Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам атадан бергі шежіре (21-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Алдырды бұған жирен қасқа арғымақты,
Әбзелін сары алтынмен түгел жапты.
Кигізіп сары киім, айыр қалпақ,
Жаяжақ берді қылыш алтын сапты.

Мұнан соң құралдады әскер жиып,
Қайраты шыдатпады ішке сиып.
Қырғыздың бұл секілді қылығына,
Халықтың риза болды қаны ұйып.

Үшеуі үш мың қолға басшы болды,
Шолады аттан түспей оң мен солды.
Намысын массагеттің әпермек боп,
Жер танып, жобалады жүрер жолды.

Порымы үш батырдың елден ерек,
Риза боп құрметтеді халық та елеп.
Салдырып әскер үшін кірепосты,
Байлар да бақырмай-ақ берді көмек.

Мәлім боп Аққалпақ, Қарақалпақ, Айырқалпақ,
Атады осылай деп халық жалпы-ақ.
Қазақ, Созақ, Келмек есім ұмытылып,
Түсіне алмай кейінгілер болды жалтақ.

Сол үшін жаздым теріп, жиыстырып,
Шежіреден көргенімді қиыстырып.
Ғасырда он бесінші анықталды,
Ұлтқа бөліп, жатқызған ұйыстырып.

Бұл шатақ әлі күнгі арылған жоқ,
Шежіресі ол кездегі алынған жоқ.
Шындықты шынықтырып, түзеші аз,
Тарихты теріс сілтеп қағылған көп.

Аққалпақ—Қырғыз, Қарақалпақ—Созақ,
Айырқалпақ—Қазақ,
Аққырғыз батырлықпен шыққан аты.
Екі інісі Қарақалпақ, Айырқалпақ, Қарақалпақ,
Аттары азандаған Келмек, Созақ, Қазақ.

Қалмақтар ерлікпен берген қосымша аты,
Жетінші, сегізінші ғасырларда.
Бұлардың өмір сүріп болған сәті.
Ел болып, ұлтқа жатып бөлінгенде,
Білінді анықталып заһир батыр.

Осы үш қалпақ әр елде жұртқа мәлім,
Шын есімдері еместігі болды мәлім.
Түсініп, табысар деп мұнан былай,
Шаршадым көп сөйледім ахуалын.

Ал суреттеп үш батырды айттым біраз,
Бұл жерде ашылмаған қалған сыр аз.
Естіп осылайша жатқандығын,
Қамданды соғысам деп Қалмақ қораз.

Әскерін жиырма мың жиып алып,
Қимаққа тез жетсін деп хабар салып.
Етем деп жермен жексен массагетті,
Зерапшан шаһарында жатты барып.
Қимақтан он шақты адам елші келді,
Қол қоймақ мөрін басып, хатын алып.

Оқыса хатын ашып былай деген:
«Массагет—ол да Оғыз хан нәсілі анық.
Атаның өсиетін орындамай,
Сен келдің бірсыпыра пайдаланып.
Одан да абыроймен еліңе қайт,
Жеңбейсің, жеңілесің айдан анық.

Тұрандар бірін-бірі талады деп,
Күлмей ме сыртта жатқан барлық халық.
Атаның қарғысына ұшырайсың,
Пікірлеп, қара өзіңді ойға салып».

Ақымақ, қаның қара, не масқара,
Бүлдіріп отаныңа ойран салып.
Қосылам массагеттің әскеріне,
Әгарда тоқтамасаң тілімді алып.
Тілді алсаң, осы менің айтатыным,
Билесін, өз-өздері билеп алып».

Қалмақтың мұны естіп көңілі суып,
Белсеніп, шыға алмады белді буып.
Үш батыр он бес мыңдай әскер алып,
Жақын кеп, бұлар дағы жатты жуық.

Араны екі елші жүріп тәуірлесіпті,
Ақылды, білімділер болды басты.
«Түп бірге, түтін басқа емес пе ед» деп,
Ардақты ортаға алып кінәласты.

Қатасын қалмақ біліп, мойнына алып,
Кешіңдер деп өтінді қара басты.
Кек тұтпай бір-біріне ғапу қылып,
Туыс боп бұрынғыша араласты.

Соныменен аралары тынышталып,
Ынтымақ, ризалықпен бөліп алып,
Қол қойып, дәгерлеп мөрін басты,
Шекара, ел мен жерін бөліп алып.

Ақшолпан нәсілдерін таратамыз

Нәсілі Ақшолпанның қаулап өніп,
Ұстады үш хандыққа елді бөліп.
Бірі—өзбек, бірі—қырғыз, бірі—қазақ,
Қарахандық атады бізді келіп.

Келе алмай Қалмақ, Қимақ енді беттеп,
Кірмеді арамызға аулап, шеттеп.
Халқы көп, нәсілі көп шектен шыққан,
Атады Ақшолпанды «массагет» деп.

Көтеріп Қалмақ, Қимақ жоғары өзін,
Намыс қып, бөлінем деп етпей төзім.
Үзілмеген ақсүйек, біз—хан нәсіліміз,
Олар қарахандық деп жүрді сөзін.

Бырсыпыра айырдым сөздің шенін,
Енді қазақ тарихын көрсін көзің.
Бізде жоқ мәліметті Өзбек, Қырғыз, Созақ,
Көрсетсін шежіресін өздері өзін.

Тағы оқыңыз