

«Япыр-ай, батылсыған кім еді?» деп,
Абайлап тақуалап көзін салды.
Бір көрген адамдайын түсі-түрі
Ойына түсіре алмай аң-тай қалды.

—Иә, ата, аманбысың Әріпшаным,
Дұшпанды бетқаратпай алысқаным.
Кеткен соң атам Алаш бағы тайып,
Бұл күнде елден қашық, алыстамын.

Сізге қояр ешқандай кінәміз жоқ,
Барластан дей алмаймын ала ұстадың.
Көнбеді айтқаныма ел мен жұртым,
Болмаса екі аға да болыспадың.

Не пайда іс өткен соң өкінуден,
Қолымнан бар келгені, намыстандым.
Арманым көңілімдегі, атекежан,
Дұшпанмен қарсы тұрып шабыспадым.

—Ой, шырағым,—деді шах,—Баршоқпысың,
Ұқсаттым-ау Машханға дене-пішін.
Порымың, даусың да жылы тиіп,
Көргеннен жылып еді менің ішім.

Кетіп ең қапияда қолға түспей,
Жүрмісің аман-есен, тірімісің?
Қоямын бір шаһарға бек қып сайлап,
Қабылдап айтқанымды қыламысың?
Көзімнің тірісінде келдің іздеп,
Бар менде қолқа салар не жұмысың?
Беремін бір тілегің, сұра менен,
Алаш хан әруағына досым үшін.
Ұмытып қалған екем көргенімді,
Жасыңнан артық асқан мергеніңді.
Сейілге Алаш ханмен бірге шығып,
Бір сұңқар құс пен аңға қырғи болып,
Қызығын бірсыпыра көргенімді.

Ойынан ханның шығып кеткен екен,
Отыз жыл сонан бері өткен екен.
Ағарып сақал, шашы, әжім кіріп,
Кәрілік шаққа дағы жеткен екен.

Күрсініп, басын шайқап құдды бөтен,
Елестеп жастық дәурен бастан өткен.
Таралып, денесінен еті қашып,
Кезі екен жетпіс беске жасы жеткен.

Сөйледі Баршоқ бастан көргендерін,
Соңынан көп халықтың ергендерін.
Көрші боп Қарлұқ, Қакас елдерімен
Қарсы алып Қытай жерін бергендігін.

Талғардың ұзын аққан саласынан,
Жаңа шаһар, қала салып жер кіндігін.
Берер деп «сегіз санат» ақылға алып,
Қалтқысыз қанағаттап, сенгендігін.

Мақсаты Азиямен араласу
Сол үшін көңілінің бөлгендігін.
Атасын көзі көрген өзімсініп,
Басшы боп керуен тарта келгендігін.

Мақтады өнерлі деп Қытай елін:
—Жаулық жаһаннан келер, берем сенім.
Үсті мал, асты қазына—алтын, күміс,
Игеріп жатыр қазір жердің кенін.

Келемін бір түйеге алтын артып,
Патшаға беру үшін сыйға тартып.
Дос болып қытайменен аралассаң,
Дәулетің кетер еді мұнан артып.

Пайдалану керек қой шеберлерін,
Аласың тәжірибе өнерлерін.
Қате деп көңіліңе ала көрме
Туыстық бір ақылым берер менің.

Аз ғана патша тыңдап отырды да:
—Әй, Баршоқ, құлағың сал, сөзім тыңда.
Қате деп айтқаныңды ойламаймын,
Қолданып баршасы да шығар шыңға.

Мен қытай қызықпаймын байлығына,
Бір түйе алтын берген сыйлығына.
Бәрінен, Баршоқ, сенің жолың қымбат,
Келгенде сөздің сайып шындығына.

Беремін, берем дедім тілегіңді,
Байқадым адал, ниет жүрегіңді.
Керуенің араласын рұқсат еттім,
Тағы ал, нендей қолқа керегіңді.

Тағы оқыңыз