Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (27-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Лағылхан айым әйелмен жылай берді. Сол халде Әшірбек сардар һәм көзі көр болып, дұшпанға қор болып, топырақ жастанып жатып атырды. Лағыл хан аһ тартып бір сөз дейді мінәжат.
—Ізін көзіме зар олдым,
Танырмысың, балам, мені.
Жолыңда ынтызар олдым,
Табармын ба, балам, сені.
Қасіретте қалдым аһ ұрып,
Көзім һәр кімге телміріп,
Көрсем жаһанды ақтарып,
Табармын ба, балам, сені.
Бұлбұлдай налан айласам,
Мансұрдай дарда ойнасам,
Жер жастай жыласам,
Табармын ба, балам, сені.
Тірік айласам масуаны,
Дәрдім қабылсам дәріні,
Ақтарсам үшбу дүнияны,
Көрермін бе, балам, сені.
Лағылхан дер қапсам дәрдіні,
Ақтарып көрсем үшбу дүнияны.
Аһ ұрып махшарды бозым,
Табармын ба, балам, сені.
Әл-ғарыз, Лағылхан айымның бұ налашын естіп Әшірбек сардар келіп барып көрерміз деп ерді. Қарлығаш бұларды жетелеп жөнеп, Жүсіпбек һошиар болып олтырып ерді. Жүсіпбек бұларды көріп бір сөз дейді бұ дүр:
—Бауырым болды пара-пара,
Қасірет билән кеше залым айрылу,
Шектім дәрд фарағ,
Жүрегіме түсіп дерт қандар,
Жер қатты, асманы жұрағат,
Залым айрылу табалмас жолыны,
Аңламас сағ-сауалны,
Көріп жеталмас халыны,
Залым айрылу.
Бек Жүсіп жылар сол заманды,
Айрылу залым жүрсе табалмас жолыны,
Айрылысу өлімнен жаман,
Залым айрылу.
Әл-ғарыз, Лағылхан Айым Жүсіпбекті ауазын естіп уақыты хош болып бір әбият оқығандары:
—Жеті жыл дүр айра түскен,
Дәрдіме дәрменімбісің,
Дәрд мехнат сатышқан,
Қатерлі керуенбісің?
Шықты бақытымның ахтары,
Жазылды шаһтық дәптері,
Елі-халқымның сәруары,
Рүстем дастанымбысың?
Жүсіп шамсым талғатым,
Мұрадым белде қуатым,
Басымда тәжім, дәулетім,
Зинат дәуренімбісің?
Һажарында көрдім налашын,
Ақыр көрдім кісиясы,
Тәнде жаным асиясы,
Жанат рауанымбысың?
Ұғлыны тапты Лағылхан,
Майсар айлады рахман,
Көңлімде қалмады арман,
Жүсіп, Ахмет жанымбысың?!
Әл-ғарыз, Жүсіпбек анасына зынданда жеті жыл жатып, хар зар болып ақыр шілтендерден башарат тауып, азат болғандарын баян қылып бір ғазал оқығаны:
—Арызым есіт, кағбам анам,
Менмендіктен зауал таптым.
Бенде болып қандар жылап,
Бұ кемдіктен камал таптым.
Арманы билән бенде болып,
Айрылысу дәрдін салып,
Жеті жылдар шаһта қалып,
Бұ жаныма ашыр таптым.
Қолым бағлы түсіп бәнда,
Шаһ ішінде жатып занда.
Аяғыма түсіп күнда,
Жүз мың зарар таптым сонда.
Жүз бәлеге ұшыратып,
Нәсімдей қанға боялдым,
Дұшпан сөзіне инандым,
Ниһаятсыз мадар таптым.
Ұшырадым накаһ залымға,
Һәркім жылар ахуалыма.
Егем рахым әйлап халыма,
Еренлерден назар таптым.
Бек Жүсіп дер түсіп занда,
Жеті жылда келдім мұнда.
Шілтендерден шаһ ішінде
Қайта бастан камал таптым.
Әл-ғарыз, Лағылхан айым басына түскен күндерін айтып бір ғазал оқыды:
—Ел ішінде ғаріп болды,
Балам, сенен айрылғалы.
Хазан болды бақ гүлшанда,
Көздерімнен кетті раушан.
Дұшпандар маған болды жапа,
Балам, сенен айрылғалы.
Қалмады һәркез мадарым,
Сенсің мені қамқорым.
Қолымнан кетті ықтиярым,
Балам, сенен айрылғалы.
Дұшпан да бізге қылды қасд,
Бәланд тауларым пәст болды,
Көрер көзім көрмес болды,
Балам, сенен айрылғалы.
Лағылхан айым дер болдым харап,
Ерендерін қылсам тауап.
Күйіп бауырым болды кебап,
Балам, сенен айрылғалы.