Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (8-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Дін Хорезмнің бектері,
Жүрің сала салаты,
Қамыс құлақ бедеулері,
Жүрің сала салаты,
Қойың сала салаты.
Бүгін Рүстем соғысы,
Қандар тұтсын текрадашы.
Майданда толған қызылбасы,
Қырың сала салаты.
Есірік болған нарға ұқсап,
Нағра сала салаты.
Әшірбекке бөлің һәм дам,
Язидтің жаны жаһаннам.
Нағра тартып сала Рүстем,
Қырың сала салаты.

Әл-ғарыз, үш кеше-күндіз ұрыс қылдылар. Сол халде Жүсіпбекті он мың дұшпан қырдың үстіне шығарып қойды. Жүсіпбек бектерге истағанат тілеп бір мінәжат оқығаны бұ дүр:

—Қызылбасқа бенде болып,
Көзім толды жасыға.
Ол баһадүр ракетсем,
Біздің тауларша таулар,
Базаркалардың қадам гоһи,
Жол үстінен аша таулар,
Көһне заманнан қалғансын,
Пайғамбарды көргенсін таулар,
Армансыз дәурен көргенсін,
Сонша ұзақ жасы таулар.
Сыр фәлаклар жүрмеген,
Жолбарыс дәурен сүрмеген,
Шілтендер сұхбатын құрмаған,
Һәрбір күншік төбе таулар.
Жігіттер соғыс қылғанда,
Сайлар өлікке толғанда,
Кәпірлер үстіме келгенде,
Тұна көргіл тасқа таулар.
Болып дүр мұндағ заманы,
Таулар көрінбес тұманы,
Дараларның бәрі қанға
Шашып жатса таулар.
Бас тауының қасыға
Тұрып қашар бас-басыға.
Әшірбектің соғысына
Сен қылғыл тамаша таулар.
Қызылбастар жолым тұтып,
Текрадашым ләшкер басып,
Өз халыға жылар Жүсіп,
Бергіл медет бас таулар.

Әл-ғарыз, сол ұрыста енді төрт-бес кеше-күндіз соғыс қылдылар. Даларышы таудың жерлері дұшпандардың өлігі билән бағланды. Сол халде Әшірбек сардар көп дұшпандардың ортасында қалып, екі кем отыз жара көтеріп, көзі тұнып, найзасы қолынан түсіп қалды. Өз халіне қарап жігіттерді жоқтап, ат жалын құшақтап Әшірбек сардар бір әфсана оқығаны бұ дүр:

—Жігіттерім, келің менің жаныма,
Боз атым бірге қанды қаныма.
Екі кем отыз захмат жетті жаныма,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Хақтан келмей тұрып меңа мұхасыл,
Келсе кім қоймас бір фасыл.
Майданда болмады мақсұттар хасыл,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Алыстан көргенмін ол бәлені,
Дафиғ қыла білмедім келген қазаны,
Мен көтердім екі кем отыз жараны,
Қошақларым, мені сүйеңдер.
Мән білмеспін бақытым неден қарамын,
Нәшім кәбі барша жисым жара дүр.
Тұнып көзім жасы ағып баратыр,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Нән екен жігітнің сабил дүр жаны,
Біздерге хайф екен дүр Жүсіпбек жаны,
Боз атқа жарасар Ғасыр қане,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.

Әл-ғарыз, Әшірбектің бұ сөзін естіп, жігіттер сүйеп алып кеттілер. Банагаһ Әшірбекті бұ халде көріп, Жүсіпбек: «А, сіз Әшірбегім»,—деп бір әфсана оқығаны:

—Нешік болды білмедім халыңды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Құдайым сақтасын сенің жаныңды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.

Қолым бағлы бара білмен жаныңа,
Егем рахым айласын гүлдей жаныңа.
Боз атың лаледей болмас қаныңа,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Кәпір салубан найза жарасын,
Және сайлап шаныштың кәпір баршасын.
Өлікке толтырдың таулар дарасын,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.

Емді менің ғаріп болармыз арайым,
Хазан болды менің фасыл баһарым.
Сейліклік һәм дамым Әшірбек,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.

Тағы оқыңыз