Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (14-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Аяқтап, Отаныма тапсыра алсам,
Аллаға мың шүкірлік, жаным сауға.
Ал Аннастан түп атамды таратамын,
Бұл күнде өсіп-өнген әр атаның.
Ғасырда он бірінші атады Алаш,
Ұраны болды алты әр атаның.
Біреуі сол атаудың қазақ халқы,
Ертеден есебінде бар атаның.

Аударды оң назарын сәбет басшы,
Бұл күнде бақыт қонған бір атаның.
Бұл берген әзірінше түсінігін,
Ал енді нәсілдерін таратамын.

Болыпты бұл Аннастың сегіз ұлы,
Болмапты мал, перзенттен ешбір мұңы.
Болады өз атамыз Жабал атты,
Қал-қадар баяндайын білсем мұны.

Жабалдан туады екен Оғаз, Оқас,
Шежіресі бұрынғының болмас қағас.
Тексерсін академик науктері,
Жобаға жөні келсе етпес бағас.

Оғыз хан нәсілдері

Оғыздан Қалмақ, Қимақ, Суһал туды,
Хан болып Қимақ ата жолын қуды.
Капказдың күншығыс жақ бетін билеп,
Таулар мен қоныс етті қалың нуды.

Бір шеті парсыменен араласып,
Ортада бөлім етті Жейхун суды.
Иран шаһ қызын алып Гүлсім деген,
Онан Қият, Таңғыт, Барлас деген үш ұл туды.

Нәсілі мұнан кейін қойдай өріп,
Қыдыр келіп, басына бақыт қонды.
Халықты шашау шықпай соңына ертіп,
Хан болып салтанатты өмір сүрді.
Әйгілі аты шулы болды Қимақ,
Дұшпанға қарсы келген соққы беріп.
Достасты Иранменен екі арасы
Саудасы қарым-қатынас қаржы беріп.

Солардың көп нәсілі қазір қайда,
Отырған тарихшы жоқ мәлімет беріп.
Отырмын түс секілді елестетіп,
Осындай бір шежірені оқып көріп.

Жетінші ғасыр бас кезі болу керек,
Жазылған шежіреде солай шолып.
Ақыры сол нәсілден келе-келе,
Ақсақ Темір хан болған соңы келіп.

Он төрт, он бес ғасырдың шамасында,
Жоқ болған жатқызғанда ұлтқа бөліп.
Нәсілі басқа елде де білінбейді,
Ақыры бітсе керек өліп-өліп.
Дұрысын ақиқаттың шешерсіздер,
Шежірені көрсетемін бөліп-бөліп.

Ал Оғыздың екінші ұлы Қалмақ еді,
Ол өзі туғаннан салмақ еді.
Қимақты Суһалменен адамсынбай,
Атасы өлсе, хандықта қалмақ еді.

Тараған тұрандықтың нәсіліне,
Бір өзі тегіс қожа болмақ еді.
Хан болды атам Оғыз елу бес жыл,
Бұл кезде сексен беске келген еді.

Қалмақтың қара көңіл, бұзықтығын,
Ертеден атап, сынап білген еді.
Өзінің тірісінде өсиет қып,
Ел, жерін үш балаға бөлген еді.
«Жолама, сен Суһалдан аулақ жүр» деп,
Қалмаққа Капказ жерін берген еді.
Суһалға Шығыс Азия жерін беріп,
«Сауранды сен иелен» деген еді.

«Суһалды ер еткен соң орныма қой,
Әзірше Қалмақ болсын»,—деген еді.
Тапсырып өсиетін халайыққа
Сауранда атам Оғыз өлген еді.

Қалмақты хан сайламай қоя тұрып,
Атама марқұм болған бетті бұрып,
Еңбегін алдарыңа елестетіп,
Сөйлейін баяндама түсіндіріп.

Тілдері әр халықтың әрбір түрлі,
Сөзі де соның үшін болды түрлі.
Бірі—оғыз, бірі—гису десе дағы,
Барлығы Оғыз ханды түсіндірді.

Әр елден өткендегі тарихшылар,
Кітабын «Оғызнама» жазған да бар.
Таралып аңыз болып елге дүйім,
Негізін дұрыс жазбай, бұзған да бар.
Қорытып, білгенімді жаздым теріп,
Ғалымдар, сын көзбен салмақтаңдар.

Оғыз ханның өмірбаяны және нәсілдерін таратамыз

Ол кезде тараған ел түрік тілдес,
Шетте өсіп, сахарада ғылым білмес.
Тау, шұңқыр паналайды қыс күндері,
Мәдениет, тұрмысқа да болды кеміс.

Үй қазған, ең әуелі, осы Оғыз,
Жылытып, ішіне от жағылып пеш.
Мұны естіп туыстары бәрі келіп,
Бір жерге басын қосып, жиналды ес.

Мекендеп бірі келіп, бірі кетіп,
Айналып Алатаудан кетпеді еш.
Ақырда, кейін кезде қазақ орнап,
Сахарасын сайрандады қатарлап көш.

Алдыңа айнадай қып ұсынамын,
Ғалымдар, академик дұрыстап шеш.
Жобаға жөні келсе түзетіңдер,
Бар болса кемістігі, қатамды кеш.

Тағы оқыңыз