Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (38-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Әл-ғарыз, Баба Ғұмардан бұ сөзді есіткеш Көзалшаһ тахтынан түсіп, өзін тастап, көзін жасыртып көңлі бұзылып, Баба Ғұмардың аяғына жығылып, зар-зар жылап Көзалшаһ бір сөз дейді:

—Ғұмырым бәрін фәлакатта өткердім,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Кесапат бұ жаныма тигердім,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?

Әуелінде даст айлады қабалып,
Ақырында забун болды ахуалым.
Ғадаб бірлән ағарған дүр сақалым,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?

Залым билән қамытларым бүгілмес,
Ақырет уаһымнан бауырым сөгілмес.
Көзім нұры кетіп төгілмес,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?

Шаһқа салдым жәбір бірле жапаны,
Қылмасым дін асы болдым Құдая,
Рахым айлағыл мен ғаріп кадая,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?

Неше жыл зынданда табдил айладым,
Қылғанымнан қорқып қандар жыладым.
Құдаға зар жылап сақтадым,
Тәубе қылсам құда, бендем дегей ме?
Көзалшаһқа қылғыл мейір шафқаты,
Қудаға бендемін расул үмметі.
Кетермекен бұ көңілім дулматы,
Тәубе қылсам құда, бендем дегей ме?

Әл-ғарыз, Жүсіпбектің уақыты хош болып айтты:—Сіз бізге барадар болдыңыз,—дейді. Көзалшаһ Баба Ғұмарға ғазал оқып мінәжат айтты:

Әл-ғарыз, Көзалшаһ Жүсіпбек билән Ахметбектің Баба Ғұмар тамам беклер, хандар билән шаһарға кіргізіп, тахытқа шығарып зияпат қылып хұзырлық айлады. Андан соң Жүсіпбек Мысыр шаһарын Көзалшаһтың өзіне берді. Қаракөзді Баба Ғұмарға неках оқып берді. Қаракөзден басқа екі қыз алып берді Баба Ғұмарға. Әлқисса, Баба Ғұмар Шын-Машын шаһарына қайтар уақыт болды деп керуендер билән уәде қылып, Жүсіпбек, Ахметбекті құшақтап зар-зар жылап, уағдаласып Баба Ғұмар бір сөз дейді:

—Екі көзімнің раушаны сәруарданым, жан балам,
Һәм рафиқым, мунисым, арам жан жаным, балам.
Жүсіп һәм Ахметім сахип қыраным, жан балам,
Шәні шаукат бабында шаһи жаһаным, балам.
Мен кетермін хош хал мейірбаным, жан балам,
Арыз ағыр, бауыр қабайыл ғам кезерім, жан балам,
Тахыт зерен көшкі нәфас никарым еді,
Мен кетермін хош хал емді, жан балам.
Ғұмар бейшара жылап қылды Құдаға ғинаят,
Басымыздан кетті қайғы келді бізге кәшад.
Әуел расул Алла мені үммет дейбан жад,
Бенде едік шықтым шаһтан болдым азат.
Мен кетермін хош хал емді, Жүсіп балам,
Сұм фәлактың жәбірінен болдым мекенімнен жада,
Масуа болдым нетей жан жаһанымнан жада,
Міскінім диарым шианымнан жада,
Ғандалып бендемін гүлстанымнан жада.
Мен кетермін хош хал мейірбаным, жан бабам,
Мен кетермін хош хал емді,
Ахмет, Жүсіп, Ахметжан балам.

Әлқисса, андан соң Жүсіп зар-зар жылап Баба Ғұмарға қарап, Жүсіпбек бір сөз дейді сонда:

—Жаным алды бүгін шырын сөздерің,
Көңлім тынбас көзде жасым, аман бол.
Қуатым, жан ділім, арам жаным өзлерің,
Атым нелай, кағбам Ғұмар, аман бол.
Мұнан кетер болсаң бәлки көрменім,
Сенсіз Баба отан илән тұтмадым.
Қандар жылап зар жалын жұтпадым,
От алып дүр кәрде досым аман бол.
Шаһ ішінде қараңғы ғам, күнда, жан балам,
Кеше-күндіз думаным, дұғагөйім бабам.
Һәм рафиқым, мунисым, арам жаным, жан бабам,
Дұғагөйім, көңіл хошым, аман бол.
Нелайын афтадамын гауһар бар сарғайып,
Ахмет, Жүсіп жан ұғлан қалды бабадан айрылып,
Сен кетсең, жан баба, сынды қанатым қайрылып,
Емді тынмас көзде жасым аман бол.
Сенің үшін көп болармын ынтызар,
Баба үшін нелайын қалмас бір қарар.
Ұлық уағдаласып кеттің баба Жүсіп нар,
Жар жорам һәм дамым, жан мұндасым аман бол.
Бек Жүсіп дер жоқ тағатым, әй, Құдая,
Дұшпандар зарпыдан сен бергей бенде Алла.
Біздің Шаһмардан ол Әли Мұртаза,
Қадірданым мұшфақым, кағба Ғұмар, аман бол.

Бозұғлан

Барлығы: 66 жыр

Тағы оқыңыз