Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (17-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп, Қаракөздің ашуы келіп, қарай-қарай кете берді. Баба Ғұмар айтты:—Әй, Жүсіпбек, сіздерге ғашық екен. Емді қайтып келмес. Өздеріңді көрсеткіл, Қаракөз қарап кетіп барар ерді. Жүсіпбекке көзі түсіп үйге барып тоғыз нан, қатық бірлән келтіріп тастап кетті. Әлқисса, Құдай тағала ризығына Қаракөзді себеп қылды.
Емді басқа сөз есітің: Үргеніш жұртына Жүсіпбектің дұшпандары айтар:—Жүсіпбектің, Ахметбектің өзіне дұшпан Көзалшаһ дарға асып дүр. Ахметбекті мұнарадан тастап дүр,—деп Машалдан саудагер келіп жалғаннан ауыз қылып, Хорезм жұртын тартып алып, Жүсіпбектің Лағылхан Айым деген анасын шаһарынан шығарып тек жіберді. Жүсіпбектің шарбағына келіп гүлді сұрады. Бір-бірін құшақтап Жүсіпбек бірле Ахметбекті жоқтап басқа түскен күндерін хикаят қылып бір сөз дейді.
—Емді жоқтап қан жылаңдар,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Дад жаралды дәулет құсы,
Жаныма түсті каһашы.
Өлді деп дүр келген кісі,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Жүсіпті тастап мұнара,
Ахметті асмыш дара,
Бауырым болды пара-пара,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Күнне күнге болды дертім зияда,
Жетістім мен фасыл баһара,
Өлді деп болмас ауаза,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Емді неласың, Лағыл хан,
Бүгін болды ақырзаман.
Қан жылағыл, Күлғасыл хан,
Жүсіп қане, Ахмет қане?!
Әл-ғарыз, бұ сөзді естіп, қатынлар тағаты қалмай бір сағаттан соң көзін ашып шаһар тарапқа қарасып, Жүсіпті жоқтап Лағылхан анасы бірле Күлғасыл бір мұхаммас оқыды:
—Нелайын афтадамын ол жерден айрылмасым,
Һәм латафат гүлшаны ділдардан айрылмасым,
Халыма рахым етуші қамқордан айрылмасым,
Жаке дүрмін уақиф сардардан айрылмасым,
Хауыз кәусар шаһы мұхтардан айрылмасым.
Достарым, ғам отына мүбтала болдым бүгін,
Ақыр ғұмырымда натай бақыты қара болдым бүгін.
Қасіреттен бүгін ада болдым бүгін,
Дост дұшпан ара сахиб құса болдым бүгін,
Көздерімнің раушаны гүлжардан айрылмасым.
Айрылып қалдым төремнен ғараб мажра,
Тиғ фурқат салды көксіме бұ менің жара.
Һижран отына болмасам Хорезмде мүбтала,
Жеті жыл бенде болып ақыр зындан ара,
Болдым зұлымнан ділдардан айрылмасым.
Һажр уақытта қояндай тарап сардардан,
Тоты да тақыттай һәм зар наламын және,
Ділбарымнан айрылып ашафтамын және,
Ғам өлімнен уа басте һәм хана ойранымен,
Елі, халқы сәруары қамқ хордан айрылмасым.
Күлғасылдай һеш кішігім хана ойран болмасын,
Һәм дамидан айрылып һәм дейді гөриян болмасын,
Дәнашым сахыр, бауыры толы қан болмасын,
Һеш кісі һабеяры бенде зындан болмасын,
Бақыттым қарамын Күлғасыл нелайын,
Гүлжардан айрылмасым.
Әл-ғарыз, бұ сөзді айтып болған соң шарбағында бес тырнасы бар ерді. Күлғасылдың налашын естіп қасына келді. Күлғасыл айтты:—Әй, жануарлар, Жүсіпбекті көріп келсеңіз қоярдана ердің, не болар, барып келің,—дейді. Кәтта тырна қанатын ашты. Жазып Күлғасын қанатына нама жазып, истағат бірлән жіберді. Бейшара Күлғасыл айым бір сөз дейді:
—Қадір Алла дәргаһына бас қойдым,
Мәшт пәрмен бектеріме пиям бер
Тырналарды бүгін саған тапсырдым,
Хастелерге, ғәзиздарға пиям бер.
Түнімен қалмасым айрылысқан жеріне,
Тағат қыла білмедім жардың һажарына.
Жануарлар барар Машал шаһарына,
Ұшып кеткен тырналарға пиям бер.