Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (29-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Құба фәлак әуел салды каһашы,
Жеті жылдар шаһ ішінде жай тұтып,
Арман билән бенде болдым язитке,
Кеше-күндіз фаған бірле аһ тұтып.
Арман билән бенде болдым жапаға,
Дию дишуа болып бәлелерден бәлеге,
Сым сахар қан жылар ем Құдаға,
Зат пәкті өзіме пана тұтып,
Хасен-Хұсейін он екі имам,
Аларны жолыға бағлар ем ахрам.

Ақ сақалдар түрлі тартулар билән Жүсіп ханды көре келді. Жүсіп хан Үргеніштен жеті мың ләшкер алып жүрмекші болып ерді. Үш жүз алпыс жасауылды өзбек дастанның беклеріне беріп жіберді. Жүсіп хан нама жазып бір ғазал оқыды:

—Бізден сәлем беріп айтың,
Ғадатлі сұлтан келсін.
Жасауылдар алып қайтың,
Сусар арыстан келсін.
Қарындастар көңіл шады,
Асыл зат тұр әулады,
Жұлдыз бабам зүрияты,
Жүніс сұлтан атам келсін.
Неше алуан соғыс білген,
Ұстаздардан тағлым алған,
Көрұғлыны көріп қалған
Сапа ұғлы Шаған келсін.
Сырдың жері дүр мекені,
Есте тұрмас заманы,
Күллі қазақтың сұлтаны—
Бүркіт сұлтан әкам келсін.
Бәрі бір жерге қош болып,
Хұрыш қылсынлар нұш болып,
Тәж түркменге бас болып,
Текебегі заман келсін.
Мәрд болмас дүр һәр бұл хошы,
Мехнаты қылар ғайшы.
Меңа фият жүкнекеш,
Мәжілістен бір туған келер,
Һеш қалмасын күллі сарай.
Қоңыр ат бүркіт бұдай,
Баһранмай қыпшақ бұдай,
Қышлағы бір отан келсін.
Хабар берсе бір күн менен,
Ләшкер келер Рұм шаһарынан,
Ғаріп бірле ғанымнан,
Он екі намдар палуан келсін.
Дін жолын аша-аша,
Назал алсын көше-көше,
Һеш қалмасын молда-қожа,
Шам хакімі қалмай келсін.
Жазылды шаһлығ дафтары,
Басымда дәулет ахтары.
Дүниені тұтып ләшкері,
Отыз бірлік оған келсін.
Бір дам Рұм, Бағдад, Франкстан,
Болжан Ғирақстан,
Тоқсан екі Өзбекстан,
Бір назары накиһан келсін.
Найзасы келген білеулі,
Жау күні ағры алуалы,
Шаһлығы жарасар шәукаты,
Жүсіпбек бірі мұрада,
Медет берсе Шерияздан,
Сапа өсткен мәрд майдан,
Сиясатлы беклер келсін.

Әл-ғарыз, Жүсіпбек хан жасауылдарын Құдай үшін жөнетіп жіберді. Атасының қызметіне барды. «Жауап бергіл, дұшмандардан қысасымны алармын»,—дейді. Атасы рұқсат берді және анасының қызметіне барды. Лағыл хан айым айтты:—Әй, балам, жеті жыл бенде болып, сегіз жыл дегенде енді адам санына қосылдың. Сол дәулет болмай ма, бармағыл,—дейді. Жүсіп хан айтты:—Баба Ғұмар деген бабам бар ерді. Жеті жыл зынданда бізлер билән һамра ерді. Халы нешік болды. Бармасам болмас,—дейді. Лағылхан жауап бермек үшін бір сөз дейді:

Әл-ғарыз, Жүсіпбек хан анасынан дұға алып, ләшкерге қосылып жөнеп берді. Жеті күн дегенде Асқар тауына барды. Екі жүз дәриясы бар ерді. Һәр дариясы бір бұлақ ерді. Һәммесі қосылып Көркен деген дария болып кетер ерді. Һәр дариясын көріп, Жүсіпбек хан ошал дарияның жағасына қонды. Ошал кеш таң атты. Таһарат таза қылып, намаз оқыды. Андан соң жөнелмекші болып ерді. Бір азим кард пайда болды. Әшірбек сардарын жіберді. Барып көрсе, Текебектің заманы жеті мың ләшкер билән түрікменнің уақыты хош болып, Көркен деген дарияға қарап бір сөз дейді:

Тағы оқыңыз