Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (10-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

Әл-ғарыз, бұл ұрысқа Жүсіпбек билән Ахметбектің атын айырып алып қалды. Бұлар жөнелділер. Банагаһ отыз мың дұшпан бірден ат қойып, Әшірбекті ортаға алып шанши берділер. Қырқы көріп, «Алла» деп ат қойдылар. Жүсіпбек билән Ахметбек қала берді. Әшірбек сардарын алып шықты. Әшірбек бейһүш болып қалды. Жігіттердің белі босап қалды. Жүсіпбек жігіттерге айттылар; ата-анасын, қарындасы, күллі құрбықұрдасы жадыға түсіп жігіттерге уәделесіп, өлім жадыға түсіп тұрғанда бұ әфсана оқығаны:

—Сүйеклік һәм дамым бектер,
Біздің шөжектерге сәлем деңдер.
Зинһар біздің елдерге, Ерғали сұлтан атама,
Арызым зинһар айтыңдар біздің пінһан дердімді.
Әшірбекке тапсырыңдар жұртымды,
Сәлем деңдер қыблаға һәм атама,
Менмендіктен қалдым мұндай бәлеге,
Сұм язидтер мені салды ызаға.
Менің үшін қан жылаған атама,
Сәлем деңдер зинһар кағбам анама.
Лале күн болып дүр көзде бұл жасым,
Ғаріптікте Ахмет болды жолдасым.
Бір анадан сүт еміскен қарындасым,
Сәлем деңдер зинһар нашар сіңліме.
Менің фирақымнан өртеніп күйген,
Жүздерді жыртып, шашын жайған,
Үміт бірлән жастыққа бас қойған,
Сәлем деңдер Күлғасылжан жаныма.
Алар кезер анда ғайыш-ғишратта,
Бенде болып мен қалмасам қасіретте,
Бұ халымды зинһар айтың әлбетте,
Сәлем деңдер уәделескен бектерге.
Бәрі жұртым сүрсе Жүсіп өлді дең,
Өліктері ара жолда қалды дең,
Денесін құзғын-қарға жеді дең,
Сәлем деңдер зинһар намдар бектерге.

Әл-ғарыз, жігіттер қайтып Үргеніш жұртына жөнеліп берділер. Дұшпан Жүсіпбек бірле Ахметбекті алдыға салып жөней берді. Енді сөзді Жүсіпбектің жары Күлғасылдан есітің. Келер мүддеті болды деп ақ тон тігіп, тағам пісіріп ерді. Күндерде бір күн төсектің үстінен жығылып кетті. Аһ тартып оянғанда жүрегіне от түсіп, Жүсіпбекті жоқтап бір әбият оқығаны бұ дүр:

—Хабар кімнен сұрайын, келмеді жарым нелайын,
Айрылмыш басым бұ ғамнан, келмеді жарым.
Бектерім билән ауға кетті келер мүддеті,
Мекер бізден дәулет қайтты, келмеді жарым нелайын.
Менің ісім зар болды, гүлстаным қара болды,
Жақсы жаһан қара болды, келмеді жарым нелайын.
Құдаяна қылдым, биік жерден жығылдым,
Айрылысу отта қалдым, келмеді жарым нелайын.
Өзімді жолға шақтармын, һәр кімседен сұрармын,
Күлғасыл дер қан жылармын, келмеді жарым нелайын.

Әл-ғарыз, бірнеше күн арадан өтті. Бір топ атты пайда болды. Күлғасыл айым үш жүз алпыс кәнизактар билән мастана олып үйден шығып көрсе, Жүсіпбекті, Ахметбекті аттарына шарша қылып келер ерді. Банагаһ Күлғасыл бір әфсана оқығаны бұ дүр:

—Жылаңыздар, қиямет болғанға ұқсайды,
Қызыл гүл солғанға ұқсайды,
Шаш жайып егем қалғанға ұқсайды,
Бұл бәле нешік бәле дүр?
Шапқан аяғы жара дүр,
Мінген аты бос келе дүр,
Бектерім қалғанға ұқсайды.
Құтылманым ғамнан тасып,
Кімге жылай сенім ашып,
Аттары келер бос,
Шаһзадам қалғанға ұқсайды.
Тахатым бұ сағат, бұ заман,
Айрылудан аман бүгін болды ақыр заман,
Бектерім қалғанға ұқсайды.
Һәр кімсеге ажал жетсе дам, аларға қоймас мажал,
Қан жылағыл, әй, Күлғасыл,
Жүсіпбек өлгенге ұқсайды.

Тағы оқыңыз