Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан (2-бөлім)

Бозұғлан · Әбдімұрат нұсқасы · 2 мин оқу

Ертеңіне тұрады, көп ойласық қылады, жан-жағына қарады, кемпірдің жағасында тұрған инеге көзі түсті, оны суырып алады, отқа апарып салады, қайысжырын қармақ қып, көңілді бір жөн қылады. Қармағына бау таппай, алдындағы кемпірінің қос бұрымын кесіп, сабақ қылып иіп, қармақты әбден кіжіріп, көлге салады, күнделікті екеуіне екі балық алады. Осылай Жаманке Терісақпаның бойында, Таспа таудың ойында жер астына кетпей, жасай береді.

Жаманке елінде жүргенде, дәурені өріс жүзгенде Құдайға зар қылып, бір перзент бер деп налып жүрген тілегі қабыл болып, Терісақпаға келгенде кемпір бойында үш айлық бала бар еді. Сол бала 9 ай тоғыз күн, тоғыз сағатта арыстан білекті, арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі боп дүниеге келеді. Әке-шеше қуанды, дүниядағы тау, күн, түн, көл, теңіз шыр айланып, Жаманкеге құтты болсын айтты. Дүние заттарына Жаманке айқайлап: «Дүниеге ұланым келді, қысқа өмірім ұзарды!»—деп айқай салды. Дауыс Таспа тауға жетіп, одан шуылдаған көп дауыс боздаған аруана дауыс боп кейін естілді. Боздаған аруана даусы басылмады, жер жүзін алып кетті. Көктен бұлт келіп, көлеңкесін күнде жатқан балаға түсірді, дауыс басылмады, аздап күшейе берді. Жаманкенің боздаған аруана даусы жүйкесін босатып, кемпірін егілтіп, елін есіне түсірді. «Өмірінің соңы боздаған аруанаға ұқсас екен-ау, балам да сондай аруанадай боздап өтетін болды-ау!»—деп жылай берді. Аруана даусы боздап сембеді. «Бұл боздау сазы шығар. Өмірімде көрген жалғызға Бозұғлан қойсам қайтер?» деді. Тау күңіреніп күшейтті. Анасы: «Бозұғлан деп ат болғайсың, бишара мынау таудың боздауы біздің өміріміздің бозды кезін еске салды-ау»,—деп көзін сықты.

Солай етіп, шал баласының атын Бозұғлан деп, бала құлағына үш рет айқайлағанда, тау да солқ етіп даусы басылды. Баланың аты Бозұғлан болды.

Әлқисса, Терісақпаның бойында жеті жыл отырды. Бозұғлан жеті жасқа келді. Әр жылы Бозұғлан туылған күні тау аруана болып бір боздамай басылмады. Бозұғлан жеті жасқа шығарда кемпір мен шал отырып:—Осы бала өкпемді суырып баратыр, емшектен шығарсам қайтеді. Ерні де түрік боп кетер, өзі тентек, ер бола ма,—деп шалына айтты.

Шалы сол күні балаға ниеттеп қармақ салды. Бұрын екі шабақ алса, бүгін үш шабақ болды. Шабақты қазанға салып пісірді. Қайқайтып қалашын, тасырайтып көзін, аштырып аузын, қазаннан алып балаға салып беріп алдына: «Же!»—деді. Емшекті бермеді, бала балық жемеді. Аш боламын демеді. Далаға шығып жөнелді. Не де болса балаға емшекті бермейік, өзегі талып өзі жер деп ойласып еді Жаманке мен кемпірі. Бозұғлан Таспа тауға барды, барып басына шықты. Жанжағында ел жоқ, жұрт жоқ. Ақылды құрбы іздеді. Сол уақта барып өзінің жалғыз екенін білді. Табаны тасқа тілініп, қырық күн шөлде жол жүріп, жүргенде де мол жүріп, ілгері қарай жүре алмай, аяғын баса алмай, зар жылап Бозұғлан етпетінен құлады, көзінің жасын бұлады. Етпеттеп жатып Бозұғлан көзі ұйқыға кетеді. Күн қызарып батады, таң сарғайып атады. Сонда да ұйқы қанбады. Арадан бір шама өтеді.

Бозұғлан

Барлығы: 66 жыр

Тағы оқыңыз