Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (19-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Алшыннан Әбиыр менен Алау батыр,
Ер бопты Алау батыр мыңға татыр.
«Ер қаруы—бес қару»—бәрі сайлы,
Бір өзі жатады екен тігіп шатыр.

Абиыр ағасының екен аты,
Алауға ауған екен махаббаты.
Суарып арғымағын, жемдеп, баптап,
Болыпты інісінің оң қанаты.
Сондықтан Абиыр деп кетті халық,
«Абиыр» азандаған аты халық.
Туады Арғымақтан жалғыз Төлеу,
Абиыр баласы деп ат аталып.

Бұл Төлеу—Жетіруға ноқта ағасы,
Шығады кейінірек анықталып.
Төрт бала бұл Төлеуден тағы туады,
Біледі, атын айтса, жалпы халық.

Керейлі, Ноғайлы, Әжірахмет және Самат,
Өзінің бел баласы бұлар анық.
Төлеу батыр байсалды адам болған,
Тұлпар мініп, топ бастап, туын алып.

Ерте кезде үш жігіт келеді екен,
Елінен қашып шығып, айыпталып.
Сарбан, Садыр, Надыр есімдері,
Ұлы жүз, Орта жүзден болу керек.

Алауға паналапты малын бағып,
Алаудан екі бала—Әмин мырза, Ораз балуан,
Еншілес болды үшеуі шөбін шауып.
Әминнен туады Құдуар тентек,
Жүргенде бала болмай етіп қауіп.

Қуыпты Құдуар тентек үшеуін де
Малға ортақ болар деп бөліп алып.
Ұнатпайды Құдуарды Төлеу батыр,
Үшеуін үйлендірді қолына алып.

Қазақтың «Төлеу болмай, тілеу болмас»,
Келеді деген нақыл сонан қалып.
Өзіндік кітапшаның шежіресінен,
Көрсетіп мен де отырмын нұсқау алып.
Ал Садыбаннан Қоқыш, мұнан Мелде,
Мелдеден Ілез мырза, мұнан Жағалбайлы.
Жағалбайлының он екі ұлы болған сайлы,
Орта жүз түп шығысы көрінеді,
Кіші жүзге сіңіп кеткен басыбайлы.

Жағалбайдың он екі баласы:

1. Біліс, 2. Аққожа, 3. Есірқожа, 4. Бозбет, 5. Балқожа, 6. Бескүрең, 7. Сирақты, 8. Бөгди, 9. Құтбанай, 10. Армантай, 11. Бөдес, 12. Манатай. Жағалбайлы—өте көп, бай, қонақжай, момын ел.

Ал Садырдан Тана, Табын екі бала,
Надырдан Кердері, Керейт туды жана.
Рамадан Төлеудің құлы дейді,
Түсіндіріп кетейін мұны жана.

Осы айтылған ұрпақтың өсуіне,
Бәріне басшы болған Төлеу аға.
Айтады Жетіру деп соның үшін
Үлкендер сол кездегі беріп баға.

Бұл күнде жеті тайпа халық болды,
Бұл шежірем соқса керек бір жағаға.
Қабылдаса жарар ед қауым халық,
Сұрамаймын еш нәрсе мен параға.

Алшынның екінші баласы Алау батыр нәсілдері

Алаудан Әмин мырза, Ораз туды,
Ораз балуан, әрі ақын жолын қуды.
Он сегіз жасқа келіп марқұм болды,
Кезінде тамсандырған Жетісуды.

Әминнен асқан мырза ұлы Байбол,
Белсене шаруалықтың жолын қуды.
Келгенде он алтыға әйел алып,
Мұнан Қыдыр деген бір ұл туды.
Қыдырдан Қадырқожа, Садырқожа,
Надырқожа деген үш ұл туып,
Кіндік кесіп, кірін жуды.

Қадырқожа кезінде атанып бай,
Үш қатыннан он екі ұл туды ұдай.
Сұлтансиық, Бақытсиық, Қыдырсиық,
Алтын деген
Төрт бәйбішеден берген Құдай.
Бәйбіше—Жанпейістің жалғыз қызы,
Сұлудан Барша бибі туардай.

Жиенін бай асырып, бауырына сап,
Ерке қып өсіріпті, бетін қақпай.
Оң жақта жүкті болып, тауыпты деп,
Және бір шежіреде көрдім солай.
Қайтсе де Адай батыр аты шулы,
Жатпайын бас қатырып оған бұлай.

Шамса деген күңнен Жаппас туған,
Жүретін адам екен етек жаппай.
Шыңтай деген күңінен Беріш туып,
Тілегін осылайша берген Құдай.

Алтауы—бел бала, алтауы—немересі,
Өсіпті дүниеден болмай мұра-ай.
Осылардан өрбіген көп халықты
Бай ауылы деп атайды мұнан былай.

Қыдырдың ортаншы баласы Садырқожа нәсілін

таратамыз

Садырқожа баласы—Қаракесек,
Одан туған Байсарыда бар деп өсек.
Жазылған кіші атаның шежіресінде,
Бола ма бізде солай көрсетпесек?!
Өзі сұлу, әкесі айбынды адам,
Алыпты, болса дағы тастауға есеп.

Байсарыдан Бозашар, одан Адамқожа,
Оның Қара, Сары екі ұлы болды жана.
Сарыдан Құлыш, Асан, Жанбақты деген,
Үш атасын аталымға қоса сана.

Тағы оқыңыз