Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (20-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Қаракесектің өледі бәйбішесі,
Күпті болып жүргенде байдың іші.
Балдызын Кенже бике тағы алады,
Ата-ана—кемпір-шалдың ең кенжесі.

Балдызын алғаннан соң Қаракесек,
Мұнан туады Әлім мен Шөмен десек.
Әлімнен тағы туды алты бала,
Шекті, Төртқара, Қарасақал, Ожырай, Кете, Кеген.

Шөменнен екі бала Шөмекей, Дөйт,
Шөмекейдің болыпты төрт баласы.
Тоқа, Көнек, дейтұғын Бозғыл, Аспан
Әлім, Шөмен нәсілі бірге есеп.

Бұлар тоғыз, Байұлы он екі ата,
Жетірумен болады жиырма тоғыз,
Таңбалы Кіші жүзді есептесек.
Халық риза бола ма шежіреге,
Айырып осылайша көрсетпесек.

Өте көп Кіші жүздің халықтары,
Барады бірсыпырасы қалып бәрі.
Бөкейлік, Орал қазақ дегендер бар,
Оралдан, Астраханнан кеткен ары.
Тараған Уәлиханның нәсілдері,
Жатады Кіші жүзге мұның бәрі.
Бөкейхан—Арғын төре нәсілінен,
Асанның нәсілінен қалғандары.

Деулері Шыңғыс ханнан төре халқын,
Бұрынғы тарихтың жалғандары.
Дегенге күн шұғыласы нұрдан болған,
Былайғы ғауам халық нанған бәрі.

Шыңғыс кім, төренің кім екендігін,
Жазамын шежіреде мұнан ары.
Кіші жүз бір атасы қалып барады,
Жазылды онан басқа түгел бәрі.

Көп халық Адайдағы алты болыс,
Рулары—Құнан, Түрікпен, Қырықмылтық,
Адай, Орыс.
Оралдан, Ақ Жайықтан аса жайлап,
Шекті түркіпеннен алған қоныс.

Жауынгер жауласуға екі ел көшті,
Көп болды арасында алыс-жұлыс.
Бағынып біржолата өкіметке,
Советтің заманында алды тыныш.

Ертеде Мұңалыдай батыр өткен,
Хорезм шаһарынан алған қоныс.
Көп Адай әлі күнгі әлі сонда,
Аралас тәжік, парсы болған таныс.
Көндікті қуа алмады бірнеше жыл,
Болса да қандай күшті атыс-шабыс.
Адайдың жұрт біледі батырлығын,
Момын деп айта қоймас күні бүгін.

«Танысаң Адайың, танымасаң Құдайың»,
Аңыз бар ерте кезден айтатұғын.
Осымен Адайды да тоқтатамын,
Айырдым бір сыпыра елдің жігін.

Көрген соң тарихты көздеріңіз,
Қосыңдар кейінгісін өздеріңіз.
Наукке академик білдіріңдер,
Егер де дұрыс десең сөздеріміз.

Шежіресін кіші атамның жазып біттім,
Сіздерден қайыр дұға үміт еттім.
Адамнан жаратылыс бастап едім,
Жиырма жыл өзім де көп ентіктім.
Алланың бергеніне мың шүкірлік,
Аяқтап, осы биыл тамам еттім.

Шығыс Азия мен Қазақстан елдерінің тарихы.

Суһалдың үлкен баласы Ақшолпан нәсілдері

Ақшолпаннан үш бала—Аққурай, Өзбек,
Келмек туды,
Өзбектен—Салар, Саршық, Жалғас ұл туды,
Келмектен—Аққырғыз, Қарақырғыз, Сегіз туып,
Әйелі кіндік кесіп, кірін жуды.

Өсе келе Аққырғыз сергек болып,
Батырлыққа бас байлап, белін буды.
Қалмақ, Қимақ туған атадан біз де тудық,
Ортақ деп Оғыз ата жолын қуды.
Аққурайдан Қазақ бен Созақ туып,
Туыстыққа екеуі жақын жуық.
Созақтан Толағай, Сүйір,
Қазақтан Аламан, Асан, Қыпшақ туып.

Аққалпақ батырлықпен мініп атқа,
Айбынды қыр көрсетіп жақын, жатқа.
Баулыды екі інісін қасына алып,
Мінгізді құралдатып арғымаққа.

Түп мақсат ойлағаны Аққырғыздың,
Келмес деп Қалмақ, Қимақ ынтымаққа.
Қазақты Созақпенен құралдады,
Болар деп түбінде егес екі жақта.
Бауырлар Қалмақ, Қимақ елді билеп,
Кезі еді парлап тұрған осы уақытта.

Аққырғыз өзі мініп ақбоз атты,
Ертоқым ақ күміспен түгел жапты.
Ақ киім, басына ақтан қалпақ киіп,
Көргенді тамашалап таңырқатты.

Соқтырды Созаққа арнап әбзелін,
Алдырып қарақасқа арғымақты.
Оныңда өмілдірік, құйысқанын,
Безелтіп қара алтынмен түгел жапты.

Кигізіп қара киім, қара қалпақ,
Көргеннін көңілі бітіп, бәрі ұнатты.
Қазақтың екеуінен жасы кіші,
Артықша балуан еді асқан күші.
Бас қосқан ұлы жиын ас бен тойда,
Талайды домалатқан басып мысы.

Тағы оқыңыз