Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (26-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Жыламақ дүр менің ісім,
Көзден ағып қанды жасым,
Құда қосқан бас жолдасым,
Біздің Жүсіпбек болмасын.

Ауазы жылап өзіме,
Шаһзадамыз дүр ғарызыма,
Асиғ көрінер көзіме,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Күлғасыл дер күйді жаным,
Есітіңлер, жараным,
Мұрадым екі жаһаным.

Әл-ғарыз, Күлғасыл айым кәнизактарды бұйырды, жүгіріп Жүсіпбекті алдына шығып қадір даналарды көріп бір сөз дейді.

—Жәду көз, қырмызы леблері,
Келің, жанлар, көріселі.
Көрдім ғажап білері,
Мен Бозұғлан ұланы,
Келің, жанлар, көріселі.
Көрдім ғажап махбұблары,
Күлғасылдың мұнислары,
Келің, жанлар, көріселі.
Шырағым, көрмей сізлерді,
Таныр мекен бізлерді.
Біздің жардың канизалары,
Келің, жанлар, көріселі.
Той тойлаған қыз-келіндер,
Пірі шаһра, залфы хасанлар,
Мин нұр назнинлар,
Келің, жанлар, көріселі.
Есітіңлер фариядымды,
Құда бергей мұрадымды.
Бек Жүсіп дер атымды,
Келің, жанлар, көріселі.

Әл-ғарыз, кәнизаклар Жүсіпбек билән Ахметбекті үзеңгісіне көздерін сүртіп, Күлғасылдың қасына алып келділер. Күлғасылдың көзі көр болып, Жүсіпбектің һижарында жылап ерді. Мағафадан шықпады. Жүсіпбек мағафаға қарап, бір сөз дейді. Күлғасыл жауап берді.

—Сенсің менің опадарым,
Келің, айым, көріселі.
Жеті жыл болды зындандамын,
Аттан түсің, көріселі.
Қияметтік хорынмен,
Аттан түсің, көріселі.
Қызыл гүлдерің сағатты,
Байға харидар таптың ба,
Білмей біздің ұмыттың ба,
Келің, айым, көріселі.
Жеті жыл дүр қан жыладым,
Бауырымды отқа дағладым.
Мақсұтқа жетер ұқсадым,
Аттан түсіп көріселі.
Дұшманға түсіп бәнда,
Жеті жыл болдым зынданда.
Мұнда келдім сол заманда,
Келің, айым, көріселі.
Ерғали қатты аламат,
Басыма түсті қиямат
Дұшман қылар мәламат,
Аттан түсің, көріселі.
Шықпасам зындан астынан,
Құтылып дұшман дастынан,
Уағда сол дүр ат үстінен,
Келің, айым, көріселі.
Келің асылдың кәнізі,
Жүзіңе ынтызар олды,
Екі көзім ғабар олды,
Аттан түсің көріселі.

Әл-ғарыз, мағафадан Күлғасыл айым шығып, Жүсіпбектің қасына келді. Жүсіп бәрін бұ халде көріп, бейһүш болып Ахметбек һәм жарды жоқтап бір әфсана оқығаны бұ дүр:

—Мен келдім Машал шаһарынан,
Қандай болар жарым менің.
Қан жылар ем жар һажарынан,
Жетпес аһ зарым менің.
Бұлбұл кәбі наладамын,
Дағ қасіретте армандамын.
Әзалдан күйген бендемын,
Кетті намыс ғарым менің.
Фәлак пәст жеті иқбалым,
Тараж олды мүлік, малым.
Айрылу дүр менің ісім,
Құда болды жарым менің.
Жарымға жетпес налашым,
Жыламақ дүр менің ісім.
Ахметбек жылар аһ ұрып,
Сынды қанатым қайрылып.
Қасіретте қалдым айрылып,
Келің, Хадиша, жарым менің.

Әл-ғарыз, Ахметбек һәм бейһүш болып аттан жығылып қалды. Емді Қарлығаш айым һәм тойға келер ерді. Банагаһ үш адам бейһүш жатар. Бірі Күлғасыл және бірінің жүзін ашып көрсе, Жүсіпбектің оң қабағында нахұттай қалы бар ерді. Басынан айланып берді. Лағыл хан айымның көзі көр болып жатыр. Қарлығаш жазып ғазал оқығаны бұ дүр:

—Наз қылғыл бір Құдаға,
Ғарыз арманың келді,
Бенде болып Машал кеткен,
Қатерлі керуенің келді.
Жүзлері жанат гүлшаны,
Хасте жаның жошыны,
Екі көзіңнің раушаны,
Бұ чешманың жайың келді.
Жеті жылдар шаһта жатқан,
Көзде жасыңды еткен.
Жақып кәбі қан жылатқан,
Жүсіп кағбаң келді.
Құдайым болды мейірбан,
Жарылқады Ізім сұбхан.
Жеті жыл болдың арман,
Дәрдіңе дәрменің келді.
Анажан, кетер каһашың,
Бейһүште төкпе көз жасың,
Қарлығаш дер көтер басың,
Жүсіпбек билән Ахмет келді.

Тағы оқыңыз