Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (34-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Көзалшаһ айтты:—Әй, пірім, һеш ылаж бар ма?— дейді. Ерсе Баба Ғұмар айтты:—Әй, дұшман, сен бектерді хұсумат қылғанда бір қыз көп жақсылық қылған ерді. Ошал қызды қырық қызға бас қылып елші қылып жіберсең бір хабар болғай ерді,—дейді. Көзалшаһ сұрады:—Ол қыз кім?—деп. Баба Ғұмар Қаракөзді баяны бұ дүр:
—Жұртыңда бар дүр бір Көзалшаһ нар,
Бұ арызыңды ошал рағна тигірер.
Алардың қызметін қылған кісі бар,
Има билән шипа тигірер.
Елші қылып жібер Жүсіп ханға,
Хүкімет қылай ошал арысланы.
Тоғыз құрған ошал мәрд майданы,
Ишаратты ошал рағна тигірер.
Жеті жыл айладың сен аны зындан,
Шаһ ішінде айлар дінің пінһан.
Он төрт жасар болсын бірдей,
Қызмет қылған ошал жаннан тигірер.
Қырық мағафа түзеп зерен жасаған,
Һәммелері болсын хафиз хош хан.
Лебі мейкін, тіслері дүр уа маржан,
Шырын-шырын сахын бәле тигірер.
Баба Ғұмар етер Жүсіпке тигерсе дады,
Дегейсіз назым Хамза еді.
Хамза мерсүб қызы Қаракөз аты,
Һәмменің арызыңды барша тигірер.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп айтты:— Әй, Хамза мерсүб, қызды алып кел. Барып қызды алып келді. Көзалшаһқа Қаракөз келді. Көзалшаһ қырық қызға бас қылып Қаракөзге қарап бір сөз дейді:
—Латымыздан дүнмәкіл жаным,
Өзіңді һәм сүрсе бергіл жан.
Латың бірле Манаттан дүнмәкіл,
Қызметіңе бердім қырық нөкер.
Мейкүн дүр тілдері шүкір,
Һәркім өз дінінен қайтсе жаман дүр.
Ғасылық қылма гүл жүзім,
Қабыл қылғыл дүние майын айтса.
Беремін мәлік айтса біріңіз,
Қасты қағып жүздерін,
Ниқабын көтеріп каһназ.
Сөйлегей хош ауаз билән,
Бойыңа пида болсын бұ жаным.
Арыз халын айтып кетем демеслер,
Қызметке жіберділер қыздарын.
Бұлар билән бірге қосып біздерді,
Арыз сол дүр демеслер.
Сізге Қаракөздің сөзлері,
Қандар жылап сізге сәлем демеслер.
Қаракөз дүр көздерін сәруары,
Мысырдың жұртының малы алынар.
Бағда қылып жіберділер біздерді,
Шырын жанын құрбан демеслер.
Бүгілген һәм гөзалдардың қуанышы,
Бойыңа жарасар киген либасы.
Қаракөздің көп сізге ықыласы,
Ағам берсін бізге инғам демеслер.
Талан етпең шаһар Мысыр еліні,
Бенде айламаң жан жавоны.
Өсиетім жандар айтар арыз,
Қаракөз сізге сәлем демеслер.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек бұ сөзді есіткеш еді.—Қаракөздің өзі келсін. Қаракөз бірле басқа сөзім бар. Сізлерге мен жауап бере алмаспын,—дейді. Алар барып Қаракөздің өзі келсін деп айтты. Андан соң Қаракөз мағафаға мініп қырық қыз билән барып Жүсіпбектің ләшкерін аралап барар ерді. Жүсіпбек жасауыл қойып, адамдарын көше қылып келіп қондырды. Бір шатырны босатып кіргізді. Жүсіпбек Қаракөзді көргелі келді. Жүзінен ниқабын көтеріп келді. Жүзінен ниқабын көтеріп, тағзым қылып қарап тұрды. Жүсіпбек Қаракөз айымды көргеш бенде болып жатқандары, Қаракөздің ас, нан бергендері жадыға түсіп, көңлі бұзылып, қызметкерді баян қылып, Қаракөзге қарап Жүсіпбек бір сөз дейді:
—Бенделікте сұрап менің қасыма,
Бенделерден хабар алған, Қаракөз
Не саудалар түсті менің басыма,
Шаһ ішінде хабар алған, Қаракөз.
Залыфларыңа дана гауһарлар таққан,
Ишарат айлап қасыңды қаққан.
Жеті жыл тынбайын біздерді баққан,
Баршамызға себеп болған, Қаракөз.