Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (37-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Жеке қалып шектің рәнжі мехнатқа,
Мағзұр тұтың бабам бірле шықпадым.
Бенде болмақ сізге азалы қысмет,
Бір арманым пірім бірге шықпадым.

Неше жыл дүр қалдың, Баба, зынданда,
Һәркез шат олмадым үшбу жаһанда.
Біздер үшін қалдың қайғы арманда,
Қыблаға һәм шаһтан бірге шықпадым.

Неше уақыттар сіздің билән бір едім,
Кеше-күндіз сол зынданда жар едім.
Бір көргелі мен жүзіңе зар едім,
Мейірбаным, шаһтан бірге шықпадым.

Өзбектің бәріне серік салыппын,
Адам жығып ұлық ләшкер қылыппын.
Хорезмнен сізді іздеп келіппін,
Қыдырданым, шаһтан бірге шықпадым.

Бек Жүсіпті қойма махшар күніне,
Мен қосылай адамдардың санына.
Бір нәмәрттік қылдым сенің шәніңе,
Сенің бірлән шаһтан бірге шықпадым.

Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді есіткеш Баба Ғұмар неше жерден тимсал келтіріп бір сөз дейді:

—Есіт емді, Жүсіп сұлтаным,
Бұ қысметтер әзалдан дүр.
Есітке топ йазан, Жүсіп сұлтаным,
Ғаламаттар әзалдан дүр.
Шын-Машынан Мысырға келдім,
Көзалшаһтың түсін жорыдым.
Шаһ ішінде азап көрдім,
Ғадауатлар әзалдан дүр.
Қан жыладым кеше-күндіз,
Шегіп һәр дам аһы діл сөз.
Сіздер кеттің қалдым жалғыз,
Бұ қысметтер әзалдан дүр.
Дәйім шектім дерт әлім,
Шаһ ішінде көрдім сәтім.
Жүсіп, Ахмет жаным балам,
Хұсуматлар әзалдан дүр.
Он бес жыл болдым ынтызарым,
Таттым зынданның заһарын әзалдан дүр.
Қолымнан кетті ықтиярым,
Бұ мехнаттар әзалдан дүр.
Әуел шектім жәбір-жапа,
Ақыр көрдім мейір-опа.
Сүрдім зауық сапа,
Сол қасіреттер әзалдан дүр,
Хақ жадыны зікір қылғыл ақырет пікір,
Айтар Ғұмар шүкір қылғыл
Бұ дәулет әзалдан дүр.

Әл-ғарыз, Баба Ғұмардың қасына Жүсіпбек келіп айтты:—Өзіңізді елші қылып жіберермін. Баба Ғұмар барып Мысыр шаһарына кіріп, Көзалшаһтың қасына барды. Көзалшаһ айтты:—Әй, пірім, Жүсіпбектің ләшкерін баян қылғыл, не шақлы?—дейді. Баба Ғұмар Көзалшаһқа қарап хош уақытты болып тағриф қылып бір сөз дейді:

—Ләшкер келіп Көзалшаһым үстіңе,
Отыз бірлік парсы оған келіп дүр.
Шатыр тігіп қалмай бәланд пәстіңе,
Ханым сұлтан Жүніс келіп дүр.
Жігіттері бар дүр сатыр телпеклі,
Қарағалы найзалы жолын төпеклі,
Майданында арыслан жүректі,
Ғадаб бірлән Бүркіт сұлтан келіп дүр.
Айхан, Күнтуған бәрі келіп дүр,
Нәдір сұлтан Әли ханға дос болып дүр.
Емді саған һәркез бермеслер арман,
Шаһардың үстін алып дүр тұман.
Көрұғлыны көріп қалған бегіман,
Шаған ұғлы Сапабек палуан келіп дүр.
Жазайыл оқтап мың топ атарлар,
Исфаһаннан Бозұғлан келіп дүр.
Жігіттері гүлзар не шақлы,
Теке бегі сахып қыран келіп дүр.
Үш жүз алпыс пірді айлап зиярат,
Асардың тауында казан қылып дүр.
Майдан ішре теблі шенің ұрмаққа,
Қазына бөлістіріп бармаққа,
Қырып-жойып соғыс қылмаққа,
Мұнда мәрді Шаһмардан келіп дүр.
Хақ һәр дам секенлі садақлар атқан,
Һәр бір оқ атқан дағлардан батқан,
Ауазасы тахтыдан фәлакқа кеткен,
Әли хаматлы беклері келіп дүр.
Басында дулыға диуарлар нышанлы,
Садақ киерлі түрікменді,
Кімсе қыбла діллә қылғаны,
Бұлттай күркіреп шерлер келіп дүр.
Майданда ат қашып сұрар,
Мұнда мәрд Шаһимардан келіп дүр.
Ғұмар етер ғадаб бірлән тұтарлар,
Лат-Манатыңды ойран етерлер,
Әйелдерің, ұғлың елтіп сатарлар,
Тоқсан екі баулы өзбекстан келіп дүр.

Бозұғлан

Барлығы: 66 жыр

Тағы оқыңыз