Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (21-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
—Қиямет дүр бүгін, баба, басыма,
Та көргенше, ұлық шаһым, қош емді.
Зұлым билән жігер бауырым барамын,
Ықпал кенжем нетай бақты қарамын.
Жаллаттар жығылмас текрадашым,
Та көргенше, қошақларым, қош емді.
Мүшкіл болды Ахметбектің жанына,
Бенде дүр мен бара білмейм жаныңа,
Һеш бенде біздердей ғаріп болмасын,
Арман бірле бенде болып қалмасын.
Біздей болса бұ дүнияға келмесін,
Та көргенше, нашар сіңлім, хош емді.
Шаһтан шығып зауық сапа көрмедім,
Хорезмге және қайтып мен бармадым,
Арман болды гүл жүзіні көрмедім,
Та көргенше, сүйер жаным, қош емді.
Өз жанымға өзім қылдым зұлматны,
Арман бірле бағлатыпмын қолымны.
Кімге айтай емді олар халымны,
Та көргенше, Әшірбегім, қош емді.
Мені елтіп тастар ермыш мұнара,
Ахметбекті асар ермыш дара.
Бек Жүсіп дер бағуырым болды мың пара,
Ахмет та көргенше, Бабам, қош емді.
Әл-ғарыз, жаллаттар алып жөнеліп берді. Жүсіпбекті мұнарадан, Ахметбекті дарға асар ермыш. Ауаза болды. Кәпірлердің аял уа еркек бір-біріге тығылып, бағзылар мүбтала болды. Сиясат билән Көзалшаһның қасыға алып келді. Көзалшаһ көрген соң:—Бұл жақсы жігітлер екен,—дейді,—Әй, Жүсіп, дініңді біздің дінге қиғыл. Лат-Манатқа сәжде қылғыл. Сахиб хүкімет беклер бегі амал берермін.
Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап бір сөз дейді:
—Жолым түсті қызылбастың еліне,
Не дерсін біз түсінмей дүрміз тіліңе.
Меңа өзің шошқа табанлы,
Малдарың бар біздің малға банзалмыш,
Бұрынларың қолың ұзын қабанлы,
Беклерің бар біздің құлға банзалмыш.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Көзалшаһ дүр ғадаб болып айтты:—Әй, мойны жуан өзбек, әл-хал бойны жуанлық қыларсың. Бізнің һәр сөзімізге сиксат берерсің. Жүсіпбек айтты:—Жеті жыл бенде болып, мойным жіңішкеліп дүр. Қазір уақытым болса ерді. Мұрынды кесіп, өзіңе жедірер едім. Көзалшаһ айтты:—Әй, Жүсіпбек, не шақлы халық бар. Мырза Мәмет бенде қылып екеуіңді,—дейді,—Даурығ лап қыларсың. Қолыңдан һеш іс келмес,—дейді. Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап бір сөз дейді:
—Нәсіп болса Мешел шаһы,
Келермін ләшкерім тартып.
Отыз алпыс тау жөнетіп,
Жеті мың топты саратып,
Шекерде Жақып шырағы,
Янғин қылмаға шырағы,
Арамызда жеті тағы,
Мен өтмесем жорлатып,
Шашкаша арыз етерлер,
Бесін ислам қайтарлар.
Һәр көшінде топ атарлар,
Тәж-тахтың күмбірлетіп,
Тырналардан барды хаты,
Сенден алмаққа дәулеті,
Ләшкерімнің сиясаты.
Шаһар тахтыңды қамарлатып,
Қазынаны артарлар,
Елтіп Хорезм сатырлар,
Сырнай-керней тартарлар.
Елі, халқың сайыллатып,
Сенің өзіні тырназы,
Неках оқып берер қазы,
Қолдарында діллә сазы.
Өзінің жанымда тұрарлатып,
Шаһ бенде айладың мені,
Өсиетім естіп қані,
Қырық жігітім келіп сені,
Алар кетер қолатып.
Жеті жыл салдың жапаға,
Жетістім зауық-сапаға,
Қызларың гүл мағафаға,
Болған дүр қойнымда жатып.
Бек Жүсіп раст айтар,
Андан түсмей қайтар,
Дауғ ұрғыларың сатыр,
Канде кенжелерін жылатып.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп бұл шайыр екен, Көкше шайырны алып келгіл қырық қашар діллә берермін. Бас-аяқ сарпай берермін. Көкше шайырны жүз елік шәкірті билән алып келділер. Көзалшаһ айтты: