Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (29-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Ал, тақсыр, менің айтқан үш жаманым,
Тыңдаңыз ойға салып, айтам мәнін.
Айырып жас өмірін уәзірлердің
Болмаса, бұлар менің қай туғаным!

Бірінші, баяндайын сауысқанды,
Көбінде хайуан, малға бұл дұшпан-ды.
Ала жүн, құйрығы ұзын, мойны қысқа,
Болғанмен өзі кіші, мұрны қанды.

Сауысқан жүні де ала, іші де ала,
Етеді малды шоқып ала-дала.
Еті арам, пәтуасыз, құс жаманы
Отырад қашан көрсең дара-дара.

Сондықтан сауысқанды алғызғанмын,
Осы деп құс жаманы жүзі қара.
Ал, екінші, жаман дедім қара қоға,
Мұның шөп жаманы екені жоқ қой дауа.
Оны шөп, иә, отынға жинамайды,
Жатпайын сөзді ұзартып бұған бола.

Қара қоға шөп те емес, қамыс та емес,
Малға салсаң, иіскеп мал да жемес.
Отқа жақсаң, лап етіп тез сөнеді,
Шоғы да жоқ, минөтта күлді-көмеш.
Осы отырған көпшілік үлкен-кіші
Сырын білсе қоғаның, қата да емес.

Ал, тақсыр хан, адам жаманы—менің өзім,
Түрім мынау, аларған екі көзім.
Үстімдегі киімнің сиқы мынау,
Көріп тұрсыз екенін қандай дерім.

Шығады жасым биыл қырық жасқа,
Жарымадым өмірде ішер асқа.
Бала сүйіп, қатын ап көргенім жоқ,
Баққаным таяқ алып қойдан басқа.

Көргенім өмір бойы осы менің,
Табасыз қайдан жаман менен басқа.
Мен айтып жамандардың өттім жайын,
Ал, тақсыр, қорытындысын өзің баста.

Хан қарап көпшілікке қадап көзін:
—Бұл шалдың ұқтыңдар ма естіп сөзін.
Күржиген түрі мынау, сөзі анау,
Тұрмыстың көргенде бақ соққы жезін.
Жүргендей бір себептен өзін ұстап,
Аңғарып байқағанға құлық-мінезін.

Өзіне сөзі лайық болмай отыр,
Астарлы, түсінгенге сөзі қотыр.
Қалай сендер мұны бағаларсың,
Мен мұны жазалағым келіп отыр.

Хан мұны отыр еді іштей сынап,
Жаманның айтқан сөзі көңілге ұнап.
—Осында білгір, шешен, көсемдерім,
Өтейін көпке салып,—деді,—бірақ.
Шулады ордадағы отырған көп:
—Бұл нағыз кемеңгердің біреуі,—деп,—
Алдыңа Құдай айдап келген шығар
Ақылшы уәзір етіп алыңыз,—деп.

Бұл өзі бір себептен келген шығар,
Білімді, батыр, шешен елден шығар.
Өзінің ойлағаны болмаған соң,
Дүниені керек қылмай жүрген шығар.

Ал осы біздің айтар ақылымыз,
Бар болса кеңес берер дақылымыз.
Айтар деп теріс сілтеп ойламаспыз,
Тілектес бәріміз де жақынымыз.

—Ал, көпшілік, айтқандарың қабыл алдым,
Не айтар, сұра өзінен мына шалдың?
«Қой бағып, көтен жеген қайран басым»,
Демесін торға түсіп қайдан қалдым.

—Ханеке, тұрған жоқ көтен дәмі көмейімде
Мұны да Тәңір жазса көрейін де.
Көп ұйғарса, ханымыз түйе сояр,
Көтен емес сұрпы еттен жемеймін бе?

Туа болмас, хан мен бек жүре болар,
Туа қонбас, бақыт құс жүре қонар.
Асыққанмен болмайды, уақыт бар,
Ойыңдағы мақсатың жүре болар.

Арғы атам хан Уәли нәсілінен,
Болады атым Аяз, ей, ел ағалар.
Келіп ем бір себептен сынға түсіп,
Сөзімді, өзімді де деп бағалар.
Рахмет, хан мен төре, бек,
Және де ордадағы жиылған көп.
Ойлаған, мақсат қылған қиялымнан
Түстіңдер тура басып үстінен дөп.

Аз емес Тәңір берген қазынасы,
Сіңірем еңбегімді осында кеп.
Түрегеп қол қусырып, бас изеді:
«Ғапулық, қата болса, етіңіз» деп.
Шулады сарайдағы күллі халық:
«Қата жоқ сөзіңізде, орында» деп.

Ендігі қазақтың үшінші кіші баласы Қыпшақ нәсілдерін

таратамыз

Ал Қыпшақтан екі ұл туды Қара, Дәшті,
Қарадан Есім, Сейіт, мұнан Тоқтарбай.
Тоқтарбайдан Қобыланды
Батыр туып, жұрттан асты.

Қобыландыдан Бөгенбай,
Киікбай туып, орнын басты.
Мұнан былай анығы білінбеді,
Шежіреде көрінбей жұрт адасты.

Анығын айқын тауып бере алмай жүр,
Десе де осы Қыпшақ бізге қас-ты.
Бұл бес таңбалы қыпшақтан таба алмадық,
Мұнда әкеп дейік десек аралас-ты.

Тағы оқыңыз