Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (37-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Он екі тайпа ел болып бері келе,
Бетке алып олар кетті қытайды.
Өркендеп барған жерде өсіп-өніп
Ел болып қатардағы қанат жайды.
Қарақожа бастаған қалың керей

Орхон, Онон, мекендеп Тарбағатайды.
Алтын ханның отары екі ел болып,
Керей, Найман биледі сол маңайды.
Шыңғыс ханнан кезінде қорлық көріп,
Ертіске бермен қарай көшіп тайды.

Ол Ашамайлыдан—Мұнан, Танаш,
Танаштан төрт бала туған—
Балта, Көшебе, Таршы, Сибан.
Көшебеден—қарт Ораз,
Мұнан—Әлменбет батыр.
Әлменбеттен үш бала—
Құланшы, Бораншы, Жаңбыршы
Бар болса, айтыңдаршы, бұған талас.

Ал Таршыдан бір бала—Смайылдан
Ақсары, Құлсары, Матақай, Самай.
Ақсарыдан туыпты алты бала—
Еменәлі, Нұрәлі, Нұрибет, Ахмет,
Тоқымбет, Есенбақты, Алшы, Санай.

Сибаннан және туған алты бала,
Өтейін бұған тоқтап жана.
Ырымсары, Қортық, Күнкене, Шоқпатар,
Жылыбай, Қосай артықша болған дана.
Қосайдан—Отарбай, онан—Сырымбет батыр,
Сырымбеттен бес бала—
Байсарақ, Қарабас, Дарбас, Таппас,
Ажығұл мен бесеуі болып жатыр.

Байсарақтан үш бала—
Бектемір, Бекқара, Тоққара.
Бектемірден бес бала—
Омар, Оспан, Можан, Шүкір, Смайыл.

Шүкірден—Мықан, онан—Сәбит,
Бұл дәурен өтті-кетті солардан да,
Уақытпен санаспайтын біз бір пенде.
Көшебе мен Балтаның нәсілдерін,
Айтпа айтпады деп түгел бәрін.
Менен дағы білімді адамдар бар
Өздері қоса жатар білгендерін.

Момынқожадан Қоңырат нәсілі таралады

Момынқожа деп атап Қоңыратты,
Қосылып орта жүзге бұ да жатты.
Бірігіп Қоқан, Хиуа хандығымен
Өркендеп өсіп-өнген сол тарапты.

Әуелде жікке бөліп жатқызғанда,
Қаратау мәнзалында болған мұнда.
Шұбырып ақтабанда кеткен халық,
Жоңғардың соңғы ылаң жорығында.

Ал Қоңыраттан—Қызыл сопы,
Онан—Жайғұл, Ханнан,
Ханнан сегіз бала болған.
Мұнан—Қақсабай-ды,
Онан туған—белгілі Ноғайбай-ды.
Отыз ұл, екі құлы болыпты,
Дәулет, бақыт орнаған бәрі сыйлы.
Нәсілін бірсыпыраға апарайын,
Енді әңгіме айтайын осы жайлы.

Менде би Ноғайбайдан Көтеншімен
Болыпты қарабасы ханменен тең.
Игілік, Шүйінші, Божбан үшеуі—
Өзінің бел баласы Көтеншіден.

Божбаннан туылады—Есбатыр,
Құлтай бала—баласы Есбатырдың.
Құлтайдан Байбөрі туылады,
Байбөріден Алпамыс туылады.

Алпамыстан Жәдігер, онан
Жанәлі, Жанәділ туылады.
Сегіз ата Қоңыратты түгендеу мүмкін емес,
Қояйын осыменен әуреленбей.

Орта жүздің атасы Сапиан

Сапианнан Қарақожа, Дарақожа, Қарақожадан Қадірбек, Қадірбектен Қотан сопы, одан Ақжол (шын есімі—Дайрақожа), одан Арғын. Қотан сопы 14 ғасырдың кейінгі жарымы 70- жылдарда туады. 15 ғасырдың жарымында 80 жасқа келеді. Бұл кісі үлкен білімді, қайратты, ел қамын көздеген айтулы би де тапқыр адам болған. 14 ғасырдың аяқ кезінде Шыңғыс нәсілдері біріне бірі бағынбай елі тозып кеткен. Осы кезде Қотан би жасы 30-35 жас шамасында Өзбек Шайбани хан нәсілі Әбілқайырды шақырып алып былай дейді.

Ал енді басқа әңгіме тұра тұрсын,
Автор қарт бір әңгіме айтып көрсін.
Қазақ пенен өзбектен сөз сөйлейін,
Мұны да қауым халық оқып көрсін.
Шежіресін Азия мен Қазақстан,
Аралап білгенінше жиып-терсін.
Шежіре алдындағы халық айнасы
Қолына ап бетін ашып, жүзін көрсін.

Шыңғыстың нәсілдері билеген шақ,
Бұрынғы бастан ауып әруақ пен бақ.
Бөлініп үш орынға бір заманда
Қашады берекесі болып жақ-жақ.

Бөлінді Алтын Орда, Ақ Ордаға
Нәсілі Бату ханның болды таға.
Үшінші Көк Орда боп бір хандығы
Бүрге хан үшеуіне болды жаға.

Ханы боп Тоқай Темір Көк Орданың
Биледі Өзбек, Қазақ, Сырдың маңын.
Халықтың салықпенен дымын құртты,
Батырды жан басына басбармағын.

Тағы оқыңыз