Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (22-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
—Қазынадағы діллә дутарны Жүсіпбекке бергіл. Жүсіпбек айтты:—Сенің дутарың менің қолымға мүнәсіп ермыш. Зынданда Баба Ғұмардың қасында өз дутарым бар,—дейді. Жасауылдар алып келділер. Дутарны Көкшеге алғыл дейді. «Алармын»,—дейді Көкше. Сол сұрады. Жүсіпбек айтты, рұқсат қылды.
—Соғыс болса, майдан жолын ашарлар,
Қылыштан қызыл қанлар шашарлар.
Бір дұшмандан жүз өзбек қашарлар,
Шаһ үстіңе төнгенде көрсетмесе,
Жігітлерім аждаһардай көзғалып,
Сардарларым ғазат қылмақ талиб.
Өзбеклерім шартараптан ат салып,
Сүріп тахтың алғанда көрсетмесе,
Басың кетер сенің шашың кәбі,
Башанға тігер шөллерін жұпы,
Көрмедінмі жатқан он төрт күзетіп,
Бүклеп салып атқанда көрсетмесе,
Сенден көшкен көрсет күшні,
Һай-һай салып қырғанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, нәзік белің бүгілсін,
Истиханын ақ сақал алып төгілсін,
Тоғыз керней, отыз сырнай жеңкіллесін,
Түлкі, шағал жегенде көрсетмесе.
Меңа тікті еренлердің назары,
Азары бар һәркез жоқ дүр базары,
Чаһаршанбе күн қызар Үргеніш базары,
Сүріп, елтіп сатқанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, құтылмағың күмән дүр,
Қадалып жетсем сеңа ақыр заман дүр.
Тауларның үсті қарлы тұман дүр,
Ара жолда қырғанда көрсетмесе.
Нәсіп болса дүлдүл бедеу мінелі,
Үргеніш барып және қайтып келелі.
Он бармағы бұғын-бұғын һөнерлі,
Қызларыңны алғанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, шақламайсың халыны,
Уақытың қош дүр бос болып қолыны.
Текрадашын алып сағ саулаулы,
Қара күндер салғанда көрсетпесе.
Көзалшаһтың екі көзін ойдырып,
Сәркардасын тұтып қандар жылатып,
Мың күшіңе кетті топтар шаратып,
Ерғали хан келгенде көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, һеш іс келмес қолыңнан,
Мырза Мәмет бағлап келді еліңнен,
Аждаһардай һәр бір сөзің тіліңнен,
Өзбек олжа болғанда көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, шығалмассың қалғадан,
Өзбектері қайтып келсе ділләдан.
Ордағы неках қылар қорлықтан,
Сипаһына бергенде көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, жетерсің сен еліңе,
Өлім шәрбаты тиген дүр лебіңе.
Түлкі шағал жылар сенің халыңа,
Бөлек-бөлек қырғанда көрсетпесе.
Бек Жүсіп дер аттан түспей келмесем,
Халықтарын бірін-бірін алмасам,
Өзім кірген шаһқа Шахты салмасам,
Намым өзбек келгенде көрсетпесе.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ айтты:—Мұның қайсысы бәланд келді. Сәркардасы айтты: Көкше хош сайыр бәланд етер,—дейді. Қатындай қызып айтадүр. Мәрд сайыр Жүсіпбек екен. Бір сөзден қайтып болмай дүр. Хош қылып һеш сөз айтпай дүр,—дейді. Хош от қылып Көкше шайырны жалаңаш қылып, бойынан жетпіс бір таяқ ұрып қуалап жіберді. Көкшенің діллә жығасын жоқ қылып, Жүсіпбекке берділер. Қырық қашар діллә берді. Бас-аяқ сарпай, екі ат, екі қылыш берділер. Көзалшаһ айтты: —Әй, Жүсіпбек, өз жұртыңа барған соң біздің жұртқа келмегіл. Ықтияр қыла көрмегіл. Һәр уақыт тарлық тартарсың. Бір қызметкер жібергіл, діллә жіберермін. Зинһар қайтып келе көрмегіл,—дейді. Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап уақыты хош болып бір сөз дейді.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп:—Әй, мойны жуан өзбек, мұнша лап ұрма. Мырза Мәмет бенде қылып келтірген дүр. Не шақлы халың бар дүр. Жұртың Үргеніш пе, бұ лапларды маған айтпа. Ғарық маст өзбексің,—дейді. Жүсіпбек тоқсан екі баулы өзбектің бекістан қарындастарын баян қылып бір ғазал оқығаны бұ дүр: