Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (18-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Адам жоқ, үйге кірсе, қыздан басқа,
Бола ма жас аруды қызғанбасқа?
—Шешең қайда, бар ма, қайда еді?—деді бектер,
—Шешем бар, біреуді екеу ету үшін
Кетіп еді келеді айырбасқа.

Бұған да түсінбеді меймандары,
Отырды үндеместен одан ары.
Әкесі, шешесі де қайтып келді,
Қуанды іштерінен меймандары.

Әкесі меймандармен амандасып,
Үйінен шығып кетті асып-сасып.
Далада бірсыпыра кідірді де,
Бір қойды сүйреп кірді есік ашып.

Қонақтан қолын жайып, патиха алып,
Байлады төрт аяғын жығып салып.
Абыржып, кемпірі де сасып жатыр,
Қазанға суды құйып, отты жағып.

Терісін сыпырған соң, ішін жарды,
Меймандар қарап отыр сырттан бағып.
Ішінен арыстай боп қозы шықты,
Аяды, буаз қойды сойды нағып.

Сол түні қонақ болды екі уәзір,
Ықыласта қонағасы болды әзір.
Қонағын ертеңінде аттандырды:
—Шырақтар, бізде осы, бар-жоқ мәзір.
«Рахмет» деп ең болмаса айта алмады,
Жоқтығын шал байқады жігер-қажыр.
Қой сойып бергеніне қынжылмады,
Алла үшін болар деді қайыр нәзір.

Ашады уәзірлер шалға сырын,
Оларға қыздың сөзі болды қырын.
Ханына қалдырмастан айтып барды,
Көрдік деп жұрт мақтаған қыздың түрін.
—Жынды ма, әлде есірік, диуана ма,
Сөзінің түсінбедік бірде-бірін.

Баяндап қалдырмастан қыздың сөзін,
Мақтады жаратылыс, құлық-мінезін.
—Таптырмас таптан шыққан сұлу екен,
Егер де дұрыс болса сана-сезім.

Есбай хан мұны естіп ойға қалып,
Шеше алмай өзі дағы қайран қалып.
Бар еді бір білікті ғұламасы,
Қыз сөзін өтпек болды соған салып.

Ордаға сыйғанынша ел жиылды,
Естуге қыз жұмбағын хабарланып.
Деді хан: «Көпшілікке керек болдың»,—
Екі уәзірмен ғұламаны шақырып ап.

—Әуелі мен айтайын мәні-жайын,
Жібердім біліп кел деп қыздың жайын.
Еш жауап қанағаттар әкелмеді,
Тек қана айтатыны—сары уайым.

Сөзіне жауап берген қыз көрінеді,
Түсініп, етпегей деп сөзін байып.
Сөйлесін қыз жауабын екі уәзір,
Шешуге, молдаеке, болғын дайын.
«Сөйле» деп рұқсат етті уәзірлерге,
—Анықтап түсіндір деп енді бізге.
Көргенде көркінен біз не танимыз,
Бедерлі керек боп тұр сөзі бізге.

Есбай хан осыны айтып қалды тоқтап,
Біреуі баяндады сөзді баптап.
Қалдырмай қыздың сөзін айтты түгел,
Өздері ұғынғанша алған жаттап.

Бас изеп, түсінген деп еміреніп,
Ғұлама ұғып отыр бәрін жаттап.
—Жарайды, уәзірлер, тоқта,—деді,
Риза боп қыз сөзіне қанағаттап.

Молла да қыз сөзіне қайран қалды,
—Данышпан екен,—деді,—бұл әйелді,
«Ала гөр» деді мұны тездеп барып,
Берсең де қазынадағы барлық малды.

Хан барып, сардарлар алып келді,
Риза ғып ата-ана—кемпір-шалды.
Ұнатып ақыл, білім, парасатын,
Есбай хан уәзір қылып жанына алды.

Әйелдің көтеріліп дәрежесі,
Есбай хан дәуірінде теңдік алды.
Прауа ерлермен тең, қару ұстасып,
Қойдырды алатұғын қалың малды.

Қата деп айта қойман мұны ешкім,
Артында бұл ханның да аңыз қалды.
Бұл хандар Уәлихан нәсілдері,
Кейінгі осы атадан ханның бәрі.
Әбілқайыр, Нұрәлі, Ерәлі, Есім,
Қаратай тоқталады мұнан ары.
Хан, сұлтан, жасауылдар мұнан ары,
Шекті, Адай, Байболдан қалғандары.

Кейбіреу білмесе де таласады,
Шындықтан таласса адам адасады.
Тоғыз, оныншы ғасырлардан
Келе жатқан хан тұқымы,
Қалайша Шыңғыс ханға жанасады.

Адасқанның алды жөн демеңіз,
Талай шындық, табамын тамашаны.
Шығады салыстырса артық, кемі,
Кімде-кім білімдімен санасады.

Қазақтың екінші баласы Асанның баласы

Алшын нәсілдері

Ал Асанның екінші ұлы туған Алшын,
Тыңдаушым, бұған дағы құлақ салсын.
Елде көп шатастырған шежірелер,
Пәйімлеп мұны дағы есіне алсын.

Тағы оқыңыз