Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (20-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
—Язидлерден зұлым көрген,
Кербалада шаһид болған,
Фатимаға дағлар болған,
Хасен, Хұсейін гүлдер еді.
—Ғұмар едүр болдым кәбаб,
Бергіл, балам, маған жауап,
Медет берген кімдер еді
Тез күн тұтып мұнан жөнеп?
—Жүсіпбек дер көрдім ғажап,
Үкіре тұр ілім адаб,
Әлу Қожа, шейх Шәріп,
Палуан ата пірлер еді.
Әл-ғарыз, баба Ғұмар:—Көргенің раст екен,—деп,—үш гүл бергендер үш күннен соң азат болып кетерсің. Ел-халқыңды көрерсің. Арқаңа үш пәнжа ұрғаны—қайтып келіп Көзалшаһтың тахтын алып, мына зынданнан шығарып аларсың. Сахиб қыран болып мұрадыңа жетерсің.
Жүсіпбектің уақыты қош болып құлдық қылды. Әл-ғарыз, үш күн арадан өтті. Көзалшаһ Хамза мерсүбке айтты:—Әй, мерсүб, Жүсіпбек бірле Ахметбектің сүйеклері хак болып кетті ме? Хамза мерсүб айтты:—Әй, Көзалшаһ, Жүсіпбек сазанда һәм сахир дүр екен. Нешік құстар өтсе хабар алмай кетпей дүр. Сиқыркер ма, иә жәдіугер ме дейді. Дар ғадаб болып жүз бұзушы мұхасылын беріп:—Баба Ғұмарды қойып, Жүсіпбек билән Ахметбекті алып келгіл. Лат-Манатқа сәжде қылса, мейірбандық қылайын дейді. Әгар өз дінінен қайтпаса, Жүсіпбекті мұнарадан тастап, Ахметбекті дарға асайын дейді. Төрт жүз мұхасылды көріп, көңлі бұзылып, Баба Ғұмар билән уағдаласып, дүниеден үміт үзіп, бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Пана қылған Қадір Хақ,
Ажал бізге мұғаллақ дүр.
Ажал елге жапам тұты,
Бабам Ғұмар, қош қал емді.
Құда қосқан бас һамраһым,
Һәм дамым пешт панаһым,
Қайтып сізді көрмек жоқ дүр,
Баба Ғұмар, қош қал емді.
Һешкімге жетпес дүр зарым,
Қалмады сабыр-қарарым,
Қолымнан кетті ыхтиярым,
Кағбам Ғұмар қош қал енді.
Жүсіпбек дер есіт, Баба,
Ғұмырым болды бүгін ада,
Ғаріптікте жетті қаза,
Бабам Ғұмар, қош қал енді.
Әл-ғарыз, шунке Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, дұшпандарды көріп, көңлі бұзылып, мойнынан құшақтап, Баба Ғұмар бір әфсана оқығаны бұ дүр мінәжат қылып:
—Кел, кел жігерім, қанатым жыласалы,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Жүсіп, Ахмет, сенсің менің перзентім,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Шығарып зынданнан сені алсалар,
Шартараптан қанжар салсалар,
Тәнімді мың пара қылсалар,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Жисмым, жаным сеңа пида қылмасам,
Сіздер үшін бұ жанымды бермесем,
Не қасірет дүр сіздерді мен көрмесем,
Бүгін маған ақырзаман болып дүр.
Болды бүгін сізге бойле ғаламат,
Құдайым сақтасын бүгін саламат,
Не мехнат дүр, не кулфат, не зұлмат,
Бүгін маған ақыр заман болып дүр.
Ғұмар айтар сіздің үшін өлсем,
Арман қанатымнан айрылсам,
Қан жылармын сіздерді көрмесем,
Бүгін маған ақырзаман болып дүр.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмар билән уәделесіп, һәр нешік тағдырға тәнін қойып, бәлаға сабыр, қазаға разы болыппыз деп белге арғамшы байлап дұшпандар тартып алды. Жүсіпбек айтты:—Әй, дұшпандар, бізді неше нема қыладүр? Жаллаттар айтты:—Сені мұнарадан тастап, Ахметбекті дарға асармыз,—дейді. Жүсіпбек бұ сөзді естіп:—Уа, дариға, атам, анам, уа қарындасым, уа Күлғасыл, уа Ерғали хан, уа Әшірбек сардарым, уа қырық жігіт билән қосылып дәурен сүреалман өттім,—деп, Жүсіпбек Баба Ғұмарға қарап бір әфсана оқығаны бұ дүр: