Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (7-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Күн болар ақыл-естен айырылатын,
Артына мойын бұрып қайырылатын.
Көз жұмып, дүниеден өтер кезде
Көбісі сонда өкініп «аһ» ұратын.

Ғибрат, сөзім қымбат түсінгенге,
Пайда жоқ дүниеге мас, ісінгенге.
Көз салып алды-артыңа шамаласаң,
Санаулы—аз күн ғұмыр, біз бір пенде.

Жазды деп ойламаңдар діншілдікпен,
Мен дағы адам емес дінді күткен.
Адамның өмірбаян шежіресін
Келемін бастап жазып арғы түптен.

Ойладым кейінгілер еске алсын деп,
Солардың нәсіліміз арғы түптен.
Нәр алып ғылым менен техникадан,
Адамбыз өмір сүріп, дүние күткен.

Туу анық болған-ды, өлу де анық,
Біреуі жоқ бұрынғы адам біткен.
Соның үшін естория көп сөйледім,
Керек жері болар деп бір себептен.

Көпшілік, алсаң да еркің, сөксең де еркің,
Жасаған өзімді аясын осы бетпен.
Ал Адам ата, Хауа анамен бидай жеген,
Бірталай кетіп қаппын әңгімемен.
Адам ата Хақтан қорқып, көп жылады:
«Болды,—деп,—бұл фитна, Хауа, сенен».

Нәжіс боп жеген бидай тысқа шықты,
Бөркіне сап, қолтық пен бұтына тықты.
Шындықтың куәсіндей ойлағанға,
Бәріне тыққан жердің қылшық шықты.
Аңқыған жұпар иісі ұжмаққа
Нәжістің кеудені атып иісі шықты.

Айрылып сол уақытта тәж бен тақтан,
Жалаңаш әр ағашқа басын тықты.
«Аллаға ғасы болдың, жолама» деп,
Барған жер, әр ағаштан дыбыс шықты.

Іздеді періштелер тауып алып,
Жалаңаш ұжмақтан қуып шықты.
Кіргізген басындағы тауыс, жылан,
Ібіліс бесеу болып бірге шықты.

Түсірді Адамды әкеп Үндістаннан,
Әзалда Хақ бұйрығы осы маңнан.
Зар жылап, жапырақ киіп, жүре берді,
Теріп жеп ризығын құс пен аңнан.

Меккенің жаныңдағы шарапатты,
Түсірді Хауа ана кеп Жидда таудан.
Бұ дағы зар жылады, жүре берді,
Сезім жоқ екеуінде бұл хабардан.

Ібілісті түсірді Басараға,
Тастады жыланды әкеп Асфаһаннан.
Жыланды жусайтұғын тауыс еді,
Мұны да тастады әкеп Мина таудан.
Құрметті бәрі дағы мақұлық еді,
Осындай қорлық көрді нәпсі жаудан.
Тарихын өткендердің елестеттім,
Бар болса, ойласын деп жолдан ауған.

Алдады осылайша Ібіліс залым,
Аллаға осы сырдың бәрі мәлім.
Тыймады білсе дағы Ібілісті
Басында айтылып ед ерік алғанын.

Әр пенде көрешегін көрмей қоймас,
Ерік жоқ өз басында білсе халын.
Басында «Енни жағил онфел арзи халифәтән»
деген Алла
Сөзіне кәлам Алла етсең наным.

Әр пенде көрмей қалмас Құдірет күшін,
Фаһимлап мағыналы айтқан сөзге түсін.
Ұжмаққа кіргізудің себебі сол
Ақыры барар жерін көру үшін.

Ұжмаққа кірген жанның шығасы жоқ,
Бидайды себеп қылды аның үшін.
Осы айтылған тәржіма Құран сөзі
Мұнан артық сөйлеуге келмес күшім.

Фәзалләһүмма әл-шайтан әнһа фахражәһүмма миммакәна фиһи уа құлна ұһбита бағзұкум либағзин ғадууләкум фил-ғарди мустақарру уа мәтағун иллә хинин. Фәталаққа адам минрабби кәматин фәтәба әлейһи иннәһу һуа әл-тәууаб ул-рахим.

Ұжмақтан шығуға Ібіліс себеп болды,
Азғырып екеуін де оңды-солды.
Екі жүз жыл зар еңіреп, басын қосып,
Ақырда жер тұрақты орны болды.

Адам ата Аллаға көп жылады:
«Ғасы болдым, кешіріңіз,—деп жылады.
—Алдандық Ібілістің алдауына
Ғафу ет Хауадан да»,—деп сұрады.

Тәубасін Хақ Тағала қабыл етті:
«Кешірдім, екеуіңнен бірдей» депті.
Аллаға шүкір қылып мұнан былай
Қосылып рахат пен дүние кешті.

Хауа ана, Адам атаның жаратылысы,
Тарихын баяндадым, бұ да бітті.
Тергендей су түбінен інжу-маржан
Жиырма жыл машақатпен ғұмыр өтті.

Ғайып сыр, Құдай сөзін көп кіргіздім,
Жарар еді ала қойса бұл еңбекті.
Адамның мұнан кейін нәсілдерін,
Жер бетін мекендеген барлық көп-ті.
Бер медет, сыйынамын, Қадір Алла,
Ассалами уа арзы жаратқан жер мен көкті.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз