Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (26-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Төбейден Қойылдыр, Қоғам, Қараша би,
Қойылдыр нәсілінен қырық бен жүз
Анықтап бере алмаймыз оны айтып біз.
Олардың көпшілігі өзбекте
Таралып кетті әуелден сахара-дүз.

Қоғамнан Қаңлы мен Шанышқылы
Қаңлының Абақ, Тарақ болды екі ұлы.
Абақтан Шапырашты, Ысты, Ошақты
Сіргелі төрт атаға бөледі мұны.
Тарақтыдан Жалайыр, мұнан он үш рулы
ел болады
Бәрінен де нәсіл бар осы күні.

Ал Бақтиярдан Үйсін, туды Бәйдібек,
Жарықшақ бір ұл қалды Бәйдібектен.
Әуелде сегіз ұлы болса дағы
Аққошқар қырғыз ері шаһит еткен.
Айтармын әңгімесін мұнда алда
Ертеден тарихы бар баян еткен.

Үйсіннен Сары Үйсін, Құтымбет, Жанай,
Майқы би Сары Үйсіннен шыққан дана-ай.
Жандосан, Құлеке, Қырық дегендер бар.
Тағы да екеуі Тіней, Танай
Табылар, іздестірсе, мұның да арты,
Жатпайын бас қатырып оған бола-ай.

Көрсету үш қазақты бас кезінен,
Шындығы шықпай қалмас әр сөзінен.
Аңызды әркім дағы алып жазды,
Бірге боп көрмеген соң өз көзімен.

Бір ғасыр, екі ғасыр ішіндегі
Оған да қиын адам түсінбегі.
Аралас артық-кемі болмай тұрмас,
Нұсқасы болса әуелде мүсіндегі.
Бәйдібектен туады бір бала Жарықшақ,
Жарықшақтан туады Албан, Суан, Дулат,
Дулат ер, батыр болған жауға тулап.
Қысқа күнде қырық шауып малын алған,
Мазаны бермеген соң қалмақ шулап.

Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,
Бай болған, батыр болған бәрі Қунақ.
Ботбайдан—Құралас, Құйқыл,
Құралас Қалғуырға жиен болар,
Осылай өсектейді халық шулап.

Құдайқұлдан екі бала—Шағай, Бидаш,
Құраластан—Қарақосай, Қарақойлы.
Көп халық Алатаудың бойын қулап.

Албаннан—Сырқұл, Таубасар,
Суаннан—Байтоғай, Тоқарыстан.
Сырқұлдан—Қызылбөрік, Қоңырбөрік,
Жаубасардан—Айтбозым, Құрман.

Осымен ұлы атамды доғарайын,
Бар еді қалғандары жоғарының.
Өздері, керек десе, түзей жатар,
Мен қалай түгендермін елдің бәрін.

Қазақтың екінші ұлы Асан шежіресі

Ал қазақтың екінші ұлы Асан еді,
Бұл дағы бір тайпа елдің болды бегі.
Жатқызды Кіші жүзге нәсілдері
Кейінде бөлінгенде елдің жігі.

Зер салып ықыласпен тыңдаңыздар,
Жобаға жөні келсе шындаңыздар.
Білсеңдер, кемін толтыр, артығын ал,
Білмесең, құрғақ талас қылмаңыздар.

Білімсіз, құрғақ қиял қайда барады,
Бар болса ойлы білім, орын табады.
Кейбіреу терең ойлап, артын болжап,
Кейбірі сөздің төркінін салыстырып,
Кейбірі болмашыға кінә тағады.

Адамдық—дұрыстыққа бейім болу,
Ойласаң, өлшеулі өмір—уақыт, сағат.
Ғалымдар әділдікен салыстырса,
Жазғаны қарияның болмас оғат.

Асаннан екі бала—Алшын мен Уәлихан,
Көп хандар таралады енді мұнан.
Бірінші Уәлиханнан Мәден хан туды,
Мәденнен—Бекше хан, одан—Ақша хан
Және де Есбай хан да жатад бұған.

Аяз би Уәлиханның нәсілінен,
Білімі бар халыққа кең тараған.
Уәлихан нәсілінен болды Есбай,
Хан болды бұ да өзінің елін шашпай.
Әділ заңға шариғатпен хүкім қылды,
Харамға қиянатпен аяқ баспай.

Аңыз бар Мәден хан мен Ақша ханда
Айтулы хандар болды сол заманда.
Қазақтың еркін аты шықпаған шақ,
Билепті Орал, Жайық, Астраханда.

Шыға ма хан атағы үлгі шашпай,
Халыққа қамқор болып көңіл ашпай.
Қарасаң, халық аузында, тарихында
Жиренше, Аяз биді білген ұста-ай.
Ақылын екі бидің алған ұстап,
Сайратқан Гүлстанда тоты құстай.
Кейінгі әдебиет сөз кең тараған,
Солардан осы күнге қалған нұсқа-ай.

Аяз би айтарлықтай Жиреншені
Білімнің оқымай-ақ шыққан кені.
Сол хандар осыларды ардақтаған,
Болмаса қара халық біледі нені.

Мәден хан қырық ісек қоздат деген,
Айтады халық аңыз әңгімені.
Әйгілі Жиреншенің Қарашашы
Ал енді бұл қиссамен келсе жөні.

Тағы оқыңыз