Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (1-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Исфаһан шаһарында Бозұғлан деген падишаһ бар ерді. Аның Әжібек уа Бабабек деген екі саркардасы бар ерді, уа және Бозұғланның екі қарындасы бар ерді. Әжібек уа Бабабек деген саркардасына екі қарындасын беріп, өзіге мұқарраб қылды. Екі қарындасынан екі ұғыл туды. Әжібектің ұғлының атын Жүсіпбек қойды. Бабабектің ұғлының атын Ахметбек қойды. Бозұғлан патшаға баян болды, бес мың үйліктен он мың үйлік елу ат берді. Екеуі жігіт болып, ат үстіне мініп, сахараға шықтылар. Жігіттерге екеуі ат, сарпай кигізіп, Бозұғлан падишаһының жақсы жігіттерінен ешкім қалмады. Күндерде бір күн бір саркардасы келіп, Бозұғлан патшаға арыз қылды: «Патша сәруар жаһан хатыр шәріптеріңізге арыз аулан сіздің жақсы жігіттеріңізден алдыңызда тұрмады. Жүсіпбек бірлән Ахметбекке бардылар. Сізге зарар тиер,—дейді,—Бозұғлан, шара қылың,»—дейді. Бозұғлан патшаға бұ сөз мақұл болды. Мырзасына нама жаздырып жіберді: «Бұл жұртқа дахил қылмасын» деп, елшіден беріп жіберді. Жүсіпбекке берділер. Жүсіпбек көрсе сол мазмұнда жіберген нама бұ дүр. Бозұғланның жауабы:

«Бір шаһарда екі сұлтан не іслер,
Пітнәшілік деп тұман болар-мыш.
Шишмада жүралмай бірнешік құслар,
Қарға, құзғын, зағ һәм болар-мыш.

Және дахил бар ма мұнда ол жігіт,
Исфаһаннан көшіп кетсін сол заман.
Бізлер кім дұшман болар бекман,
Түлкі, шағаллар һәм арыслан болар-мыш.

Ұғры қылып барар ермыш қасыға,
Халын біліп тәубе қылып ісіне.
Саудалар түсіп оның басына,
Бараһиндан тиғ жүрер боран болар-мыш.

Сұлтанаттық тахыт алуан дүр,
Жанат берен хак алуан менде дүр,
Исфаһан тиғ жаһан менде дүр,
Калблидай закир қабылан болар-мыш.

Бозұғлан дер Жүсіпбекке пиямым,
Елшіден жібердім тұғры кәламым.
Көрсін мұны, тұтсын жолдың анжамын,
Жүсіп, Ахмет жұртқа сұлтан болар-мыш».

Әл-ғарыз, Жүсіпбек бұл наманы оқып болған заман жігіттердің реңі ұшып айттылар:—«Ердің дұшманы аяқ астында болар екен» деп біздің дұшманымыз Бозұғлан екен. Әй, ханым, біздерге жауап бергіл, нама келтірген елшіні өлтіріп жіберерміз,—дейді. Жүсіпбек жігіттердің реңін қайтарып, бірнеше жерден тімсал келтіріп бір сөз дейді:

—Нааһл билән қорық менің һәр жерде,
Сұхбат һәр кіме сыр ғылымын білдірер.
Көңілдегі сырды айтсам нәмартқа,
Дұшпандарға сағ солын білдірер.
Махаббатсыз гүлінен әула дүр жапырақ,
Бейбаһра гияһыдан баһрақ дүр топырақ.
Бейақыл жолдастан жақсы дүр таяқ,
Ғамилерге жүрген жолын білдірер.
Надандарды қойып болмас аралыға,
Азарын салар білмей ғамның жайға.
Мұханнастың меһман бар үйге,
Калблидек қасқыр қабылан білдіріп,
Құрбан болай мәрт жігіттің бештіне,
Алтын, бақыр қаза қылмақ қасдына.
Жаман бірлән бар мың дұшпан үстіне,
Жетектетер жаман тілін білдіріп.
Жүсіпбек дер шөйлә болды заманлар,
Емді бізге бұ жұрт харам жұртлар.
Өз халыны һәркез білмес наданлар,
Бір іс бастап һәрне халын білдірер.

Әл-ғарыз, бұл сөзден соң бес мыңнан он мың үйліктен елу атын алып Исфаһаннан көшіп кетті. Қырық бес күн дегенде Сабзар деген чешмеге барып түстілер. Зияда хош бір жай ерді. Мекен тұтып асайышта болып, ел атынан қырық жігіт сайлап алып, Әшірбек деген бір назаркарде бар ерді. Сардар қылып алдыға салып, қызылбасқа ғазат қылып, со орынға қан төкті. Исфаһанның неше жолын шауып келділер. Жүсіпбектің ауазасы Үргеніш жұртына түсті. Бес шаһар бар ерді. Һәр шаһарында бір ханы бар ерді. Хиуаның хакімі Нәдір сұлтан ұғлы Ерғали хан, бір хакімі бектер бегі дер ерді. Жүсіпбекке елші жіберді. Жүсіпбек уақыты хош болып, Ахметбектің шамиесіне барып, Жүсіпбек бір ғазал оқығаны бұ дүр:

Тағы оқыңыз