Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (9-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Бөлініп Әбілқайыр Өзбек ханнан,
Қотан би, әз-Жәнібек басшылық етті.
Жиып ап бытыранды бар қазақты,
Әз-Жәнібек ең әуелі хандық етті.

Тексеріп туыстығын үшке бөліп:
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп ұран етті.
Ғасырдан он төртінші бермен қарай,
Қазақтың әр тарапқа даңқы жетті.

Білімді елден көсем, батыр шығып,
Қорғады жұт пен жаудан төңіректі.
Қолға алып әдебиет үлгілерін,
Тексеріп арғы-бергі ата текті.

Майқы би, Асан қайғы, Ақжол атам,
Жинақтап сонан былай шежіре-текті.
Өзгертіп асыл құнды шежірені әркім
Ақыры азып-тозып бізге жетті.

Үйлеспей, біреуіне бірі қайшы,
Бұл күнде жас тарихшы әткәз етті.
Индиа, Әфрикә, Еуропа мен
Ғалымдар зерттеп жатыр жер мен шетті.

Орыстан аты әйгілі тарихшы көп,
Аралап қазақ елін еңбек етті.
Қазақтан Әбілғазы, Рашиди, Жалайри,
Олар да кітап жазып тасниф етті.
Ғылымға байластырып түбін тізген,
Таппады тасқа басқан шығыс текті.

Жазғаны ел аралас қарым-қатынас,
Қандай ел қандай елмен болған шектес.
Табылу мұнан былай енді қиын
Кемінде бұл зерттеу де қырық жыл өтті.
Осыны біліп-сезіп отырған соң,
Жауапты, секілдендім мен міндетті.

Өйткені «тарихшы—ел-елде қария деген көсем»,
Сол сөзі кемеңгердің тебірентті.
Аз ғылым, көп өнердің арқасында,
Жан едім жақсы-жаман көрген көпті.

Жас келіп, мезгіл өтті, қуат кеміп,
Көңілімде жүруші еді болып күпті.
Сәбеттік сәтсиалдық отаныма,
Октәбр күндей күліп нұрын төкті.

Нәр алып октәбрдің жемісінен
Жасарып көңіл хош боп, қайрат бітті.
Жазуға есториә халқым үшін
Бел буып тәуекелге, бастап кетті.

Әлемдік көпке ортақ бұл тарихым
Арнадым компәртиа ізгі еңбекті.
Жазамын енді Адамның шежіресін
Түсінік шама-қадар бұл да жетті.
Бұл кейін келтіретін сөздер еді,
Себеппен бір басталып, кіріп кетті.

Көпшілік сізден қолқам сұрайтұғын,
Жерлері екі айтылған болар мұның.
Зейінім бұрынғыдай емес қазір
Жүрмейді алға қарай нағыз шыным.
Ұмытып қазір айтсам, қазір қалам,
Отырам біраз ойлап, қолда қалам.

Екінші, бір деректер керек болып,
Ақтарып әр кітапты қолыма алам.
Дүнияқор қартайғанда дегені рас,
Отырам шаруаға да болып алаң.

Үшінші, келін-балам жалқау болды,
Талап жоқ болғаннан соң не дүр шарам.
Ұзатып осылайша сөздің соңын
Жазам деп есториа екі томын,
Бірі өлең, бірі қисса шежіресі,
Қайырлы Хақ Тағала берсін оңын.

Адам ата нәсілдерін таратамыз

Ал енді баяндайын тарих жайын,
Тіліме илһам берші бір Құдайым.
Тыңдаңыз ықыласыңмен, үлкен-кіші,
Авторы—Жайлаубаев Бұзаубайың.

Адамды топырақтан жаратқан Хақ
Хауаны жаратыпты өзінен ап.
Екеуін ерлі-байлы, жұпты қылып,
Қосыпты Жәбірейіл некаһ қылып.

Жұпты боп тұрды екеуі ерлі-зайып,
Мал жиып, дүние мол кетті байып.
Хауадан қырық бала хәсіл болып,
Нәсілі көбейеді қанат жайып.

Түбіміз сол Адамнан тудық анық,
Жер бетін мекендеген күллі халық.
Тілі мен дін өзгеріс болғанменен,
Оқу бар он екі пән ортақ алып.

Ғылым мен он екі пән еттік ғалам,
Керекті дүниеге барлық амал.
Танысу, араласу оқуменен
Болмаса отырар ек болып мәлал.

Сүйеніп сол ғылымға тілдік құрап,
Бірінен тағылым алып, бірі сұрап.
Ана тіл әр халыққа қалыптасып,
Ел болып өз алдына етті тұрақ.

Туылыпты сол Адамнан қырық бала,
Жиырма рет егіз тапты ол Хауа ана.
Бірі қыз, біреуі еркек болып туды,
Мұнан соң бұйрық етті Хақ Тағала.

Бірінші туған әуелгі ер баланы
Екінші құрсақ туған қызға жұпты мәйіл.
Болмасын көңіліңде ешбір ала
Кірісті орындауға Адам сопы,
Бұйрығын бір Алланың ести сала.

Тағы оқыңыз