Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (28-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Жүсіпбекке Баба Ғұмар хазірет Шаһмарданның дүлдүлдерінің ізін топырақтан беріп тұрып ерді. Жадыға түсіп кісесінен шығарып берді. Лағылхан зиярат қылды. Әшірбек һәм Күлғасыл һәм зиярат қылды. Көздері ашылды. Мұрадына жетті. Ахметбек жарын ойлап бір мұхаммас оқыды:
—Жеті жылдар шаһ ішінде зар қайран болмасым,
Күйігі бір тау едім жер бірле жексен болмасым.
Сұм фәлактың зұлымдан мен дейді гөриян болмасым,
Әула жастық шақта зынданда болмасым,
Сол себептен нелайын мен хана ойран болмасым.
Үшбу саудалар билән мәтім қылды фәлак,
Хасте жанымды жүз мың жапа қылды фәлак.
Қасірет арман билән жүз мың жапа қылды фәлак,
Ел ішінде нелайын сахиб аза қылды фәлак,
Мен ке бақыты қарамын хана ойран болмасым.
Айрылып мен ділбардан ғаріп мажра,
Тиғ һажран салды көксіме мажра,
Сол себептен нелайын мен хана ойран болмасым.
Әула шунке анадан тумағаймын кешегі,
Үшбу қасіреттен жиһаны келмегемін кешегі,
Бұл қиямет күндерін көрмегей едім кешегі,
Өртеніп һажран отына күймегеймін кешегі,
Менің бір бақыты қарамын хана ойран болмасым.
Ахмет дер нелайын мен мүбтала болдым бүгін,
Ділбарымнан айрылып сахиб аза болдым бүгін,
Ақыл хошым ықтиярымнан жада болдым бүгін,
Үшбу дүниеде ғаріп бенде болдым бүгін,
Сол себептен нелайын хана ойран болмасым.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардар Ахметбекке айтты:—Әй, төрем, жүргіл, Нәдірбектің тойына баралық,—деп жөнеліп берді. Нәдірбек тойын тарқатып Күлхадишаға қазы хұтба оқыды. Күлхадиша өкіл бермеді. «Та тірікмен қабыл қылмаспын»,— дейді. Қыз-келіндер ортаға алып «өкілді бергіл» дейді. «Ахметбек өлген болса, өлік арыстаннан тірік тышқан жақсы» дейді. Уа Күлхадиша қабыл қылмады, қыздар азар берді.—Сенің бақытың ашылмас, өліктен ашыналық талап қылмағыл,—дейді. Күлхадиша бір дадайын жүзін ашып бір әфсана оқыды:
—Әй, жарандар, мажарам тұтып жылар ем,
Арман билән мен төремнен айрылдым.
Бұ жанымды һажар отына дағлар ем,
Рахым етуші қамқорымнан айрылдым.
Емді менің шырын жаным керекмес,
Көңіл шады бүгін маған жарамас.
Ахметбек ханнан басқа керекмес,
Жүрек жағы медетімнен айрылдым.
Бұ жүргеннен ажал жетсе ризамын,
Жұрт егесі қамқорымнан айрылдым.
Сегіз жыл дүр шектім дерт һажранлар,
Жас орнына ағар көзімнен қандар.
Қарағымнан ада болдым жарандар,
Мен нелайын, Ахметбектен айрылдым.
Гүлхадиша қан жылар дад айтып,
Ләледейін жақсыны шәк етіп.
Та өлгенше Ахмет ханды жад етіп,
Арман билән мен төремнен айрылдым.
Әл-ғарыз, Гүлхадишаның налашын Құдай Тағала қабыл қылды. Әшірбек сардар жетіп келді. Тойханаларды үстіне даф қылып, жеті адамды шауып, катафты түсірді. Халықтар тұстұсқа қашып кетті. Әшірбек сардар Нәдірбектің, Әлу қожаның насихаттары жадыға түсіп, бұларды қоя берділер. Гүлхадишаны Ахметбектің өзіне неках оқып берді. Бұл той екеуінің атына қалып, мұрадына жетілер. Әл-ғарыз, Жүсіпбек Ерғали ханның өзін сұрап, Әшірбек сардар айтты:—Әй, төрем, сіздер бенде болып кеткен соң, хұсусан сізлер өлді деп зынданға барды. Жатар халыққа көрінбей жылап тұрар,—дейді. Жүсіпбекті бастап барды. Зынданға барып сәлем берді. Білмей мені таныған кімсің деп, Жүсіпбек бір әфсана оқыды: