Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (30-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

—Бір Құданың махлұқысың,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Дариялар сейіт бегісің,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Болар нұрсың һәр пәнжара,
Баршасынан алар баһра.
Жетісерсің шаһра,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Кенер бергіл бізге кашат,
Сейілдерін қылма зият.
Барған жерің болар абат,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Сапар қылдым шаһар Машал,
Болып дұшпанға мұхасыл.
Сенен пайда болар хасыл,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Жүсіпбек дер қылсам ғаза,
Әлемге кеткен ауаза.
Таһарат қылған болар таза,
Ақма тұр емді, тұр емді.

Әл-ғарыз, Көркен дариядан өтіп жөнеп берді. Бірнеше жол жүріп, күндерде бір күн Көкше шайырды жеті жүз жігітті қырған далаға келді. Өліклері сасып жатып дүр. Бүркіт құстар жеп ада қылмай дүр. Ләшкер ислам көріп, Ахметбектен сұрадылар:—Бұл нешік уақиға?—деп. Ахметбек беклерге қарап, Көкшені қырғандарын баян қылып бір әбият оқыды:

—Арқамыздан Көкше жетті,
Бізлер шаптық ат үстіне.
Даралар өлікке толды,
Сайлар сабаз илән хар үстіне.
Алдық дұшпан жаныны,
Салдық қиямет күніні,
Төктік язидтің қаныны,
Құрба билән қыр үстіне,
Қалды ғанимлар алғасып.
Қызылбастар қырылды,
Бірі біріне шалысып.
Шабар илән хар үстіне,
Адам жығып жеті жүзше,
Ләшкер ұрып тынбай кеше,
Қырғын тапты келіп Көкше,
Жолбарыс билән шер үстіне.
Қылдық язидтің ғазасы,
Көрінді Көкше жазасы.
Келгені тапты ызасы,
Азар билән мар үстіне.
Дұшман болды теке-теке,
Ауаз болды фәлакқа.
Ахметбек дер әй бегі сұлтан,
Дін жолында жаным құрбан.
Һамат берді Шаһмардан,
Баз келдік хұнкар үстіне.

Әл-ғарыз, Ахмет ханнан бұ сөзді естіп көңілдері шат болып, «Алла» деп сиясат билән жөнеп берді. Алты күн дегенде бали Асқар тауына бардылар һәм таулардың сұлтаны ерді. Үш жүз алпыс әулиелердің мекені ерді. Етегі қосылып Әзле деген дария болып кетер ерді. Ошал дарияға қарап қондылар. Ләшкер арам тапты. Ол кеше-күндіз таң атты. Намаз памдат оқыды. Ошал халде бір кард азим пайда болды. Әшірбек сардарды бұйырды. Барып көрсе отыз бірлік, оған баршалары Жүсіпбек ханға қосылды. Ләшкер он жеті барсах жолын алып қонды. Жүсіп хан әулиелерді зиярат қылып бір сөз дейді бұ дүр:

—Рух пәгі Мұстафаны көргендер,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Асқар тауда сұхбатыны құрғандар,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.

Кереметі бәдіклердің мәнзілі,
Гүлстанда сайрар дәйім бұлбұлы,
Бәли асқар дер таулар сұлтаны,
Көріп қалған дүр сан адам заманы,
Үш жүз алпыс фердаус пірлер мекені,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.

Бек Жүсіп дер істеп келдім һамаят,
Мұрадымды қылың бүгін кифаят,
Мені қылып жақсы жолға һидаят,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.

Әл-ғарыз, базаркаларын зиярат қылып жөнелмекші болып ерді. Банагаһ бір кард азим пайда болып келді. Бозұғлан падишаһы Исфаһаннан елік мың ләшкер илән келіп қосылып ерді. Бозұғлан хан Жүсіпбекке айтты: менмендіктен Мырза Мәмет құлды өлтірмей дұшпандарға бенде болып кеткеніне қарап бір сөз дейді:

—Құлақ салып есіт, Жүсіп сұлтаным,
Дүниені жаратқан Қадір мағбұд дүр.
Аның мүлкі ерер бұл жисым жаным,
Құдіретінен күллі ашия маужуд дүр.
Өзің дәрден бешт елге манзұр,
Ахырет үйін қылғансың мағмұр.
Такбирлік қылды балағым бағұр,
Менменлік әйлаган ахыр набұд дүр.
Зікір хақты тынмай еткіл сен дәйім,
Мұрадыңды хасыл қылғай Құдайым,
Менменлік айлады шайтан залым,
Сол себептен даргаһынан мардуд дүр.
Құданы жад етіп жыла һамише,
Көз жасыңның һәр қатарасы жақұт дүр,
Бозұғланның саған сол дүр сауалы,
Ғазат қылмақ ерлер көрер сауабы.

Тағы оқыңыз